Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 7 бабы 5 тармағына сәйкес, Үржар аудандық мәслихаты ШЕШТІ :
1. Үржар аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші қосымшаға сәйкес жойылсын (қоса берілген).
2. Осы шешім қабылданған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Үржар аудандық мәслихатының төрағасы | А. Омаров |
Үржар аудандық мәслихатының 2024 жылғы 4 наурыздағы №12-238/VIII шешіміне қосымша |
Үржар аудандық мәслихатының күші жойылған шешімдерінің тізімі
1. Үржар аудандық мәслихатының 2022 жылғы 5 қазандағы № 18-303/VII "VII-шақырылған Үржар аудандық мәслихатының Регламентін бекіту туралы" шешімі.
2. Үржар аудандық мәслихатының 2015 жылғы 6 ақпандағы № 30-347/V "Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданының әкімшілік аумақтық бірлігін басқару схемасы туралы" шешімі, соның ішінде:
1) Үржар аудандық мәслихатының 2016 жылғы 9 маусымындағы № 3-29/VI "Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданының әкімшілік аумақтық бірлігін басқару схемасы туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" шешім;
2) Үржар аудандық мәслихатының 2019 жылғы 19 ақпанындағы № 38-417/VI "Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданының әкімшілік аумақтық бірлігін басқару схемасы туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" шешім;
3) Үржар аудандық мәслихатының 2021 жылғы 14 қаңтарындағы № 1-12/VII "Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданының әкімшілік аумақтық бірлігін басқару схемасы туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" шешім.