"Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығын (6-шығарылым) бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы 21 қыркүйектегі № 401 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 2024 жылғы 26 тамыздағы № 328 бұйрығы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығын (6-шығарылым) бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы 21 қыркүйектегі № 401 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17548 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығында (6-шығарылым):

      34-тармақтың сегізінші және тоғызыншы абзацтары алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 13-1-параграфпен толықтырылсын:

      "13-1-параграф. "Мұнай мен газ бұрғылау қондырғыларының машинисі,

      5-разряд

      35-1. Жұмыс сипаттамасы:

      мобильді бұрғылау қондырғысын және стационарлық бұрғылаудың монтаждау-бөлшектеу жұмысының жекелеген функцияларын басқару және тасымалдау;

      жалпы қуаты 1000 киловатт және одан жоғары қозғалтқыштарға және газ турбиналы қозғалтқыштарға қызмет көрсету және жөндеу;

      бұрғылау қондырғыларын, оның ішінде мобильді, мұнаралы құрылыстарды, мұнараларды көтеру және түсіру механизмдерін, бұрғылау ерітіндісін тазартудың айналым жүйесінің жабдықтарын, қосалқы сыйымдылықтар блогын монтаждау, бөлшектеу және тасымалдау;

      бұрғылау мұнарасын, бұрғылау, күштік жабдықты және бұрғылау қондырғысының жекелеген блоктарын орталықтандыру;

      барлық үлгідегі және конструкциядағы мұнаралармен бұрғылауға арналған бұрғылау қондырғыларын және бұрғылауда пайдаланылатын жабдықтарды жинау, жылжыту және бөлшектеу кезінде қатысу;

      қозғалтқыштарға, турботрансформаторларға және турбомуфталарға қызмет көрсету, бөлшектеу, жөндеу және құрастыру, реттеу және баптау;

      жалпы қуаты 1000 киловатқа дейінгі қозғалтқыштарға қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі жұмысшыларға басшылық ету.

      35-2. Білуге тиіс:

      бұрғылау қондырғыларын монтаждау, бөлшектеу және тасымалдау әдістері мен қағидаларын, механикаландыру және автоматтандыру кешенінің құрылысын;

      түсіру-көтеру операциялары тетіктерінің, циркуляциялық жүйе тетіктерінің, бумен жабдықтау, электрмен жабдықтау коммуникацияларының, пневможүйенің және жұмыс орындары мен механизмдерді жылыту тетіктерінің мақсаты мен техникалық сипаттамасын;

      сомаланған қуаты 1000 киловаттан жоғары қозғалтқыштар мен газтурбиналық қозғалтқыштарды жөндеу және оларға қызмет көрсету жөніндегі жұмысшыларға басшылық жасау кезінде ̶ 6-разряд.

      35-3. Техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта), орта білімнен кейінгі білім талап етіледі.".

      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрыққа қол қойылғаннан кейін күнтізбелік бес күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау
министрінің міндетін атқарушы
А. Сарбасов

"Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығын (6-шығарылым) бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы 21 қыркүйектегі № 401 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі бұйрығының жобасына салыстырмалы кесте


Р/с

Құрылымдық элемент

Қолданыстағы редакция

Ұсынылатын редакция

Негіздеме:
1) түзетудің мәні;
2) енгізілетін әрбір түзетудің дәлелді негіздемесі;
3) тиісті құқықтық актіге сілтеме, тапсырмалардың (бар болса) нөмірі, күні

"Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығын (6-шығарылым) бекіту туралы"Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы 21 қыркүйектегі № 401 бұйрығы

1.

2-тарау,
13-параграф,
34-тармақ

34. Білуге тиіс:
бұрғылаудың технологиялық процесін, күштік агрегаттар мен өткізу құрылғыларының техникалық сипаттамасын, құрылысын;
мұнара жанындағы құрылғылар мен коммуникациялардың нысанын;
күштік, бұрғылау жабдығымен автоматты қозғалтқыштарда ақаудың пайда болу себептерін және оларды жою тәсілдерін, күштік, бұрғылау жабдығын реттеу тәсілдерін;
күштік, бұрғылау жабдығын майлау қағидаларын, қозғалтқыштар жұмысының температуралық режимін, автоматтардың конструкциясын;
қашықтықтан басқару жүйелерінің жұмыс схемасын, күштік жабдық жұмысының есеп және есептілік жүйесін;
жанар-жағармай материалдарының шығыс нормаларын, электр техникасы негіздерін.
Қуаты 1000 киловаттан жоғары қозғағыштарына және қуаты 1000 киловаттан жоғары қозғалтқыштар мен газтурбиналық қозғалтқыштарды жөндеу және оларға қызмет көрсету - 5-разряд;
сомаланған қуаты 1000 киловаттан жоғары қозғалтқыштар мен газтурбиналық қозғалтқыштарды жөндеу және оларға қызмет көрсету жөніндегі жұмысшыларға басшылық жасау кезінде - 6-разряд;

