"Жамбыл облысында 2024 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын және ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2024 жылғы 16 қаңтардағы № 2 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жамбыл облысы әкімдігінің 2024 жылғы 2 шілдедегі № 161 қаулысы

      Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Жамбыл облысында 2024 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын және ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2024 жылғы 16 қаңтардағы № 2 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулының 1-қосымшасына сәйкес Жамбыл облысында 2024 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысында:

      реттік нөмірі 2-жолы мынадай редакцияда жазылсын:

      "

2

Толық емес күндік шағын орталықтар


17840

532

      ";

      реттік нөмірі 39-жолы мынадай редакцияда жазылсын:

      "

39

Жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдар

54506

60747

29681

      ".

      2. "Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Жамбыл облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      2) осы қаулының ресми жарияланғаннан кейін оның Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Жамбыл облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енеді.

      Жамбыл облысының әкімі Е. Қарашөкеев

О внесении изменений в постановление акимата Жамбылской области от 16 января 2024 года № 2 "Об утверждении государственного образовательного заказа на дошкольное воспитание и обучение и размера родительской платы в Жамбылской области на 2024 год"

Постановление акимата Жамбылской области от 2 июля 2024 года № 161

      Акимат Жамбылской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление акимата Жамбылской области от 16 января 2024 года № 2 "Об утверждении государственного образовательного заказа на дошкольное воспитание и обучение и размера родительской платы в Жамбылской области на 2024 год" следующие изменения:

      в государственном образовательном заказе на дошкольное воспитание и обучение в Жамбылской области на 2024 год согласно приложению 1 к указанному постановлению:

      строку, порядковый номер 2, изложить в следующей редакции:

      "

2

Мини-центры с неполным днем пребывания


17840

532

      ";

      строку, порядковый номер 39, изложить в следующей редакции:

      "

39

Частные дошкольные организации

54506

60747

29681

      ".

      2. Коммунальному государственному учреждению "Управление образования акимата Жамбылской области" в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) в течение пяти рабочих дней со дня подписания настоящего постановления направление его копии в электронном виде на казахском и русском языках в филиал республиканского государственного предприятия на праве хозяйственного ведения "Институт законодательства и правовой информации Республики Казахстан" Министерства юстиции Республики Казахстан по Жамбылской области для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего постановления на интернет-ресурсе акимата Жамбылской области после его официального опубликования.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя акима Жамбылской области.

      4. Настоящее постановление вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Аким Жамбылской области Е. Карашукеев