ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 5-т. қараңыз.
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған "Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Геология комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі бекітілсін.
2. "Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Геология комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 14 наурыздағы № 152 бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Геология комитеті заңнамамен белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың мемлекеттік және орыс тілдеріндегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болатын Ереженің 15-тармағы 32), 33), 45) және 62) тармақшаларын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі |
Қ. Шарлапаев |
Бұйрықпен бекітілді |
"Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Геология комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі
1-тарау. Жалпы ережелер
1. "Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Геология комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Комитет) реттеу, іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асыратын, сондай-ақ жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерделеу, минералдық-шикізат базасын өндіру салаларындағы Министрліктің стратегиялық функцияларын орындауға қатысатын Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) ведомствосы болып табылады.
2. Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Комитет мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы, Министрлікке ведомстволық бағынысты заңды тұлғасы болып табылады, мемлекеттік тілде өзінің атауы, мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
4. Комитет өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі.
5. Комитет егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6. Комитет өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Комитет төрағасының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. Комитеттің құрылымы мен штат санын Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі (бұдан әрі - Министр) келіскеннен кейін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің аппарат басшысы (бұдан әрі - Аппарат басшысы) бекітеді.
8. Комитеттің заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, "Сарыарқа" ауданы, Әзірбайжан Мәмбетов көшесі, 32-үй.
9. Мемлекеттік органның толық атауы – "Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Геология комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі.
10. Комитеттің ведомстволық бағынысты ұйымдары және аумақтық органдары бар.
11. Осы Ереже Комитеттің құрылтай құжаты болып табылады.
12. Комитет қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
Егер Комитетке заңнамалық актілерімен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілген жағдайда, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2-тарау. Комитеттің негізгі функциялары, құқықтары мен міндеттері
13. Миссиясы: еліміздің барлық өндірістік салаларын белсенді дамыту үшін минералдық-шикізат базасын толықтыру мақсатында Қазақстан аумағының геологиялық зерделенуін арттыру.
14. Міндет: жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерделеу, минералдық-шикізат базасын өндіру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру.
15. Функциялары:
1) ведомствоның құзыреті шегінде реттеу, іске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыру және Министрліктің стратегиялық функцияларын орындауға қатысу;
2) адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, ведомствоның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша және Министрдің бұйрықтарында оларды бекіту бойынша тікелей құзыреті болған кезде нормативтік құқықтық актілерді бекіту;
3) өз құзыретi шегiнде халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;
4) Қазақстан Республикасының жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру саласындағы заңдары мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнiң сақталуын қамтамасыз ету;
5) өз құзыреті шегінде ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi іс-шараларды жоспарлау және өткiзу бойынша ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметiне басшылық ету;
6) ұлттық қауiпсiздiк саласындағы заңдар мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң сақталуын қамтамасыз ету;
7) өз құзыретi шегiнде техникалық регламенттер әзірлеу бойынша жұмысты ұйымдастыру;
8) Қазақстан Республикасының пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі мемлекеттік комиссияның қызметін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 15 мамырдағы № 330 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16970 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі мемлекеттік комиссиясы туралы ережеге сәйкес ұйымдастыру;
9) кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 82-бабының 3-тармағында көзделген әзірленетін құжаттардың жобаларына қатысты реттеушілік әсерді талдау;
10) жүргізілген реттеушілік әсерді талдаудың нәтижесін Министрліктің ресми интернет-ресурсында орналастыру;
11) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 132-бабының 2-тармағына сәйкес тексерілетін субъектілер қызметінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігін бақылауды және тексеруді жүзеге асыру;
12) тиісті салада мемлекеттік бақылау және қадағалау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
13) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 141-бабының 2 және 3-тармақтарында, 143-бабының 1-тармағында көзделген нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ тексерулер жүргізудің жартыжылдық кестелерін әзірлеу;
14) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүргізу;
15) мемлекеттік бақылау және қадағалау тиімділігінің мониторингін жүргізу;
16) мемлекеттік бақылау және қадағалау жүргізуді жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;
17) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес лицензиялануға жататын қызметтiң немесе іс-қимылдың жекелеген түрлерiн лицензиялауды жүзеге асыру;
18) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша мемлекеттік акциялар пакетіне (жарғылық капиталдағы қатысу үлесі) иелік ету және пайдалану құқығын, сондай-ақ акционерлік қоғамдар мен мемлекеттік мекемелерге қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық ету жөніндегі уәкілетті органның функцияларын жүзеге асыру;
19) өз құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, келісу және бекіту;
20) Қазақстан Республикасының атынан жасалатын Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бойынша міндеттемелерді орындау;
21) мемлекеттің меншігіндегі, сондай-ақ оның иеленуі мен пайдалануындағы геологиялық ақпаратты есепке алу, сақтау, жүйеге келтіру, жинақтап қорыту және беру;
22) геологиялық барлау кезеңділігінің қағидаларын әзірлеу;
23) пайдалы қазбалар жатқан аумақтарда құрылыс салуға рұқсат беру қағидаларын әзірлеу;
24) мемлекеттің меншігіндегі, сондай-ақ оның иеленуі мен пайдалануындағы геологиялық ақпаратты есепке алу, сақтау, жүйеге келтіру, жинақтап қорыту және беру қағидаларын әзірлеу;
25) жер қойнауын пайдаланушының жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу нәтижесінде алынған геологиялық ақпаратты және оның жеткізгіштерін сақтау және есепке алу тәртібін айқындау;
26) геологиялық есептің мемлекеттік сараптамасын жүргізу тәртібін айқындау;
27) жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын геологиялық зерттеуге арналған лицензиялар және жер қойнауы кеңістігін пайдалануға арналған лицензиялар шарттарын сақтауын бақылау;
28) мемлекеттік жер қойнауы қорын басқару бағдарламасын әзірлеуге қатысу;
29) жер қойнауын геологиялық зерттеуге арналған лицензияларды беруге өтініштерді беру және қарау қағидаларын әзірлеу;
30) жер қойнауының мемлекеттік сараптама жүргізу қағидаларын, Жер қойнауының мемлекеттік сараптама комиссиясы туралы ережені әзірлеу;
31) тарихи шығындардың мөлшерiн, геологиялық ақпараттың құнын және алу шартын айқындау;
32) 01.01.2024 дейін қолданыста болды – осы бұйрықтың 5-т. қараңыз.33) 01.01.2024 дейін қолданыста болды – осы бұйрықтың 5-т. қараңыз.
34) жер қойнауын геологиялық зерттеу бойынша жобалау құжаттарын жасау жөніндегі нұсқаулықты әзірлеу;
35) жер қойнауы кеңістігін пайдалану жобасын жасау жөніндегі нұсқаулықты әзірлеу;
36) кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда, геологиялық және тау-кен бөлiнiсiн беру және қайта ресімдеу;
37) мемлекеттік жер қойнауы қорының бірыңғай кадастрын жүргізу;
38) геологиялық есептің және өндірілген пайдалы қазбалардың есептерін ұсыну нысанын әзірлеу;
39) пайдалануға берілетін жер қойнауы учаскелерінің шекараларын айқындау, геологиялық ақпаратты пайдалану және "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінде көзделген басқа да мәселелер бойынша құзыретті органмен өзара іс-қимыл жасау және үйлестіру;
40) геологиялық есептің мемлекеттік сараптамасын ұйымдастыру және жүргізу;
41) жерасты сулары бөлігінде мемлекеттік су кадастрын жүргізуге қатысу;
42) жеке және заңды тұлғалар жүргiзетiн су объектiлерiнiң сарқылуын болғызбауға бағытталған су қорғау iс-шараларын келісу;
43) су объектiлерiнiң жай-күйiне әсер ететiн объектілерді салуға, реконструкциялауға (кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру, қайта бейіндеу), пайдалануға, консервациялауға, жоюға (кейіннен кәдеге жарату) келісу;
44) жер қойнауын геологиялық зерттеу және кеңістігін пайдалану үшін жер қойнауын пайдалану құқығын беру;
45) 01.01.2024 дейін қолданыста болды – осы бұйрықтың 5-т. қараңыз.46) өтініш берілген жер қойнауы учаскесінде кең таралған пайдалы қазбалар болып табылмайтын пайдалы қатты қазбалар ресурстарының жоқ екендігін немесе ресурстар перспективасының жоқ екендігін растайтын геологиялық барлау жұмыстарының нәтижелері туралы есептің мемлекеттік сараптама қорытындысын беру;
47) елді мекендерді, өнеркәсіп кешендерін және (немесе) басқа да шаруашылық объектілерін жобалауға және салуға облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органының аумақтық бөлімшелерімен келісу бойынша алдағы уақытта құрылыс салынатын учаске астындағы жер қойнауында пайдалы қазбалардың жоқ екендігі немесе олардың елеусіз екендігі туралы оң қорытындысын келісу;
48) пайдалы қазбалар жатқан аумақтарда құрылыс салуға облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органының рұқсатын келісу;
49) жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу ұйымдастыру және жүргізу;
50) жер қойнауын геологиялық зерттеу және оның кеңістігін пайдалану жөніндегі операцияларды реттеу;
51) жер қойнауын геологиялық зерттеу, сондай-ақ оның кеңістігін пайдалану жөніндегі операцияларға мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
52) уранды және кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларды қоспағанда, пайдалы қатты қазбаларды барлау мен өндіру жөніндегі операциялардың жүргізілуіне мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
53) жер қойнауын пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының геологиялық ақпаратты есепке алу, сақтау, оның сақталуы мен анықтығы жөніндегі талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
54) құпия болып табылмайтын геологиялық ақпаратқа, сондай-ақ жер қойнауын пайдалануға берілген лицензиялар туралы ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз ету;
55) жер қойнауын геологиялық зерттеу бойынша есептер нысандарын әзірлеу;
56) тиісті координаттары мен жеке кодтары бар блоктарды сәйкестендіру картасын әзірлеу;
57) техногендік минералдық түзілімдерді орналастырудың қолданыстағы объектілерін мемлекеттік есепке алуды ұйымдастыру және жүргізу;
58) мемлекеттік жер қойнауы қорының бірыңғай кадастрын енгізу және пайдалы қазбалар қорын мемлекеттік есепке алу бойынша ақпаратты ұсыну қағидаларын әзірлеу;
59) жер қойнауының мемлекеттік мониторингін, геологиялық ақпаратты жинауды және жинақтап қорытуды жүзеге асыру;
60) өздігінен ағып жататын иесіз және авариялық мұнай-газ ұңғымаларды жоюды және консервациялауды жүзеге асыру;
61) пайдалы қазбалар қорларын мемлекеттік есепке алу бойынша ақпаратты мемлекеттік органдарға ұсыну;
62) 01.01.2024 дейін қолданыста болды – осы бұйрықтың 5-т. қараңыз.63) геологиялық ақпаратты жариялау немесе оған ашық қолжетімділік жасау арқылы ашып көрсету;
64) керндерді Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге әкетуге рұқсат беру;
65) жер қойнауын пайдаланушының геологиялық ақпараттың сынамалар түріндегі табиғи жеткізгіштерін иеліктен шығаруы және (немесе) сынамаларды Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге әкетуге рұқсат беру;
66) ұңғымадан көмірсутектердің ағымын құжатпен растау арқылы алу, оның ішінде қабатты сынағышпен сынамалау жүргізген кезде және (немесе) мұнай-газдың мол болуына коллектор-жынысты зертханалық зерттеу кезінде растаған жаңа кенжатынның (кенжатындар жиынтығының) ашылуын растау;
67) жер қойнауын геологиялық зерттеуге берілген лицензиялар бойынша жерасты суларына арналған іздестіру-бағалау жұмыстары жобаларына өзгерістерді келісу;
68) жерасты сулары учаскелері қорларының мемлекеттік сараптамасын ұйымдастыру және жүргізу;
69) жер қойнауын пайдаланушының балансына ұңғымаларды, технологиялық бірліктерді қабылдау және беру;
70) жер қойнауының мемлекеттік мониторингін жүзеге асыру тәртібін айқындау;
71) жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу бойынша жұмыстарды жүргізуге арналған уақыт нормалары мен бағасын әзірлеу;
72) жер қойнауына мемлекеттік сараптама жүргізу тәртібін әзірлеу;
73) жер қойнауын сараптау жөніндегі мемлекеттік комиссия туралы ережені және оның құрамын әзірлеу;
74) жер қойнауы кеңістігін пайдалануға лицензия алуға өтініш нысандарын әзірлеу;
75) жер қойнауының мемлекеттік мониторингін жүзеге асыру тәртібін айқындау;
76) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша қатты (кең таралған) пайдалы қазбалардың минералдануын (көрінуін) растау қағидаларын әзірлеу;
77) геологиялық және тау-кен бөлулерін беру және қайта ресімдеу қағидаларын әзірлеу;
78) кен орындарының қорлары мен болжамды ресурстарды сыныптау әдістемесін, пайдалы қазбалардың, оның ішінде дәстүрлі емес көмірсутектерге жатқызылатындарының қорларын есептеу жөніндегі нұсқаулықтарды әзірлеу;
79) ашық қолжетімділікте жариялануға жататын, мемлекеттік жер қойнауы қорын басқару бағдарламасына енгізілген жер қойнауы учаскелері жөніндегі мәліметтердің тізбесі мен құрамын құзыретті органмен бірлесіп бекітеді;
80) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Үкiметiнiң актiлерiнде және Министрдің бұйрықтарында көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асыру.
16. Комитеттің құқықтары мен міндеттері:
Комитет құқықтары:
1) өз құзыреті шегінде бұйрықтарды шығару;
2) Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінен, мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды тұлғаларынан қажетті ақпарат пен материалдарды сұрау және алу;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;
4) Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестер, семинарлар, конференциялар, дөңгелек үстелдер, конкурстар және өзге шараларды өткізу;
5) қызметінің жетекшілік ететін бағыттары бойынша консультативтік-кеңесші органдарын (жұмыс топтарын, комиссияларды, кеңестерді) құру жөнінде ұсыныстар енгізу;
6) өз құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша сараптамаларға қатысу үшін тиісті мамандарды тарту;
7) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге құқықтарды жүзеге асыру.
Комитеттің міндеттері:
1) Комитетке жүктелген міндеттер мен функцияларды іске асыруды қамтамасыз ету;
2) өз құзыреті шегінде заңдарды және өзге нормативтік құқықтық актілерді, оның ішінде мемлекеттік құпияларды қорғау және заңмен қорғалатын жеке және заңды тұлғалардың мүдделері саласындағы заңдарды сақтауды қамтамасыз ету;
3) Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша түсініктемелер дайындау;
4) Комитет теңгеріміндегі мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз ету;
5) бухгалтерлік есепті жүргізу, бухгалтерлік және қаржылық есептілікті жасау және Министрлікке беру;
6) Комитетке бөлінген бюджеттік қаражатты толық, уақтылы және тиімді пайдалануды қамтамасыз ету;
7) мемлекеттік сатып алу рәсімдерін "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүргізу;
8) Қазақстан Республикасы заңдарының және өзге де нормативтік құқықтық актілердің сақталуын қамтамасыз ету;
9) Осы ережеге сәйкес Комитетке жүктелген функцияларды уақтылы және толық орындау.
3-тарау. Комитеттің қызметін ұйымдастыру
17. Комитет басшылығын төраға жүзеге асырады, Комитетке жүктелген міндеттердің орындалуына және өз функцияларын оның жүзеге асыруына жауапты болады.
18. Комитетті Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің бұйрығымен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын төраға басқарады.
19. Комитет төрағасының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Аппарат басшысының бұйрығымен лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары бар.
20. Комитет төрағасының өкілеттіктері:
1) өзінің құзыреті шегінде бұйрықтарға қол қояды;
2) заңнамаға сәйкес Комитет қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады (еңбек қатынастары мәселелері заңнамалық актілерге сәйкес жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда);
3) Министрліктің келісімі бойынша ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
4) аумақтық бөлімшелердің басшы орынбасарларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
5) Министрге аумақтық органдардың басшыларын тәртіптік жауаптылыққа тарту туралы ұсыныстар енгізеді;
6) өзінің орынбасарларының, Комитеттің құрылымдық бөлімшелері, аумақтық органдары және ведомстволық бағынысты ұйымдары басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;
7) өзінің құзыреті шегінде Комитетте сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жасауға бағытталған шаралар қолданады және сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жасау бойынша шаралар қолданылуы үшін дербес жауаптылықта болады;
8) Комитет қызметкерлерін (еңбек қатынастары мәселелері заңнамалық актілерге сәйкес жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда), сондай-ақ ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшылары мен олардың орынбасарларын ынталандырады және оларға тәртіптік жаза қолданады;
9) аумақтық бөлімшелердің басшыларына іссапарға жіберу (шетелге іссапарға жіберуді қоспағанда), материалдық көмек көрсету, даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемеақылар төлеу мәселелерін шешеді;
10) заңнамада белгіленген тәртіппен аумақтық органдардың басшылардың орынбасарларын, ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшылары мен олардың орынбасарларын, сондай-ақ Комитет қызметкерлерін (еңбек қатынастары мәселелері заңнамалық актілерге сәйкес жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда) іссапарға жіберу, демалыс беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, үстемақы төлеу және сыйақы беру мәселелерін шешеді;
11) құрылымдық бөлімшелердің ережелерін және өзінің құзыреті шегінде Комитеттің ведомстволық бағынысты ұйымдарының құрылтай құжаттарын, сондай-ақ Комитеттің қарамағындағы аумақтық органдардың ережелерін бекітеді;
12) Комитет қызметкерлерінің, ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшылары мен олардың орынбасарларының (еңбек қатынастары мәселелері заңнамалық актілерге сәйкес жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда) лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
13) Комитеттің ведомстволық бағынысты ұйымдарының құрылымы мен штат кестелерін келісімдейді;
14) реттелмелі салада мемлекеттік саясатты қалыптастыру жөнінде ұсыныстар тұжырымдайды;
15) аумақтық органдардың Комитетпен өзара іс-қимыл жасау құзыреті мен тәртібін айқындайды;
16) аумақтық органдар мен ведомстволық бағынысты ұйымдар актілерінің күшін жояды немесе қолданылуын толық немесе ішінара тоқтатады;
17) мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарда сенімхатсыз Комитеттің өкілі болады;
18) Комитетте қаржы-шаруашылық қызметіне және мемлекеттік сатып алуды өткізуге жалпы басшылықты жүзеге асырады;
19) Қазақстан Республикасының заңдары мен Президентінің актілеріне сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Комитет төрағасы болмаған кезде оның өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
21. Комитет төрағасы орынбасарларының өкілеттіктері:
1) өз өкілеттіктері шегінде Комитет қызметін үйлестіру;
2) төраға болмаған кезеңде Комитет қызметінің жалпы басшылығын жүзеге асыру;
3) Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес өзге қызметтерді жүзеге асыру.
4-тарау. Комитеттің мүлкі
22. Комитеттің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Комитеттің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
23. Комитетке бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.
24. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзге анықталмаса, Комитет өзіне бекітілген және оған қаржыландыру жоспары бойынша берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті дербес иеліктен шығаруға немесе өзге тәсілмен жеке өкілдік етуге құқығы жоқ.
5-тарау. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату
25. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі
1. "Ұлттық геологиялық қызмет" акционерлік қоғамы.
Комитеттің қарамағындағы аумақтық органдардың тізбесі
1. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Геология комитетiнiң "Шығысқазжерқойнауы" Шығыс Қазақстан өңiраралық геология департаментi" республикалық мемлекеттік мекемесі.
2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Геология комитетiнiң "Батысқазжерқойнауы" Батыс Қазақстан өңiраралық геология департаментi" республикалық мемлекеттік мекемесі.
3. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Геология комитетiнiң "Солтүстiкқазжерқойнауы" Солтүстiк Қазақстан өңiраралық геология департаментi" республикалық мемлекеттік мекемесі.
4. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Геология комитетiнiң "Орталыққазжерқойнауы" Орталық Қазақстан өңiраралық геология департаментi" республикалық мемлекеттік мекемесі.
5. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Геология комитетiнiң "Оңтүстiкқазжерқойнауы" Оңтүстiк Қазақстан өңiраралық геология департаментi" республикалық мемлекеттік мекемесі.