Ескерту. Күші жойылды - Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданының әкімінің 30.05.2024 № 6 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының, 33 бабының 1-тармағы 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Азаматтық қорғау туралы" Заңының 48-бабына және 50- бабының 2 тармағы 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің м.а. 2023 жылғы 10 мамырдағы "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" №240 бұйрығына сәйкес, Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданы әкімдігінің жанындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссия отырысының 2024 жылғы 10 сәуірдегі №3 хаттамасы және Жаңаарқа аудандық прокуратурасының 2024 жылғы 10 сәуірдегі №2-08-24-00324 наразылықтың негізінде, Жаңаарқа ауданының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. "Жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы" Жаңаарқа ауданы әкімінің 2024 жылғы 4 сәуірдегі №2 шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданының Қараағаш ауылдық округінде жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.".
2. Төтенше жағдайды жою басшысы болып Жаңаарқа ауданы әкімінің орынбасары Ибраев Мұрат Есіркепұлы тағайындалсын және осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2024 жылғы 26 наурыздан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.
Жаңаарқа ауданының әкімі | Қ.Қожықаев |