Үржар аудандық мәслихаты кейбір шешімдерінің күшін жою туралы

Жаңа

Абай облысы Үржар аудандық мәслихатының 2024 жылғы 4 наурыздағы № 12-238/VIII шешімі

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 7 бабы 5 тармағына сәйкес, Үржар аудандық мәслихаты ШЕШТІ :

      1. Үржар аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші қосымшаға сәйкес жойылсын (қоса берілген).

      2. Осы шешім қабылданған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Үржар аудандық мәслихатының төрағасы А. Омаров

  Үржар аудандық мәслихатының
2024 жылғы 4 наурыздағы
№12-238/VIII шешіміне
қосымша

Үржар аудандық мәслихатының күші жойылған шешімдерінің тізімі

      1. Үржар аудандық мәслихатының 2022 жылғы 5 қазандағы № 18-303/VII "VII-шақырылған Үржар аудандық мәслихатының Регламентін бекіту туралы" шешімі.

      2. Үржар аудандық мәслихатының 2015 жылғы 6 ақпандағы № 30-347/V "Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданының әкімшілік аумақтық бірлігін басқару схемасы туралы" шешімі, соның ішінде:

      1) Үржар аудандық мәслихатының 2016 жылғы 9 маусымындағы № 3-29/VI "Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданының әкімшілік аумақтық бірлігін басқару схемасы туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" шешім;

      2) Үржар аудандық мәслихатының 2019 жылғы 19 ақпанындағы № 38-417/VI "Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданының әкімшілік аумақтық бірлігін басқару схемасы туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" шешім;

      3) Үржар аудандық мәслихатының 2021 жылғы 14 қаңтарындағы № 1-12/VII "Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданының әкімшілік аумақтық бірлігін басқару схемасы туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" шешім.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады