"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Қазақстан Республикасының барлық аумағында атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамдардың Ашық бағдарламалық интерфейстер (Open API) бойынша ақпарат алмасудың банкаралық жүйесі арқылы банктік шоттар, олар бойынша ақша қалдықтары және (немесе) қозғалысы бойынша деректерді беруге келісімін алған кезде мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау тетігін сынақтан өткізу жөніндегі пилоттық жоба іске қосылсын.
2. Қоса беріліп отырған атаулы Атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамдардың Ашық бағдарламалық интерфейстер (Open API) бойынша ақпарат алмасудың банкаралық жүйесі арқылы банктік шоттар, олар бойынша ақша қалдықтары және (немесе) қозғалысы бойынша деректерді беруге келісімін алған кезде мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау тетігін сынақтан өткізу жөніндегі мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылының алгоритмі бекітілсін.
3. Пилоттық жобаның қолданылу кезеңі 2025 жылғы 1 қарашаға дейін деп айқындалсын.
4. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Цифрландыру және мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру департаменті:
1) "Smart Bridge"-ге өтінім беру арқылы дербес деректерге қолжетімділікті бақылаудың мемлекеттік сервисіне (бұдан әрі – ДДҚ сервисі) қосылуды;
2) "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес пилоттық жоба шеңберінде қызмет көрсету кезінде ДДҚ сервисі арқылы субъектіден немесе оның заңды өкілінің дербес деректерін жинақтауды және алуды.
5. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Цифрландыру және мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру департаменті "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 49-бабы 2-тармағының 4) және 6) тармақшаларына, 38-бабы 2-тармағының 1) және 5-1) тармақшаларына, 54-бабы 3-тармағының 3-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 29 наурыздағы № 123 бұйрығымен бекітілген "Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін интеграциялау қағидаларының 4 және 8-тармақтарына сәйкес пилоттық жоба мерзімі аяқталғаннан кейін және өзінің ақпараттық жүйесінің өнеркәсіптік іске қосылуына дейін:
1) ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкес сынаудың оң нәтижелерімен хаттамаларды алуды;
2) өзінің ақпараттық қауіпсіздіктің жедел орталығының (бұдан әрі – Орталық) болуын және оның жұмыс істеуін немесе Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес ақпараттық қауіпсіздіктің жедел орталығы қызметін үшінші тұлғалардан сатып алуын, сондай-ақ Орталықтың Ұлттық ақпараттық қауіпсіздік координациялық орталығымен өзара әрекеттесуін;
3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 832 қаулысымен бекітілген Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарына сәйкестендіру бойынша шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.
6. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі осы бірлескен бұйрықты жергілікті атқарушы органдардың, ведомстволық бағынысты ұйымдар мен екінші деңгейдегі банктердің назарына жеткізсін.
7. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік көмек департаменті осы бірлескен бұйрыққа мемлекеттік органдар басшыларының соңғысы қолы қойғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде оны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" ШЖҚ РМК жолдасын.
8. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрлеріне, Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасарына жүктелсін.
9. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі |
___ С. Жақыпова |
Қазақстан Республикасының | |
Цифрлық даму, инновация және | |
аэроғарыш өнеркәсібі министрі | _______ Ж. Мәдиев |
Қазақстан Республикасының | |
Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары | _____ Б. Шолпанқұлов |
Атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамдардың Ашық бағдарламалық интерфейстер (Open API) бойынша ақпарат алмасудың банкаралық жүйесі арқылы банктік шоттар, олар бойынша ақша қалдықтары және (немесе) қозғалысы бойынша деректерді беруге келісімін алған кезде мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау тетігін сынақтан өткізу жөніндегі мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылының алгоритмі
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамдардың Ашық бағдарламалық интерфейстер (Open API) бойынша ақпарат алмасудың банкаралық жүйесі арқылы банктік шоттар, олар бойынша ақша қалдықтары және (немесе) қозғалысы бойынша деректерді беруге келісімін алған кезде мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау тетігін сынақтан өткізу жөніндегі мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылының алгоритмі (бұдан әрі – Алгоритм) атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамдардың Ашық бағдарламалық интерфейстер (Open API) бойынша ақпарат алмасудың банкаралық жүйесі арқылы банктік шоттар, олар бойынша ақша қалдықтары және (немесе) қозғалысы бойынша деректерді беруге келісімімен мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау бойынша пилоттық жобаны іске асыру кезіндегі мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылының тетігін айқындайды.
2. Алгоритмде мынадай негізгі ұғымдар мен қысқартулар пайдаланылады:
1) атаулы әлеуметтік көмек тағайындау жөніндегі уәкілетті орган – атаулы әлеуметтік көмек тағайындауды жүзеге асыратын республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы;
2) Ашық бағдарламалық интерфейстер бойынша ақпарат алмасудың банкаралық жүйесі (open API) (бұдан әрі – Open API жүйесі) – open API көмегімен банк құпиясына қатысты ақпаратты беру бойынша технологиялық және қауіпсіз өзара іс-қимыл жасауға арналған бағдарламалық және аппараттық құралдардан тұратын ақпараттық жүйе;
3) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі - атаулы әлеуметтік көмек) – жан басына шаққандағы орташа айлық кірісі облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада белгіленген кедейлік шегінен төмен жеке тұлғаларға (отбасыларға) мемлекет беретін көмек.
Алгоритмде пайдаланылатын барлық өзге терминдер олар Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде, "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы", "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасының заңдарында және өзге де Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде қолданылатын мағынада пайдаланылады.
2-тарау. Атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға өтініш қабылдау тәртібі
3. Атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адам (бұдан әрі – өтініш беруші) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 21 маусымдағы № 227 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік бекітілген құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32885 болып тіркелді) Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу қағидаларының (бұдан әрі - Қағидалар) 4 және 6-тармағына сәйкес атаулы әлеуметтік көмек тағайындау жөніндегі уәкілетті органға жүгінген кезде Алгоритмге 1-қосымшаға сәйкес өтініш қабылданады және атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамдардың Open API жүйесі арқылы банктік шоттар, олар бойынша ақша қалдықтары және (немесе) қозғалысы бойынша деректерді беруге келісімін алған кезде атаулы әлеуметтік көмек тағайындау тетігін сынақтан өткізу жөніндегі пилоттық жобаны өткізу туралы консультация жүргізіледі.
4. Өтініште көрсетілген деректер негізінде уәкілетті мемлекеттік органның автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамдардың ұялы телефон нөмірі мобильді азаматтар базасында болуын тексеруді жүзеге асырады. Ұялы телефон нөмірі болған кезде Open API жүйесіне ЖСН және телефон нөмірін ұсына отырып, атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамдардың банктік шоттары, олар бойынша ақша қалдықтары және (немесе) қозғалысы бойынша деректерді беруге келісімін алуға Open API жүйесіне сілтемені қалыптастыру үшін сұрау жолдайды.
5. Open API жүйесі банктік шоттар, олар бойынша ақша қалдықтары және (немесе) қозғалысы бойынша деректерді беруге атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамдардан келісімді алу үшін алынған сұрауға жауап ретінде уәкілетті мемлекеттік органның автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне өндірілген сілтемені береді.
6. Уәкілетті мемлекеттік органның автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне Алгоритмге 2-қосымшаға сәйкес атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамдарға SMS-хабарлама қалыптастырады және 1414 арқылы жібереді.
SMS-хабарламаға жауапты атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамдар 1 (бір) жұмыс күні ішінде береді.
SMS-хабарламаға жауап болмаған не теріс жауап болған жағдайда атаулы әлеуметтік көмек тағайындау Қағидаларға сәйкес көрсетіледі.
7. Open API жүйесі уәкілетті мемлекеттік органның автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне атаулы әлеуметтік көмек алауға үміткер адамдардың келісімін алу нәтижесін жолдайды. Келісім болған жағдайда уәкілетті мемлекеттік органның автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне Open API жүйесі арқылы екінші деңгейдегі банктерге банктік шоттар, олар бойынша ақша қалдықтары және (немесе) қозғалысы бойынша деректерге сұрау жібереді.
8. Атаулы әлеуметтік көмек алуға жүгінген күн Open API жүйесі арқылы атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамдардан банктік шоттар, олар бойынша ақша қалдықтары және (немесе) қозғалысы бойынша деректерін Open API жүйесі арқылы беруге келісім алынған күн есептеледі.
9. Атаулы әлеуметтік көмек тағайындау жөніндегі уәкілетті орган қызметті көрсету барысында Қазақстан Республикасының заңнамаларында, оның ішінде Қағидаларда көзделген тәртіп пен мерзімдердің сақталуын қамтамасыз етеді.
3-тарау. Банктік шоттар, олар бойынша ақша қалдықтары және (немесе) қозғалысы бойынша деректерді беру жөніндегі мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылы
10. Атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамдардың келісімі алынғаннан кейін Open API жүйесі атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамдардың банктік шоттар, олар бойынша ақша қалдықтары және (немесе) қозғалысы бойынша деректерді беруге келісімін уәкілетті мемлекеттік органның автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне жинақтауды, тіркеуді және сақтауды жүзеге асырады.
11. Уәкілетті мемлекеттік органның автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамдардың банктік шоттары, олар бойынша ақша қалдықтары және (немесе) қозғалысы бойынша деректерді беру бойынша алынған келісіміне сәйкес банктік шоттар, олар бойынша ақша қалдықтары және (немесе) қозғалысы бойынша сұрауды Open API жүйесі арқылы екінші деңгейдегі банктерге бағдарлауды қамтамасыз етеді.
Екінші деңгейдегі банктерден банктік шоттар, олар бойынша ақша қалдықтары және (немесе) қозғалысы бойынша сұрау деректеріне жауап 1 (бір) жұмыс күні ішінде ұсынылады.
12. Екінші деңгейдегі банктерден атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамдардың банктік шоттары, олар бойынша ақша қалдықтары және (немесе) қозғалысы бойынша сұрау деректеріне жауап алынғаннан кейін Open API жүйесі атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамдардың банктік шоттары, олар бойынша ақша қалдықтары және (немесе) қозғалысы бойынша деректерді уәкілетті мемлекеттік органның автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне бағдарлауды қамтамасыз етеді. Алгоритмге 3-қосымшаға сәйкес екінші деңгейдегі банктерден алынған ақпарат банктік шоттар, олар бойынша ақша қалдықтары және (немесе) қозғалысы бойынша деректерді қамтуы мүмкін.
Атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамдардың Ашық бағдарламалық интерфейстер (Open API) бойынша ақпарат алмасудың банкаралық жүйесі арқылы банктік шоттар, олар бойынша ақша қалдықтары және (немесе) қозғалысы бойынша деректерді беруге келісімін алған кезде мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау тетігін сынақтан өткізу жөніндегі пилоттық жобаға қатысуға өтініш
Мен______________________________________________________________
(өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
_______________________________________ мекенжайы бойынша тұратын
(елді мекен, аудан) (көше, үйдің және пәтердің №, телефон)
жеке сәйкестендіру нөмірі ___________________________________________
жеке басты куәландыратын құжат:
құжат түрі _________ құжаттың/сериясы № ________ берілген күні ________
__________________________________________________________________
атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамдардың Оpen API жүйесі арқылы банктік шоттар, олар бойынша ақша қалдықтары және (немесе) қозғалысы бойынша деректерді беруге келісімін алған кезде атаулы әлеуметтік көмек тағайындау тетігін сынақтан өткізу жөніндегі пилоттық жобаға қатысуға, сондай-ақ менің дербес деректерімді және заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді, оның ішінде "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабының 4-тармағына сәйкес мәліметтерді, ақпараттық жүйелердегі мәліметтерді жинауға және өңдеуге, оның ішінде Open API жүйесіне қатысушы банктердің Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне беруге келісімімді беремін.
Жиналатын деректер тізбесі: ТАӘ (бар болса), ЖСН, банк деректемелері, оның ішінде ағымдағы жиырма таңбалы (IBAN код) шот нөмірі, банктік шоттардағы ақша қалдықтары және (немесе) қозғалысы бойынша мәліметтер, білімі, тұрғылықты жері, отбасылық жағдайы, электрондық пошта, телефон нөмірі.
Мен атаулы әлеуметтік көмек алушы ретіндегі мәртебем туралы мәліметтерді үшінші тұлғаларға беру жөнінде хабардармын және келісім беремін.
Мен ұсынған деректерде өзгерістер туындаған және (немесе) атаулы әлеуметтік көмек тағайындау құқығына әсер ететін мән-жайлар туындаған жағдайда, олар туралы 10 (он) жұмыс күні ішінде хабарлауға міндеттенемін.
Жалған ақпарат пен дұрыс емес (қолдан жасалған) құжаттарды ұсынғаны үшін жауапкершілік туралы ескертілді.
Мемлекеттік бюджеттен және (немесе) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақыларды және (немесе) әлеуметтік төлемдерді есептеу үшін жеке банктік шот ашу мүмкіндігі туралы, сондай-ақ мұндай шоттағы ақшаға үшінші тұлғалардың өндіріп алуға жол берілмейтіні туралы хабардар етілді.
Өтініш берушінің байланыс деректері: телефоны _____ ұялы телефон ____ Е-mail
______ 20__ жылғы "___" __________ ___________________
(күні) (Өтініш берушінің қолы) Дербес деректерді және банктік құпияны құрайтын деректерді трансшекаралық берудің жоқ екені, сондай-ақ Дербес деректерді және банктік құпияны құрайтын деректерді жалпыға қолжетімді ақпарат көздерінде таратпау туралы хабарлаймыз.
SMS-хабарлама
Сәлеметсізбе, (тегі, аты, бар болса әкесінің аты)!
Сіз мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті әлеуетті алушы болып табыласыз! Мемлекеттік қызметті көрсету үшін банктік шоттар мен осы шоттардағы ақша қозғалысы бойынша деректерді беруге Сіздің келісіміңізді алу қажет.
Келесі сілтемелерден <Банктік шоттар, олар бойынша ақша қалдықтары және (немесе) қозғалысы бойынша деректерді беруге келісім алу үшін Open API жүйесі > өтіп және өз келісімінізді беру қажет.
Сіздің жауабыңызды 1 (бір) жұмыс күні ішінде күтеміз.
Атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамдардың банктік шоттар, олар бойынша ақша қалдықтары және (немесе) қозғалысы бойынша деректерді беру бойынша деректер
1. Еңбекақы, әлеуметтік төлемдер, оның ішінде:
жерлеуге арналған біржолғы жәрдемақылар;
баланың тууына байланысты біржолғы мемлекеттік жәрдемақылар;
жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемдер;
жеті жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар;
жеті жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар;
бірінші, екінші, үшінші топтардағы жеті жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар;
бірінші, екінші, үшінші топтардағы жеті жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар;
"Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, І және ІІ дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналарға тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақылар;
бірге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған баласы, оның ішінде он сегіз жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында жалпы білім беретін немесе кәсіптік бағдарламалар бойынша күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балалары бар көпбалалы отбасыларға берілетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы;
Мүгедектігі бойынша жәрдемақы, сондай-ақ бала кезінен I топтағы мүгедектігі бар балаға және мүгедектігі бар адамға күтім жасау жөніндегі жәрдемақы.
2. "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде көрсетілген балалар мен адамдарға алимент.
3. Жеке қосалқы шаруашылықтан түсетін кірістер (мал мен құсты ұстауды, бау-бақша шаруашылығын, бау-бақша шаруашылығын қамтитын үй шаруашылықтары).
4. Кәсіпкерлік қызметтен түсетін кірістер.
5. Жылжымайтын мүлік пен көлік құралдарын жалға беруден және сатудан түскен кірістер.
6. Бағалы қағаздардан түсетін кірістер.
7. Жылжымайтын мүлікті, көлік құралдарын және басқа мүлікті сыйға тарту, мұрагерлік түрінде алынған кірістер.
8. Кредитті (микрокредитті) пайдаланудан түскен кірістер, өтеусіз грантты пайдаланудан түскен кірістер.
9. Өтеусіз алынған ақша түріндегі кірістер.
10. Ақшалай салымдар мен депозиттер бойынша сыйақылар (қызығушылық) түріндегі кірістер.
11. Ақша аударымдары түріндегі кірістер.
12. Салымдар мен борыштық бағалы қағаздар бойынша қоса алғанда, конкурстарда, жарыстарда (олимпиадаларда), фестивальдарда, лотереялар, ұтыс ойындары бойынша алынған заттай және (немесе) ақшалай мәндегі ұтыстар түріндегі кірістер.
13. Бағдарлама шеңберінде ерікті қоныс аударуға қатысушыларға көшуге (отбасының әрбір мүшесіне) біржолғы төлемді қоспағанда, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысудан алынған кірістер.
14. ҚР Тұрғын үй заңнамасында белгіленген тәртіппен қарыз бойынша бастапқы жарнаның бір бөлігін жабуға арналған тұрғын үй сертификаттарының сомасы.
15. Атаулы әлеуметтік көмек.
16. Тұрғын үй көмегі.
17. Төтенше жағдайлар салдарынан олардың денсаулығы мен мүлкіне келтірілген залалды өтеу мақсатында отбасына көрсетілген материалдық көмек.
18. Мемлекеттік бюджеттен және өзге де көздерден азық-түлік өнімдеріне бағаның өсуіне байланысты аз қамтылған азаматтарға ақшалай немесе заттай мәнде көрсетілген материалдық көмек.
19. Қайырымдылық көмек.
20. Адамның сапарларына ақы төлеу.
21. Протездеу кезінде азаматтарды ұстау.
22. Азаматтардың елді мекеннен тыс жерлерге емделуге тегін немесе жеңілдікпен жол жүру құны.
23. Жергілікті атқарушы органдардың қаражатынан біржолғы төлемдер.
24. Тамақтану шығындары.
25. Киім және аяқ киім шығындары.
26. Коммуналдық қызметтер шығындары.
27. Тұрғын үйді жалға алу және тұрғын үйге ағымдағы қызмет көрсету шығындары.
28. Отын шығындары.
29. Тұрмыстық заттарға, тұрмыстық техникаға арналған шығыстар.
30. Денсаулық сақтау шығындары.
31. Көлік шығындары.
32. Интернет және байланыс шығындары.
33. Автокөлікті пайдалануға арналған шығыстар.
34. Демалыс және мәдениет шығындары.
35. Білім беру шығындары.
36. Басқа қаржылық қызметтер.
37. Басқа шығындар.
38. Туыстарына, таныстарына материалдық көмек, алимент.
39. Салықтар, айыппұлдар, төлемдер және басқа төлемдер.
40. Кредитті және қарызды өтеу.
41. Жинақтар, жарналар, қор жинау, депозиттер, кредиттер, қарыздар, өтемақылар алу.