Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңдарына сәйкес, ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Мыналардың:
1) "Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы" Жаңаарқа ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 04 сәуірдегі №2 шешімінің;
2) "Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы" Жаңаарқа ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 11 сәуірдегі №4 шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Жаңаарқа ауданының әкімі | Қ.Қожықаев |