Абай облысы мәслихатының 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 2/16-VIIІ "Абай облысы бойынша ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерінен халыққа берілген ауызсудың бір текше метрі үшін төлемақы мөлшерін бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Абай облысы мәслихатының 2024 жылғы 15 қарашадағы № 21/147-VIII шешімі

      Абай облысы мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Абай облысы мәслихатының 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 2/16-VIIІ "Абай облысы бойынша ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерінен халыққа берілген ауызсудың бір текше метрі үшін төлемақы мөлшерін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 50-18 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.     

      Абай облысы мәслихатының төрағасы К. Сулейменов

  Абай облысы мәслихаттың
2024 жылғы 15 қарашадағы
№ 21/147-VIIІ шешімнің
қосымшасы
Абай облысы мәслихаттың
2023 жылғы 20 сәуірдегі
№ 2/16-VIIІ шешімімен
бекітілген

Абай облысы бойынша ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерінен халыққа берілген ауызсудың бір текше метрі үшін төлемақы мөлшері

Қызметтерді тұтынушылардың атауы

Төлем мөлшері, теңге/м3

1.

Ауызсуды есепке алу аспаптары бар тұтынушылар үшін

85

2.

Ауызсуды есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін

100


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады