"Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 864 қаулысына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Геология комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 3 қазандағы №18 бұйрығына келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
15-тармақтың 43) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"43) су объектiлерiнiң жай-күйiне әсер ететiн объектілерді салуға, реконструкциялауға (кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру, қайта бейіндеу), пайдалануға, консервациялауға, жоюға (кейіннен кәдеге жарату) қорытынды беру;";
15-тармақтың 46) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"46) өтініш берілген жер қойнауы учаскесінде кең таралған пайдалы қазбалар болып табылмайтын пайдалы қатты қазбалар ресурстарының жоқ екендігін немесе ресурстар перспективасының жоқ екендігін растайтын жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің қорытындысын беру;";
15-тармақтың 72), 73) және 75) тармақшалары алып тасталсын;
15-тармақ мынадай мазмұндағы 80-1), 80-2), 80-3) және 80-4) тармақшаларымен толықтырылсын:
"80-1) жер қойнауын пайдаланушыны, қатты пайдалы қазбалардың ресурстарын және (немесе) қорларын бағалау туралы есепті дайындаған және тексерген құзыретті тұлғаларды тыңдау қағидаралын әзірлеу;
80-2) қатты пайдалы қазбалардың кен орындарын барлау жөніндегі ең төменгі талаптарды әзірлеу;
80-3) пайдалы қазбаларды мемлекеттік есепке алуға негізгі және олармен тұтасып жатқан пайдалы қазбалардың саны мен сапасы туралы мәліметтерді енгізудің қағидаларын әзірлеу;
80-4) реттелетін салалардағы кәсіптік стандарттарды әзірлеу және (немесе) өзектілендіру;".
2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Геология комитеті заңнамамен белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың мемлекеттік және орыс тілдеріндегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушы |
Р. Исакулов |