Қазақстан Республикасы Экология кодексінің 365-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 377 "Халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифті есептеу әдістемесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24382 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Алакөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Алакөл ауданында тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге (кәдеге жарату мен қайта өңдеуді есепке алмағанда) арналған тарифтер осы шешімнің 1, 2 қосымшаларына сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алакөл ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Алакөл аудандық мәслихатының төрағасы | Д.Е. Каримов |
Алакөл аудандық мәслихатының 2024 жылғы "3" мамырдағы № 30-3 шешіміне №1 қосымша |
Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тарифтер Алакөл ауданындағы жеке тұлғалар үшін (кәдеге жарату және қайта өңдеуді есепке алмағанда)
№ | Атауы | Есептеу бірлігі | Бағасы ай (тенге) |
1 | Қосымша құн салығын есепке алмағанда, абаттандырылған үй-жайлардың тұрғындары үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тариф | 1 тұрғын | 279 |
2 | Абаттандырылмаған үй-жайлардың тұрғындары үшін қосымша құн салығын есепке алмағанда тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тариф | 1 тұрғын | 263,59 |
Алакөл аудандық мәслихатының 2024 жылғы "3" мамырдағы № 30-3 шешіміне №2 қосымша |
Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тарифтер Алакөл ауданындағы заңды тұлғалар үшін (кәдеге жарату мен қайта өңдеуді есепке алмағанда)
№ | Атауы | Есептеу бірлігі | Тариф, теңге |
| Қосылған құн салығын есепке алмағанда, тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тариф | 1 м3 | 1540,49 |