Абай облысы мәслихаты ШЕШТІ:
1. Абай облысы мәслихатының 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 2/16-VIIІ "Абай облысы бойынша ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерінен халыққа берілген ауызсудың бір текше метрі үшін төлемақы мөлшерін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 50-18 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Абай облысы мәслихатының төрағасы | К. Сулейменов |
Абай облысы мәслихаттың 2024 жылғы 15 қарашадағы № 21/147-VIIІ шешімнің қосымшасы Абай облысы мәслихаттың 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 2/16-VIIІ шешімімен бекітілген |
Абай облысы бойынша ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерінен халыққа берілген ауызсудың бір текше метрі үшін төлемақы мөлшері
№ | Қызметтерді тұтынушылардың атауы | Төлем мөлшері, теңге/м3 |
1. | Ауызсуды есепке алу аспаптары бар тұтынушылар үшін | 85 |
2. | Ауызсуды есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін | 100 |