"Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 866 қаулысының 2-тармағының 2-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2023 жылғы 27 қыркүйектегі № 386-НҚ бұйрығына мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесінде:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 6-тараумен толықтырылсын:
"6-тарау. Комитетінің қарамағындағы республикалық мемлекеттік мекемелердің тізбесі
25. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық ету жөніндегі уәкілетті орган болып айқындалатын республикалық заңды тұлғалардың тізбесі:
1. "Орталық мемлекеттік архив" республикалық мемлекеттік мекемесі;
2. "Орталық мемлекеттік кино-фото құжаттар мен дыбыс жазбалары архиві" республикалық мемлекеттік мекемесі;
3. "Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві" республикалық мемлекеттік мекемесі;
4. "Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы" республикалық мемлекеттік мекемесі;
5. "Қазақстан Республикасының Ұлттық архиві" республикалық мемлекеттік мекемесі;
6. "Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы" республикалық мемлекеттік мекемесі;
7. "Геральдикалық зерттеулер орталығы" республикалық мемлекеттік мекемесі.
8. "Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы" республикалық мемлекеттік мекемесі;
9. "Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхана" республикалық мемлекеттік мекемесі;
10. "Астана қаласындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы" республикалық мемлекеттік мекемесі.".
2. Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрық бекітілген күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде оны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына электрондық нысанда қазақ және орыс тілдерінде жіберуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат Министрі |
А. Балаева |