"Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына, "Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін және оларға бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 наурыздағы № 282 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11245 болып тіркелген) сәйкес Жетісу облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Жетісу облысы бойынша 2024 жылдың ІV тоқсанына әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндері бекітілсін.
2. "Жетісу облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте осы қаулыдан туындайтын барлық қажетті шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Жетісу облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | Б. Исабаев |
Жетісу облысы әкімдігінің 2024 жылғы "___" _______ №________қаулысына қосымша |
Жетісу облысы бойынша 2024 жылдың ІV тоқсанына әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары үшін бөлшек сауда бағаларының шекті мәндері
№ | Тауардың атауы | Өлшем бірлігі |
ІV |
1 | Тазартылған күріш (домалақ дәнді, өлшеніп салынатын) |
теңге/ | 610 |
2 | Бірінші сортты бидай ұны |
теңге/ | 298 |
3 | Қарақұмық жармасы (дән, өлшеніп салынатын) |
теңге/ | 257 |
4 | Бірінші сұрыпты ұннан жасалған бидай наны (пішінді) |
теңге/ | 208 |
5 | Түтік кеспе (өлшеніп салынатын) |
теңге/ | 441 |
6 | Сиыр еті (сүйекті жауырын-төс бөлігі) |
теңге/ | 3075 |
7 | Тауық еті (сан сүйек және іргелес жұмсақ еті бар сан жілік) |
теңге/ | 1537 |
8 | Пастерленген сүт, майлылығы 2,5%, жұмсақ қаптамада |
теңге/ | 426 |
9 | Майлылығы 2,5% айран, жұмсақ қаптамада | теңге/литр | 468 |
10 | Сүзбе: майлылығы 5-9% |
теңге/ | 1851 |
11 | Тауық жұмыртқасы (I санатты) | теңге/дана | 601 |
12 | Сары май (тұздалмаған, майлылығы кемінде 72,5%, толықтырғыштар және өсімдік майлары жоқ) |
теңге/ | 5496 |
13 | Күнбағыс майы |
теңге/ | 730 |
14 | Ақ қауданды қырыққабат |
теңге/ | 203 |
15 | Басты пияз |
теңге/ | 143 |
16 | Асханалық сәбіз |
теңге/ | 258 |
17 | Картоп |
теңге/ | 272 |
18 | Ақ қант – құмшекер |
теңге/ | 572 |
19 | Ac тұзы ("Экстра" -дан басқа) |
теңге/ | 115 |