БҰЙЫРАМЫН:
1. "Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығын (6-шығарылым) бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы 21 қыркүйектегі № 401 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17548 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығында (6-шығарылым):
34-тармақтың сегізінші және тоғызыншы абзацтары алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 13-1-параграфпен толықтырылсын:
"13-1-параграф. "Мұнай мен газ бұрғылау қондырғыларының машинисі,
5-разряд
35-1. Жұмыс сипаттамасы:
мобильді бұрғылау қондырғысын және стационарлық бұрғылаудың монтаждау-бөлшектеу жұмысының жекелеген функцияларын басқару және тасымалдау;
жалпы қуаты 1000 киловатт және одан жоғары қозғалтқыштарға және газ турбиналы қозғалтқыштарға қызмет көрсету және жөндеу;
бұрғылау қондырғыларын, оның ішінде мобильді, мұнаралы құрылыстарды, мұнараларды көтеру және түсіру механизмдерін, бұрғылау ерітіндісін тазартудың айналым жүйесінің жабдықтарын, қосалқы сыйымдылықтар блогын монтаждау, бөлшектеу және тасымалдау;
бұрғылау мұнарасын, бұрғылау, күштік жабдықты және бұрғылау қондырғысының жекелеген блоктарын орталықтандыру;
барлық үлгідегі және конструкциядағы мұнаралармен бұрғылауға арналған бұрғылау қондырғыларын және бұрғылауда пайдаланылатын жабдықтарды жинау, жылжыту және бөлшектеу кезінде қатысу;
қозғалтқыштарға, турботрансформаторларға және турбомуфталарға қызмет көрсету, бөлшектеу, жөндеу және құрастыру, реттеу және баптау;
жалпы қуаты 1000 киловатқа дейінгі қозғалтқыштарға қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі жұмысшыларға басшылық ету.
35-2. Білуге тиіс:
бұрғылау қондырғыларын монтаждау, бөлшектеу және тасымалдау әдістері мен қағидаларын, механикаландыру және автоматтандыру кешенінің құрылысын;
түсіру-көтеру операциялары тетіктерінің, циркуляциялық жүйе тетіктерінің, бумен жабдықтау, электрмен жабдықтау коммуникацияларының, пневможүйенің және жұмыс орындары мен механизмдерді жылыту тетіктерінің мақсаты мен техникалық сипаттамасын;
сомаланған қуаты 1000 киловаттан жоғары қозғалтқыштар мен газтурбиналық қозғалтқыштарды жөндеу және оларға қызмет көрсету жөніндегі жұмысшыларға басшылық жасау кезінде ̶ 6-разряд.
35-3. Техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта), орта білімнен кейінгі білім талап етіледі.".
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрыққа қол қойылғаннан кейін күнтізбелік бес күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің міндетін атқарушы |
А. Сарбасов |
"Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығын (6-шығарылым) бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы 21 қыркүйектегі № 401 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі бұйрығының жобасына салыстырмалы кесте
Р/с | Құрылымдық элемент | Қолданыстағы редакция | Ұсынылатын редакция |
Негіздеме: |
"Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығын (6-шығарылым) бекіту туралы"Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы 21 қыркүйектегі № 401 бұйрығы | ||||
1. |
2-тарау, |
34. Білуге тиіс: |
34. Білуге тиіс: |
Нақтылау нормасы |
|
2-тарау, 13-параграф, |
| "13-1-параграф. "Мұнай мен газ бұрғылау қондырғыларының машинисі, 5-разряд 35-1. Жұмыс сипаттамасы: мобильді бұрғылау қондырғысын және стационарлық бұрғылаудың монтаждау-бөлшектеу жұмысының жекелеген функцияларын басқару және тасымалдау; жалпы қуаты 1000 киловатт және одан жоғары қозғалтқыштарға және газ турбиналы қозғалтқыштарға қызмет көрсету және жөндеу; бұрғылау қондырғыларын, оның ішінде мобильді, мұнаралы құрылыстарды, мұнараларды көтеру және түсіру механизмдерін, бұрғылау ерітіндісін тазартудың айналым жүйесінің жабдықтарын, қосалқы сыйымдылықтар блогын монтаждау, бөлшектеу және тасымалдау; бұрғылау мұнарасын, бұрғылау, күштік жабдықты және бұрғылау қондырғысының жекелеген блоктарын орталықтандыру; барлық үлгідегі және конструкциядағы мұнаралармен бұрғылауға арналған бұрғылау қондырғыларын және бұрғылауда пайдаланылатын жабдықтарды жинау, жылжыту және бөлшектеу кезінде қатысу; қозғалтқыштарға, турботрансформаторларға және турбомуфталарға қызмет көрсету, бөлшектеу, жөндеу және құрастыру, реттеу және баптау; жалпы қуаты 1000 киловатқа дейінгі қозғалтқыштарға қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі жұмысшыларға басшылық ету. 35-2. Білуге тиіс: бұрғылау қондырғыларын монтаждау, бөлшектеу және тасымалдау әдістері мен қағидаларын, механикаландыру және автоматтандыру кешенінің құрылысын; түсіру-көтеру операциялары тетіктерінің, циркуляциялық жүйе тетіктерінің, бумен жабдықтау, электрмен жабдықтау коммуникацияларының, пневможүйенің және жұмыс орындары мен механизмдерді жылыту тетіктерінің мақсаты мен техникалық сипаттамасын; сомаланған қуаты 1000 киловаттан жоғары қозғалтқыштар мен газтурбиналық қозғалтқыштарды жөндеу және оларға қызмет көрсету жөніндегі жұмысшыларға басшылық жасау кезінде ̶ 6-разряд. 35-3. Техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта), орта білімнен кейінгі білім талап етіледі.". |
Мұнай-газ саласы кәсіпорындарындағы жұмыс технологиясын жетілдіруге байланысты "Ұңғымаларды бұрғылау жұмыстарының разрядтары бойынша жұмысшылар кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамалары" деген 2-тарауы |
Бірінші вице-министр | А. Сарбасов |