Ескерту. Күші жойылды - Абай облысы Жарма ауданы әкімінің 20.03.2024 № 8 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін –өзі басқару туралы" Заңының 33-бабының 1-тармағының 13)-тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Азаматтық қорғау туралы" Заңының 48 бабына және 50-бабы 2-тармағының 2)-тармақшасына, Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар министрінің 2023 жылғы 10 мамырдағы №240 "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" бұйрығына, Шуақ аулының орталықтандырылған жылу қазандығындағы апат және тұрғындардың тұрмыстық жағдайының бұзылуы салдарынан, Жарма аудандық төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссия отырысының 2024 жылғы 21 ақпандағы № 3 хаттамасы негізінде ШЕШТІМ:
1. Жарма ауданы Шуақ ауылында жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
2. Төтенше жағдайларды жою басшысы болып аудан әкімінің орынбасары Б. Е. Самежанов тағайындалсын.
3. Осы шешімнің күші 2024 жылғы 21 ақпанынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды аудан әкімінің орынбасары Б. Е. Самежановқа жүктелсін.
5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Жарма ауданының әкімі | Ж. Байсабыров |