34. Білуге тиіс:
бұрғылаудың технологиялық процесін, күштік агрегаттар мен өткізу құрылғыларының техникалық сипаттамасын, құрылысын;
мұнара жанындағы құрылғылар мен коммуникациялардың нысанын;
күштік, бұрғылау жабдығымен автоматты қозғалтқыштарда ақаудың пайда болу себептерін және оларды жою тәсілдерін, күштік, бұрғылау жабдығын реттеу тәсілдерін;
күштік, бұрғылау жабдығын майлау қағидаларын, қозғалтқыштар жұмысының температуралық режимін, автоматтардың конструкциясын;
қашықтықтан басқару жүйелерінің жұмыс схемасын, күштік жабдық жұмысының есеп және есептілік жүйесін;
жанар-жағармай материалдарының шығыс нормаларын, электр техникасы негіздерін.
Алып тасталсын     

Нақтылау нормасы
 

 
2.

2-тарау, 13-параграф,
35-тармақ

 
Жоқ

"13-1-параграф. "Мұнай мен газ бұрғылау қондырғыларының машинисі, 5-разряд

35-1. Жұмыс сипаттамасы:

мобильді бұрғылау қондырғысын және стационарлық бұрғылаудың монтаждау-бөлшектеу жұмысының жекелеген функцияларын басқару және тасымалдау;

жалпы қуаты 1000 киловатт және одан жоғары қозғалтқыштарға және газ турбиналы қозғалтқыштарға қызмет көрсету және жөндеу;

бұрғылау қондырғыларын, оның ішінде мобильді, мұнаралы құрылыстарды, мұнараларды көтеру және түсіру механизмдерін, бұрғылау ерітіндісін тазартудың айналым жүйесінің жабдықтарын, қосалқы сыйымдылықтар блогын монтаждау, бөлшектеу және тасымалдау;

бұрғылау мұнарасын, бұрғылау, күштік жабдықты және бұрғылау қондырғысының жекелеген блоктарын орталықтандыру;

барлық үлгідегі және конструкциядағы мұнаралармен бұрғылауға арналған бұрғылау қондырғыларын және бұрғылауда пайдаланылатын жабдықтарды жинау, жылжыту және бөлшектеу кезінде қатысу;

қозғалтқыштарға, турботрансформаторларға және турбомуфталарға қызмет көрсету, бөлшектеу, жөндеу және құрастыру, реттеу және баптау;

жалпы қуаты 1000 киловатқа дейінгі қозғалтқыштарға қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі жұмысшыларға басшылық ету.

35-2. Білуге тиіс:

бұрғылау қондырғыларын монтаждау, бөлшектеу және тасымалдау әдістері мен қағидаларын, механикаландыру және автоматтандыру кешенінің құрылысын;

түсіру-көтеру операциялары тетіктерінің, циркуляциялық жүйе тетіктерінің, бумен жабдықтау, электрмен жабдықтау коммуникацияларының, пневможүйенің және жұмыс орындары мен механизмдерді жылыту тетіктерінің мақсаты мен техникалық сипаттамасын;

сомаланған қуаты 1000 киловаттан жоғары қозғалтқыштар мен газтурбиналық қозғалтқыштарды жөндеу және оларға қызмет көрсету жөніндегі жұмысшыларға басшылық жасау кезінде ̶ 6-разряд.

35-3. Техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта), орта білімнен кейінгі білім талап етіледі.".

Мұнай-газ саласы кәсіпорындарындағы жұмыс технологиясын жетілдіруге байланысты "Ұңғымаларды бұрғылау жұмыстарының разрядтары бойынша жұмысшылар кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамалары" деген 2-тарауы
5-разрядты мұнай мен газ бұрғылау қондырғыларының машинистің жұмыс сипаттамасы
13-1-параграфпен толықтырылды
 

      Бірінші вице-министр А. Сарбасов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады