"Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларға және тұрғын үй көмегін алушыларға тауарлық газға ваучерлер беру" қызметін көрсету жөніндегі пилоттық жобаны іске қосу туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің м.а. 2024 жылғы 4 желтоқсандағы № 440, Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2024 жылғы 4 желтоқсандағы № 759/НҚ, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 2024 жылғы 4 желтоқсандағы № 446 және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2024 жылғы 5 желтоқсандағы № 107 бірлескен бұйрығы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 8-тармақтан қараңыз

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 168) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 501 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі туралы ереженің 14-тармағының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 16 наурыздағы № 128 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кейбір мәселелері туралы ереженің 14-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Қ.Б. Есекеевтің төрағалығымен өткен Деректерді өңдеу орталығын және суперкомпьютер салу жобасын іске асыру жөніндегі жұмыс тобы отырысының 2024 жылғы 29 қазандағы № 24-62-2,26 хаттамасының 3-тармағын орындау үшін, БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. Шымкент қаласы мен Батыс Қазақстан облысында "Әлеуметтік әмиян" арқылы халықты мемлекеттік қолдаудың монетарлық емес шаралары режимінде "Smart Data Ukimet" ақпараттық-талдау жүйесінде іске асырылған "Отбасының цифрлық картасы" талдамалық шешімі арқылы проактивті тәсілмен "Атаулы әлеуметтік көмек алушыларға және тұрғын үй көмегін алушыларға тауарлық газға ваучерлер беру" қызметін көрсету жөніндегі пилоттық жоба (бұдан әрі – пилоттық жоба) іске қосылсын.

      2. Осы бірлескен бұйрыққа қосымшаға сәйкес Пилоттық жобаны іске асыру алгоритмі бекітілсін.

      3. Пилоттық жобаның қолданылу мерзімі 2024 жылғы 5 желтоқсаннан бастап 2025 жылғы 30 сәуірді қоса алған кезеңге дейін белгіленсін.

      4. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Газ өнеркәсібі, цифрландыру департаменттері және "QazaqGaz Aimaq" акционерлік қоғамы (келісу бойынша):

      1) "Smart Bridge"-ге өтінім беру арқылы дербес деректерге қолжетімділікті бақылаудың мемлекеттік сервисіне (бұдан әрі – ДДҚ сервисі) қосылуды;

      2) "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес пилоттық жоба шеңберінде қызмет көрсету кезінде ДДҚ сервисі арқылы субъектіден дербес немесе оның заңды өкілінің деректерін алуды;

      3) пилоттық жобаны тауарлық газды есепке алу аспаптары бар атаулы әлеуметтік көмек және тұрғын үй көмегін алушыларға тауарлық газ төлеміне жеңілдіктер қолдану үшін "Газ және газбен жабдықтау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 5-тармағының 6-2) тармақшасына сәйкес Шымкент қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 18 қарашадағы № 6014 және Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2024 жылғы № 309 қаулыларымен бекітілген Шымкент қаласы мен Батыс Қазақстан облысындағы айлық тұтыну нормаларын ескере отырып іске асыруды қамтамасыз етсін.

      5. Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігінің Газ өнеркәсібі, Цифрландыру департаменттері, Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті, "QazaqGaz Aimaq" акционерлік қоғамы (келісу бойынша) "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 49-бабы 2-тармағының 4) және 6) тармақшаларына, 38-бабы 2-тармағының 1) және 5-1) тармақшаларына, 54-бабы 3-тармағының 3-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 29 наурыздағы № 123 бұйрығымен бекітілген "Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін интеграциялау қағидаларының 4 және 8-тармақтарына сәйкес пилоттық жоба мерзімі аяқталғаннан кейін және өзінің ақпараттық жүйесінің өнеркәсіптік іске қосылуына дейін:

      1) ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкес сынаудың оң нәтижелерімен хаттамаларды алуды;

      2) өзінің ақпараттық қауіпсіздіктің жедел орталығының (бұдан әрі – Орталық) болуын және оның жұмыс істеуін немесе Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне ақпараттық қауіпсіздіктің жедел орталығы қызметін сәйкес үшінші тұлғалардан сатып алуын, сондай-ақ Орталықтың Ұлттық ақпараттық қауіпсіздік координациялық орталығымен өзара әрекеттесуін;

      3) мемлекеттік және мемлекеттік емес ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі бірлескен жұмыстар шартының болуын;

      4) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 832 қаулысымен бекітілген Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарына сәйкестендіру бойынша шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.

      6. Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігінің Газ өнеркәсібі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бірлескен бұйрыққа мемлекеттік органдар басшыларының соңғысы қол қойған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      2) осы бірлескен бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      7. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі, ұлттық экономика вице-министрлеріне жүктелсін.

      8. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2025 жылғы 30 сәуірге дейін қолданылады.

      Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің міндетін атқарушы
_______А. Ертаев
      Қазақстан Республикасының Цифрлық даму,
инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі
_____Ж. Мадиев
      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Ұлттық экономика министрі
________Н. Байбазаров
      Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің міндетін атқарушы
_______Е. Аккенженов

  2024 жылғы 4 желтоқсандағы
№ 446, Қазақстан
Республикасының Цифрлық
даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрі
2024 жылғы 4 желтоқсандағы
№ 759/НҚ,
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары – Ұлттық
экономика министрі
2024 жылғы 5 желтоқсандағы
№ 107 мен
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
міндетін атқарушы
2024 жылғы 4 желтоқсандағы
№ 440 Бірлескен бұйрығына
қосымша

"Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек және тұрғын үй көмегін алушыларға тауарлық газға ваучерлер ұсыну" қызметін көрсету бойынша пилоттық жобаны іске асыру және пилоттық жобаны іске асыру барысында мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өзара іс-қимыл жасасу алгоритмі

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек және тұрғын үй көмегін алушыларға тауарлық газға ваучерлер ұсыну" қызметін көрсету жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру алгоритмі (бұдан әрі – Алгоритм) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек және тұрғын үй көмегін алушыларға тауарлық газға цифрлық ваучерлер ұсыну жолымен азаматтардың әлеуметтік осал санаттарын тиімді атаулы қолдауды қамтамасыз етуге бағытталған.

      2. Осы Алгоритмде мынадай негізгі ұғымдар мен қысқартулар пайдаланылады:

      1) абоненттік нөмір – ұялы байланыс операторымен шарт жасасу кезінде Әлеуетті көрсетілетін қызметті алушыға пайдалануға берілетін нөмір, басқа абоненттік жабдықпен байланыс орнатылады және абонентті желіде сәйкестендіруге мүмкіндік береді;

      2) әлеуетті көрсетілетін қызметті алушы – пилоттық жоба жүргізілетін өңірлерде тұратын мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек және (немесе) тұрғын үй көмегін алушы;

      3) "Әлеуметтік әмиян" сервисі (бұдан әрі – Әмиян) – цифрлық ваучерлерді есепке алуға және сақтауға арналған, оларға иeлік етуді қамтамасыз ететін, еGov Mobile-ға енгізілген жеке тұлғаның электрондық әмияны;

      4) "Әлеуметтік әмиян" сервисін әзірлеуші – eGov Mobile қосымшасында орналастырылған "Әлеуметтік әмиян" сервисіне айрықша авторлық құқығы бар "Aitu – Төлем шешімдері" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;

      5) ваучер сомасы (бұдан әрі – Шегерім) – Кызметті көрсетуші Көрсетілетін қызметті алушыға ұсынатын тауарлық газдың есептелген көлеміне жеңілдік сомасы. Жеңілдік Қызмет алушы тұтынатын тауарлық газ көлемінің жеңілдікке көбейтіндісі ретінде есептеледі. Ең жоғары жеңілдік "Газ және газбен жабдықтау туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 7-бабының 6-2-тармағына сәйкес жергілікті атқарушы орган бекіткен Айлық тұтыну нормасына жеңілдіктің туындысынан аспайды.

      6) дербес шоттың нөмірі (бұдан әрі – дербес шот) – тауарлық газды бөлшек саудада өткізудің жария шарты шеңберінде Көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелерінде тауарлық газды тұтыну көлемін есепке алу үшін Көрсетілетін қызметті алушыға берілген бірегей сәйкестендіру нөмірі;

      7) жеңілдік – тұрмыстық тұтынушылар (халық) (тұтынушылардың 1 тобы) және мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек және (немесе) тұрғын үй көмегін алатын тұрмыстық тұтынушылар (халық) (тұтынушылардың 9 тобы) үшін тауарлық газ бағасының айырмасы;

      8) көрсетілетін қызмет – Көрсетілетін қызметті алушыларға ваучерлер ұсыну;

      9) көрсетілетін қызметті алушы – Алгоритмге 1-қосымшаға сәйкес жауап берілген SMS-хабарлама арқылы Көрсетілетін қызметті алуға келісім берген Әлеуетті көрсетілетін қызметті алушы;

      10) көрсетілетін қызметті беруші – қызмет көрсететін ұйым болып табылатын "QazaqGaz Aimaq" акционерлік қоғамы;

      11) қосымшалар дүкені – мобильді қосымшалардың цифрлық дүкені, оның көмегімен абоненттің смартфонына "электрондық үкімет" порталының "eGov Mobile" мобильді қосымшасын орнатуға болады;

      12) қысқа мәтіндік хабарлама (бұдан әрі – SMS-хабарлама) – ұялы байланыс операторының ұялы байланыс желісі арқылы ақпаратты қабылдауы және беру бойынша көрсететін қызметі;

      13) мемлекеттік қолдаудың монетарлық емес шаралары – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің (бұдан әрі – ЕХӘҚМ) 2023 жылғы 21 маусымдағы № 227 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32885 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу қағидаларына сәйкес мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларға және Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33763 болып тіркелген) бекітілген Тұрғын үй көмегін беру қағидаларына сәйкес тұрғын үй көмегін алушыларға ақшалай баламасы жоқ тауарлар немесе көрсетілетін қызметтер түрінде беретін көмек;

      14) мобильді азаматтар базасы (бұдан әрі – МАБ) – "электрондық үкімет" пайдаланушыларының ұялы байланыс желісі абоненттік нөмірлерінің бірыңғай базасы, абоненттік смартфондар арқылы мемлекеттік қызметтер көрсету және ақпараттық хабарламалар жіберу, сондай-ақ Көрсетілетін қызметті берушінің бастамасы бойынша Көрсетілетін қызметті алушының өтінішінсіз Проактивті тәсілмен мемлекеттік қызметтер көрсету үшін пайдаланылады.

      15) "Отбасының цифрлық картасы" талдамалық шешімі (бұдан әрі – ОЦК) – "Smart Data Ukimet" ақпараттық-талдамалық жүйесінде іске асырылған талдамалық кейс;

      16) пилоттық жоба – "Әлеуметтік әмиян" сервисі арқылы Халықты мемлекеттік қолдаудың монетарлық емес шаралары режимінде қызмет көрсету бойынша Проактивті тәсілмен қызмет көрсетудің орындылығын, талап етілетін уақытты, шығындарды, жанама құбылыстардың болуын немесе болмауын бағалау және әсер мөлшерін бағалау мақсатында жүзеге асырылатын жоба;

      17) проактивті тәсіл – Көрсетілетін қызметті берушінің бастамасы бойынша Көрсетілетін қызметті алушының өтінішінсіз көрсетілетін қызмет;

      18) тауарлық газға ваучер (бұдан әрі – ваучер) – ОЦК арқылы Проактивті тәсілмен жүзеге асырылатын, цифрлық түрде алынатын "Әлеуметтік әмиян" сервисі арқылы мемлекеттік қолдаудың Монетарлық емес шараларын көрсету құралы;

      19) "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – ЭҮП) – нормативтік құқықтық базаны, электрондық нысанда мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне қолжетімділікті қоса алғанда, барлық шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа қол жеткізудің бірыңғай терезесі болып табылатын ақпараттық жүйе;

      20) "Электрондық үкімет" порталының "eGov Mobile" мобильді қосымшасы (бұдан әрі – eGov Mobile) – абонент смартфонына орнатылған және іске қосылған, Интернет желісі арқылы электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтер мен өзге де көрсетілетін қызметтерге қол жеткізуді ұсынатын бағдарламалық өнім;

      21) халыққа қызмет көрсету операциялық қызметі – көрсетілетін қызметті беруші құрған, газ тұтынушыларымен сапалы және жедел ақпараттық-консультациялық өзара іс-қимылды қамтамасыз етуге жауапты қызмет;

      22) "Smart Data Ukimet" ақпараттық-талдау жүйесі (бұдан әрі – SDU) –мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде жинақталатын деректерді жинауға, сақтауға және кешенді талдауға арналған жүйе және мемлекеттік органдарға деректерге негізделген тиімді басқару шешімдерін қабылдау үшін талдамалық платформа ұсынады.

      Осы Алгоритмде пайдаланылатын барлық өзге терминдер "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы", "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының заңдарында және өзге де нормативтік құқықтық актілерде қолданылатын мағынада пайдаланылады.

2-тарау. Пилоттық жобаны іске асыру

      3. Көрсетілетін қызмет көрсетуге арналған Пилоттық жоба осы Алгоритмде айқындалған тәртіппен Әмиян арқылы халықты мемлекеттік қолдаудың монетарлық емес шаралары режимінде Проактивті тәсілмен іске асырылады.

      4. Пилоттық жоба 2024 жылғы 5 желтоқсаннан бастап 2025 жылғы 30 сәуірді қоса алған кезеңде Қазақстан Республикасының Шымкент қаласында және Батыс Қазақстан облысында 5 (бес) айға дейінгі мерзімде іске асырылады.

3-тарау. Ваучерлер

      5. Пилоттық жоба кезеңінде Әлеуетті көрсетілетін қызметті алушыларға Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 1 ақпандағы № 36 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14778 болып тіркелген) бекітілген Қоғамдық маңызы бар нарықтарда баға белгілеу қағидаларына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті немесе оның аумақтық департаменті "QazaqGaz Aimaq" акционерлік қоғамы тұтынушылары үшін келісілген тұрмыстық тұтынушыларға (1-топ тұтынушылары) арналған бағалар қолданылады.

      6. Ваучерлер әрбір Көрсетілетін қызметті алушыға бөлінеді.

      7. Ваучерді белсендіруді Көрсетілетін қызметті алушы ай сайын ағымдағы айдың 7-нен бастап 25-ін қоса алған күні жүзеге асырады. Ваучерді ағымдағы айдың 25-інен кейін белсендіру мүмкін болмайды.

      8. Бір Жеке шотқа тек бір ваучер белсендіріледі.

      9. Көрсетілетін қызмет шеңберінде берілген, белсендірілмеген ваучерлердің ағымдағы айдың 25-күніне дейін қолданылу мерзімі бар.

      10. Ваучердің белсендірілуі болмаған жағдайда тұрмыстық тұтынушылар (халық) (тұтынушылардың 1-тобы) үшін тауарлық газдың бағасы қолданылады.

4-тарау. Ваучерді беру және пайдалану тетігі

      11. SDU Үкіметінің 2024 жылғы 7 қарашадағы № 925 қаулысымен бекітілген Деректерді басқару жөніндегі талаптар мен қызмет көрсету үшін қолданыстағы шарттарға сәйкес ОЦК-ден алынған мәліметтер негізінде Әлеуетті көрсетілетін қызметті алушылардың тізімін сегменттейді және қалыптастырады.

      12. SDU Әлеуетті көрсетілетін қызметті алушылардың қалыптастырылған тізімін ЭҮП-ге береді.

      13. ЭҮП-де алынған Әлеуетті көрсетілетін қызметті алушылардың тізімі бойынша SMS-хабарлама жіберу үшін көрсетілетін қызметті алушының МАБ-да абоненттік нөмірінің бар-жоғына автоматты тексеру жүргізіледі.

      14. Әлеуетті көрсетілетін қызметті алушылардың абоненттік нөмірлердің өзектілігі мен дұрыстығына "Ұлттық Ақпараттық Технологиялар" АҚ-ға тиесілі МАБ жауап береді.

      15. МАБ-та Әлеуетті көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмір болмаған жағдайда, ЭҮП Көрсетілетін қызмет процесін аяқтауға бастамашылық жасайды. Әлеуетті көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірдің жоқтығы туралы жазба ЭҮП тіркеу журналында тіркеледі және SDU-ға беріледі.

      16. Әлеуетті көрсетілетін қызметті алушының МАБ-да абоненттік нөмірі болған жағдайда, ағымдағы айдың 7-сі күні осы Алгоритмге 1-қосымшаға сәйкес Көрсетілген қызметті көрсетуге оның келісімін алу үшін сұрау салуға бастамашылық жасайтын Әлеуетті көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланысының абоненттік құрылғысына SMS-хабарлама жіберу жүзеге асырылады.

      17. Әлеуетті көрсетілетін қызметті алушылардың тізімі SDU-да қажеттілігіне қарай ағымдағы айдың 14-күніне дейін жаңартылады.

      18. Ағымдағы айдың 7-нен бастап 14-ін қоса алғанда Әлеуетті көрсетілетін қызметті алушылардың тізімі SDU-да жаңартылған жағдайда, Әлеуетті көрсетілетін қызметті алушылардың ұялы байланысының абоненттік құрылғысына SMS-хабарлама жіберу жүзеге асырылады, онда осы Алгоритмге 1-қосымшаға сәйкес Көрсетілетін қызметті көрсетуге оның келісімін алу үшін сұрау салуға бастама жасалады. Алгоритмнің осы тармағына сәйкес SMS-хабарлама ағымдағы айда бұрын SMS-хабарлама жіберілмеген Әлеуетті көрсетілетін қызметті алушыларға ғана жіберіледі.

      19. Әлеуетті көрсетілетін қызметті алушыдан SMS-хабарламаға жауап болмаған жағдайда, 7 күнтізбелік күн өткеннен кейін Әлеуетті көрсетілетін қызметті алушыға қайтадан SMS–хабарлама жіберіледі. Әлеуетті көрсетілетін қызметті алушыдан ағымдағы айдың 25-күніне дейін жауап болмаған кезде немесе Әлеуетті көрсетілетін қызметті алушы Көрсетілген қызметтен бас тартқан кезде ағымдағы айда ваучерді белсендіру мүмкіндігі тоқтатылады.

      20. Алгоритмге 1–қосымшаға сәйкес жауап SMS-хабарлама арқылы Көрсетілетін қызметті алуға келісім берген Әлеуетті көрсетілетін қызметті алушы Көрсетілетін қызметті алушы болады.

      21. Келісімді алғаннан кейін ЭҮП Көрсетілетін қызметті алушылардың деректерін Әмиянға жібереді, оның негізінде тауарлық газға ваучерлер ашылады. Көрсетілетін қызметті алушы SMS-хабарламада көрсетілген сілтеме бойынша өтіп не eGov Mobile қосымшалар дүкені арқылы өз бетінше жүктеп алып, Әмиянға кіру үшін eGov Mobile-ға ауысады.

      22. Әмиянда ЭҮП-ден алынған Көрсетілетін қызметті алушылардың деректері негізінде ваучерлер автоматты түрде қалыптастырылады.

      23. Көрсетілетін қызметті алушыда eGov Mobile қолжетімділігі бар құрылғы болмаған жағдайда, Көрсетілетін қызметті алушы Көрсетілетін қызметті берушінің халыққа қызмет көрсету операциялық қызметтерінде ваучерді белсендіре алады.

      24. Көрсетілетін қызметті алушы Әмиянға Дербес шотты енгізеді. Әрі қарай Әмиян ваучерлерді пайдаланудың барлық шарттары көрсетілген ақпараттық хабарламаны (жария оферта) шығарады.

      25. Көрсетілетін қызметті алушы "Жалғастыру" түймешігін басу арқылы офертамен танысқанын растайды.

      26. Көрсетілетін қызметті алушы Дербес шотты, Әмиянды енгізген кезде ағымдағы айда енгізілген Дербес шотта белсендірілген ваучердің болуын тексеру жүргізіледі, белсендіру болған кезде Көрсетілетін қызметті алушыда қате шығады.

      27. Дербес шот Әмиянмен көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйесіне беріледі. Көрсетілетін қызметті беруші өзінің ақпараттық жүйелерінде Дербес шоттың болуын тексеруді жүргізеді.

      28. Көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелерінде енгізілген Дербес шот болмаған жағдайда, бұл туралы ақпарат Әмиянға беріледі. Әмиян Көрсетілетін қызметті алушыға қате туралы – Дербес шоттың немесе дұрыс енгізілмеген Дербес шоттың жоқтығы туралы хабарламаны көрсетеді және Дербес шотты қайта енгізуге мүмкіндік береді.

      29. Көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелерінде Дербес шот болған жағдайда Дербес шоттың деректері Көрсетілетін қызметті алушыға көрсету үшін Әмиянға беріледі.

      30. Көрсетілетін қызметті алушы Жеке шоттың көрсетілетін деректерін салыстырып тексеруден кейін "Растау" батырмасын басу арқылы ваучерді белсендіреді. Әмиян Көрсетілетін қызметті алушыға ваучердің сәтті белсендірілгені туралы хабарламаны көрсетеді.

      31. Әмиян, ағымдағы айдың 26-күні белсендірілген ваучерлердің қалыптастырылған тізімін Көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйесіне жібереді.

      32. Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға тауарлық газды тұтыну көлемін есептегеннен кейін Жеңілдікті есептейді.

      33. Көрсетілетін қызметті беруші Жеңілдікті ескере отырып, тұрмыстық тұтынушылар (халық) (тұтынушылардың 1-тобы) үшін баға бойынша тауарлық газдың тұтынылған көлеміне түбіртекті береді.

      34. Көрсетілетін қызметті беруші қолданылған Жеңілдік бойынша ақпаратты Әмиянға береді. Әмиян осы ақпаратты Көрсетілетін қызметті алушыға көрсетеді.

      35. Әмиянды әзірлеуші Әмиянның дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.

  "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік
көмек және тұрғын үй көмегін
алушыларға тауарлық газға
ваучерлер ұсыну" қызметін
көрсету бойынша пилоттық
жобаны іске асыру және
пилоттық жобаны іске асыру
барысында мемлекеттік
органдар мен ұйымдардың өзара
іс-қимыл жасасу алгоритміне
қосымша

      Әлеуетті көрсетілетін қызметті алушыға Проактивті тәсілмен қызмет көрсетуге оның келісімін алу үшін сұрау салу.

      1. SMS-хабарлама – бастапқы:

      "Құрметті________________!

      (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      Сіздің отбасыңызға тауарлық газ ваучері қолжетімді.

      Тауарлық газға ваучер алу үшін мынадай мәтінмен SMS жіберіңіз:

      3#1. Егер Сіз келіспесеңіз 3#2 енгізіңіз не осы хабарламаны елемеңіз. Ағымдағы айдың 25-күніне дейін жауап беру керек.

      Сіз 3#1 мәтінді жіберген кезде "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес, "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек және тұрғын үй көмегін алушыларға тауарлық газға ваучерлер ұсыну" қызметін көрсету үшін қажетті жалпыға қолжетімді дербес деректерді және қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді жинауға, өңдеуге және беруге өз келісіміңізді растайсыз.

      Осы келісім көрсетілген қызметті көрсету кезеңіне жарамды. Дербес деректерді үшінші тұлғаларға берудің және трансшекаралық берудің жоғын атап өтеміз.

      Сұрақтар туындаған жағдайда 1414 нөмірі бойынша Call–орталыққа хабарласа аласыз. Қоңырау шалу тегін.".

      2. Әлеуетті көрсетілетін қызметті алушы бас тартқан жағдайда берілетін жауап SMS-хабарлама (көрсетілетін қызметті алушы 3#2 терген жағдайда):

      "Сіз көрсетілетін қызметті алудан бас тарттыңыз.".

      3. Әлеуетті көрсетілетін қызметті алушы келісім берген жағдайда, берілетін жауап, SMS-хабарлама (Әлеуетті көрсетілетін қызметті алушы 3#1 терген жағдайда):

      "Сіздің тауарлық газға ваучер алуға келісіміңіз оң өңделді. Ваучерді алу үшін eGov mobile электрондық үкіметінің мобильді қосымшасындағы "Әлеуметтік әмиян" қосымшасына https://egovmobile.page.link/socwallet сілтеме бойынша тіркелу қажет.".

О запуске пилотного проекта по оказанию услуги "Предоставление ваучеров на товарный газ получателям государственной адресной социальной и жилищной помощи"

Совместный приказ и.о. Министра энергетики Республики Казахстан от 4 декабря 2024 года № 440, Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 4 декабря 2024 года № 759/НҚ, и.о. Министра труда и социальной защиты населения от 4 декабря 2024 года № 446 и Заместителя Премьер-Министра - Министра национальной экономики Республики Казахстан от 5 декабря 2024 года № 107

      Примечание ИЗПИ!
Введение в действие см. п. 8.

      В соответствии со статьей 22 Закона "О государственных услугах", с подпунктом 3) пункта 15 Положения о Министерстве энергетики Республики Казахстан, утвержденного постановлением Правительства Республики Казахстан от 19 сентября 2014 года № 994, подпунктом 168) пункта 15 Положения о Министерстве национальной экономики Республики Казахстан, утвержденного постановлением Правительства Республики Казахстан от 24 сентября 2014 года № 1011, подпунктом 1) пункта 14 Положения о Министерстве цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан, утвержденного постановлением Правительства Республики Казахстан от 12 июля 2019 года № 501, подпунктом 1) пункта 14 Положения о некоторых вопросах Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан, утвержденного постановлением Правительства Республики Казахстан от 16 марта 2022 года № 128, а также во исполнение пункта 3 Протокола заседания Рабочей группы по реализации проекта строительства центра обработки данных и суперкомпьютера под председательством советника Президента Республики Казахстан Есекеева К.Б. от 29 октября 2024 года № 24-62-2,26, ПРИКАЗЫВАЕМ:

      1. Запустить пилотный проект по оказанию услуги "Предоставление ваучеров на товарный газ получателям государственной адресной социальной и жилищной помощи" (далее – пилотный проект) проактивным способом посредством аналитического решения "Цифровая карта семьи", реализованного в информационно-аналитической системе "Smart Data Ukimet" в режиме немонетарных мер государственной поддержки населения через "Социальный кошелек" в городе Шымкент и Западно-Казахстанской области.

      2. Утвердить Алгоритм реализации пилотного проекта согласно приложению к настоящему совместному приказу.

      3. Определить срок действия пилотного проекта с 5 декабря 2024 года по 30 апреля 2025 года.

      4. Департаментам газовой промышленности, цифровизации Министерства энергетики Республики Казахстан и акционерному обществу "QazaqGaz Aimaq" (по согласованию) обеспечить:

      1) подключение к государственному сервису контроля доступа к персональным данным (далее – сервис КДП) посредством подачи заявки в "Smart Bridge";

      2) при оказании услуг в рамках пилотного проекта получение согласия субъекта персональных данных или его законного представителя посредством сервиса КДП в соответствии с законодательством Республики Казахстан "О персональных данных и их защите";

      3) реализацию пилотного проекта с учетом месячных норм потребления для применения льгот по оплате товарного газа получателями адресной социальной и жилищной помощи с приборами учета товарного газа в городе Шымкент и Западно-Казахстанской области, утвержденных постановлением акимата города Шымкент от 18 ноября 2024 года № 6014 и постановлением акимата Западно-Казахстанской области от 18 ноября 2024 года № 309 в соответствии с подпунктом 6-2) пункта 5 статьи 7 Закона Республики Казахстан "О газе и газоснабжении".

      5. Департаментам газовой промышленности, цифровизации Министерства энергетики Республики Казахстан, Комитету государственных услуг Министерства цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан, акционерному обществу "QazaqGaz Aimaq" (по согласованию) по окончании периода пилотного проекта и до ввода в промышленную эксплуатацию своей информационной системы согласно подпунктам 4) и 6) пункта 2 статьи 49, подпунктам 1) и 5-1) пункта 2 статьи 38, подпункту 3-2) пункта 3 статьи 54 Закона Республики Казахстан "Об информатизации", пунктам 4 и 8 Правил интеграции объектов информатизации "электронного правительства", утвержденных приказом исполняющего обязанности Министра информации и коммуникаций Республики Казахстан от 29 марта 2018 года № 123, обеспечить:

      1) получение протоколов с положительными результатами испытаний на соответствие требованиям информационной безопасности;

      2) наличие собственного оперативного центра информационной безопасности (далее – Центр) и его функционирование или приобретение услуги оперативного центра информационной безопасности у третьих лиц в соответствии с Гражданским кодексом Республики Казахстан, а также взаимодействие Центра с Национальным координационным центром информационной безопасности;

      3) наличие договора совместных работ по информационной безопасности государственных и негосударственных информационных систем;

      4) принятие мер по соответствию Единым требованиям в области информационно-коммуникационных технологий и обеспечения информационной безопасности, утвержденным постановлением Правительства Республики Казахстан от 20 декабря 2016 года № 832.

      6. Департаменту газовой промышленности Министерства энергетики Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) в течение пяти рабочих дней со дня подписания последним из руководителей государственных органов настоящего приказа направление его копии в электронном виде на казахском и русском языках в республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Институт законодательства и правовой информации Республики Казахстан" Министерства юстиции Республики Казахстан для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства энергетики Республики Казахстан после его официального опубликования.

      7. Контроль за исполнением настоящего совместного приказа возложить на курирующих вице-министров энергетики, труда и социальной защиты населения, цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности, национальной экономики Республики Казахстан.

      8. Настоящий совместный приказ вводится в действие со дня его первого официального опубликования и действует по 30 апреля 2025 года.

      Исполняющий обязанности
Министра труда и социальной защиты населения
Республики Казахстан
__________А. Ертаев
      Министр цифрового развития, инноваций и
аэрокосмической промышленности
Республики Казахстан
__________Ж. Мадиев
      Заместитель Премьер-Министра –
Министр национальной экономики
Республики Казахстан
__________Н. Байбазаров
      Исполняющий обязанности министра энергетики
Республики Казахстан
__________Е. Аккенженов

  Приложение
к совместному приказу
от 4 декабря 2024 года № 446,
Министр цифрового развития,
инноваций и аэрокосмической
промышленности
Республики Казахстан
от 4 декабря 2024 года
№ 759/НҚ,
Заместитель Премьер-Министра
– Министр национальной
экономики
Республики Казахстан
от 5 декабря 2024 года № 107 и
Исполняющий обязанности
министра энергетики
Республики Казахстан
от 4 декабря 2024 года № 440

Алгоритм реализации пилотного проекта по оказанию услуги "Предоставление ваучеров на товарный газ получателям государственной адресной социальной помощи и (или) жилищной помощи" и взаимодействия государственных органов и организаций в ходе реализации пилотного проекта

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящий Алгоритм реализации пилотного проекта по оказанию услуги "Предоставление ваучеров на товарный газ получателям государственной адресной социальной помощи и (или) жилищной помощи" (далее – Алгоритм) направлен на обеспечение эффективной адресной поддержки социально уязвимых категорий граждан, путем предоставления цифровых ваучеров на товарный газ получателям государственной адресной социальной помощи и жилищной помощи.

      2. В настоящем Алгоритме используются следующие основные понятия и сокращения:

      1) абонентский номер – номер, выделяемый оператором сотовой связи в пользование Потенциальному услугополучателю при заключении договора, с помощью которого устанавливается соединение с другим абонентским оборудованием и позволяющий идентифицировать абонента в сети;

      2) потенциальный услугополучатель – получатель государственной адресной социальной помощи и (или) жилищной помощи, проживающий в регионах проведения пилотного проекта;

      3) сервис "Социальный кошелек" (далее – Кошелек) – электронный кошелек физического лица, используемый в eGov Mobile, предназначенный для учета, хранения цифровых ваучеров и обеспечивающий распоряжение ими;

      4) разработчик сервиса "Социальный кошелек" – товарищество с ограниченной с ответственностью "Aitu Платежные решения", имеющее исключительные авторские права на сервис "Социальный кошелек", размещенный в приложении eGov Mobile;

      5) сумма ваучера (далее – Скидка) – сумма скидки на начисленный объем товарного газа, предоставляемого Услугодателем Услугополучателю. Скидка рассчитывается как произведение потребленного Услугополучателем объема товарного газа на льготу. Максимальная скидка не превышает произведения Льготы на месячную норму потребления, утвержденную местным исполнительным органом в соответствии с пунктом 6-2 статьи 7 Закона Республики Казахстан "О газе и газоснабжении".

      6) номер лицевого счета (далее – лицевой счет) – уникальный идентификационный номер, присвоенный Услугополучателю для учета объема потребления товарного газа в информационных системах Услугодателя в рамках публичного договора розничной реализации товарного газа;

      7) льгота – разница цены товарного газа для бытовых потребителей (население) (1 группа потребителей), и бытовых потребителей (населения), получающих государственную адресную социальную помощь и (или) жилищную помощь (9 группа потребителей);

      8) услуга – предоставление ваучеров Услугополучателям;

      9) услугополучатель – Потенциальный услугополучатель, давший согласие на получение Услуги посредством ответного SMS–сообщения, согласно приложению 1 к Алгоритму.

      10) услугодатель – акционерное общество "QazaqGaz Aimaq", являющееся организацией, которая оказывает Услугу;

      11) магазин приложений – цифровой магазин мобильных приложений, при помощи которого возможно установить на абонентском смартфоне мобильное приложение "eGov Mobile" портала "электронного правительства";

      12) короткое текстовое сообщение (далее – SMS–сообщение) – услуга, оказываемая оператором сотовой связи, по приему и передаче информации посредством сети сотовой связи;

      13) немонетарные меры государственной поддержки – помощь, предоставляемая государством получателям государственной адресной социальной помощи в соответствии с Правилами назначения и выплаты государственной адресной социальной помощи, утвержденными приказом Заместителя Премьер-Министра – Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 21 июня 2023 года № 227 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под w№ 32885), и получателям жилищной помощи в соответствии с Правилами предоставления жилищной помощи, утвержденными приказом Министра промышленности и строительства Республики Казахстан от 8 декабря 2023 года № 117 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 33763), в виде товаров или услуг, не имеющих денежного эквивалента;

      14) база мобильных граждан (далее – БМГ) – единая база абонентских номеров сети сотовой связи пользователей "электронного правительства", используемая для оказания государственных услуг посредством абонентских смартфонов и направления информационных сообщений, а также оказания государственных услуг Проактивным способом без заявления Услугополучателя по инициативе Услугодателя;

      15) аналитическое решение "Цифровая карта семьи" (далее – ЦКC) – аналитический кейс, реализованный в аналитической системе "Smart Data Ukimet";

      16) пилотный проект – проект, осуществляемый с целью оценки целесообразности, требуемого времени, затрат, наличия или отсутствия побочных явлений и оценки размера эффекта по оказанию Услуги Проактивным способом в режиме Немонетарных мер государственной поддержки населения через сервис "Социальный кошелек";

      17) проактивный способ – оказывание услуги по инициативе Услугодателя без заявления Услугополучателя;

      18) ваучер на товарный газ (далее – ваучер) – инструмент оказания Немонетарных мер государственной поддержки через Кошелек, получаемый в цифровом виде, осуществляемый Проактивным способом посредством ЦКС;

      19) веб-портал "электронного правительства" (далее – ПЭП) – информационная система, представляющая собой единое окно доступа ко всей консолидированной правительственной информации, включая нормативную правовую базу, доступ к государственным услугам и услугам субъектов квазигосударственного сектора, оказываемым в электронной форме;

      20) мобильное приложение "eGov Mobile" портала "электронного правительства" (далее – eGov Mobile) – программный продукт, установленный и запущенный на абонентском смартфоне и предоставляющий доступ к государственным услугам и иным услугам, оказываемым в электронной форме, посредством сети Интернет;

      21) операционная служба обслуживания населения – служба, созданная Услугодателем, ответственная за обеспечение качественного и оперативного информационно-консультативного взаимодействия с потребителями газа;

      22) информационно-аналитическая система "Smart Data Ukimet" (далее – SDU) – система, предназначенная для сбора, хранения и комплексного анализа данных, накапливаемых в информационных системах государственных органов и предоставляет государственным органам аналитическую платформу для принятия эффективных управленческих решений, основанных на данных.

      Все иные термины, используемые в настоящем Алгоритме, используются в том значении, в котором они употребляются в Законах Республики Казахстан "О государственных услугах", "Об информатизации" и иных нормативных правовых актах.

Глава 2. Реализация пилотного проекта

      3. Пилотный проект на оказание Услуги реализуется проактивным способом в режиме немонетарных мер государственной поддержки населения через Кошелек в порядке, определенном настоящим Алгоритмом.

      4. Пилотный проект реализуется сроком до 5 (пяти) месяцев в период с 5 декабря 2024 года по 30 апреля 2025 года в городе Шымкент и Западно-Казахстанской области Республики Казахстан.

Глава 3. Ваучеры

      5. В период Пилотного проекта Потенциальным услугополучателям применяются цены для бытовых потребителей (население) (1 группа потребителей), согласованные Комитетом по регулированию естественных монополий Министерства национальной экономики Республики Казахстан или его территориальным департаментом для потребителей акционерного общества АО "QazaqGaz Aimaq" в соответствии с Правилами ценообразования на общественно-значимых рынках, утвержденными приказом Министра национальной экономики Республики Казахстан от 1 февраля 2017 года № 36 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 14778).

      6. Ваучеры выделяются на каждого Услугополучателя.

      7. Активация ваучера осуществляется Услугополучателем ежемесячно с 7-го по 25-е число текущего месяца. Активация ваучера после 25-го числа текущего месяца будет недоступна.

      8. На один Лицевой счет может быть активирован только один ваучер.

      9. Не активированные ваучеры, выданные в рамках Услуги, имеют срок действия до 25-го числа текущего месяца.

      10. В случаях отсутствия активации ваучера применяется цена товарного газа для бытовых потребителей (население) (1 группа потребителей).

Глава 4. Механизм предоставления и использования ваучеров

      11. SDU на основании полученных сведений из ЦКС в соответствии с существующими условиями для оказания Услуги и Требованиями по управлению данными, утвержденными постановлением Правительства Республики Казахстан от 7 ноября 2024 года № 925, сегментирует и формирует список Потенциальных услугополучателей.

