Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Жамбыл облысында 2024 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын және ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2024 жылғы 16 қаңтардағы № 2 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының 1-қосымшасына сәйкес Жамбыл облысында 2024 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысында:
реттік нөмірі 2-жолы мынадай редакцияда жазылсын:
"
2 | Толық емес күндік шағын орталықтар | 17840 | 532 |
";
реттік нөмірі 39-жолы мынадай редакцияда жазылсын:
"
39 | Жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдар | 54506 | 60747 | 29681 |
".
2. "Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Жамбыл облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
2) осы қаулының ресми жарияланғаннан кейін оның Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Жамбыл облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енеді.
Жамбыл облысының әкімі | Е. Қарашөкеев |