      12. Сформированный список Потенциальных услугополучателей SDU передает на ПЭП.

      13. На ПЭП по полученному списку Потенциальных услугополучателей производится автоматическая проверка на наличие абонентских номеров Потенциальных услугополучателей в БМГ для отправки SMS-сообщений.

      14. За актуализацию и корректность абонентских номеров Потенциальных услугополучателей отвечает БМГ, принадлежащая АО "Национальные Информационные Технологии".

      15. В случае отсутствия абонентского номера Потенциального услугополучателя в БМГ, ПЭП инициирует завершение процесса Услуги. Запись об отсутствии абонентского номера Потенциального услугополучателя фиксируется в журнале регистрации ПЭП и передается в SDU.

      16. В случае наличия абонентского номера Потенциального услугополучателя в БМГ, 7-го числа текущего месяца осуществляется отправка SMS-сообщения на абонентское устройство сотовой связи Потенциального услугополучателя, инициирующее запрос для получения его согласия на оказание Услуги, согласно приложению 1 к настоящему Алгоритму.

      17. Список Потенциальных услугополучателей обновляется в SDU по мере необходимости, до 14 числа текущего месяца.

      18. В случае обновления в SDU списка Потенциальных услугополучателей с 7-го по 14-е число текущего месяца, осуществляется отправка SMS-сообщения на абонентское устройство сотовой связи Потенциальных услугополучателей, в котором инициируется запрос для получения его согласия на оказание Услуги, согласно приложению 1 к настоящему Алгоритму. SMS-сообщение, согласно настоящему пункту Алгоритма, направляется только Потенциальным услугополучателям, которым ранее в текущем месяце не направлялись SMS-сообщения.

      19. В случае отсутствия ответа от Потенциального услугополучателя на SMS-сообщение, по истечении 7 календарных дней Потенциальному услугополучателю отправляется повторное SMS-сообщение. При отсутствии ответа от Потенциального услугополучателя до 25 числа текущего месяца или при отказе Потенциального услугополучателя от Услуги, возможность активации ваучера в текущем месяце прекращается.

      20. Потенциальный услугополучатель, давший согласие на получение Услуги посредством ответного SMS–сообщения, согласно приложению 1 к Алгоритму, становится Услугополучателем.

      21. После получения согласия, ПЭП направляет данные Услугополучателей в Кошелек, на основании которых открываются ваучеры на товарный газ. Услугополучатель, пройдя по ссылке, указанной в SMS-сообщении, либо самостоятельно скачав eGov Mobile через Магазин приложений, переходит в eGov Mobile для входа в Кошелек.

      22. В Кошельке, на основании полученных данных Услугополучателей от ПЭП, автоматически формируются ваучеры.

      23. В случае отсутствия у Услугополучателя устройства с доступом к eGov Mobile, Услугополучатель может активировать ваучер в операционных службах обслуживания населения Услугодателя.

      24. Услугополучатель в Кошельке вводит Лицевой счет. Далее Кошелек выводит информационное сообщение (публичная оферта), в котором указаны все условия использования ваучеров.

      25. Услугополучатель подтверждает ознакомление с офертой нажимая на кнопку "Продолжить".

      26. При вводе Услугополучателем Лицевого счета, Кошельком проводится проверка наличия активированного ваучера в текущем месяце на введҰнном Лицевом счете, при наличии активации у Услугополучателя выходит ошибка.

      27. Лицевой счет Кошельком передается в информационную систему Услугодателя. Услугодатель производит проверку наличия Лицевого счета в своих информационных системах.

      28. В случае отсутствия введенного Лицевого счета в информационных системах Услугодателя, информация об этом передается в Кошелек. Кошелек отображает Услугополучателю уведомление об ошибке – об отсутствии Лицевого счета или некорректно введенном Лицевом счете и дает возможность повторно ввести Лицевой счет.

      29. В случае наличия Лицевого счета в информационных системах Услугодателя данные Лицевого счета передаются в Кошелек для отображения Услугополучателю.

      30. Услугополучатель после сверки отображаемых данных Лицевого счета активирует ваучер нажав на кнопку "Подтвердить". Кошелек отображает Услугополучателю уведомление об успешной активации ваучера.

      31. Кошелек, 26 числа текущего месяца направляет сформированный список активированных ваучеров в информационную систему Услугодателя.

      32. Услугодатель, после начисления объема потребления товарного газа Услугополучателю, рассчитывает Скидку.

      33. Услугодатель выставляет квитанцию на потребленный объем товарного газа по цене для бытовых потребителей (население) (1 группа потребителей) с учетом вычета Скидки.

      34. Услугодатель передает информацию по примененной Скидке в Кошелек. Кошелек отображает данную информацию Услугополучателю.

      35. Разработчик Кошелька обеспечивает корректное функционирование Кошелька.

  Приложение
к Алгоритму реализации
пилотного проекта и
взаимодействия
государственных органов и
организаций в ходе реализации
пилотного проекта по оказанию
услуги "Предоставление
ваучеров на товарный газ
получателям государственной
адресной социальной помощи и
жилищной помощи"

      Запрос к Потенциальному услугополучателю для получения его согласия на оказание Услуги Проактивным способом

      1. SMS-сообщение – стартовое:

      "Уважаемый (ая) _______________!

      (фамилия, имя, отчество (при его наличии)

      Вашей семье доступен ваучер на товарный газ.

      Для получения ваучера на товарный газ отправьте SMS с текстом:

      3#1. Если Вы не согласны введите 3#2 либо проигнорируйте данное сообщение. Ответить необходимо до 25 числа текущего месяца.

      При отправке текста 3#1 Вы подтверждаете свое согласие на сбор, обработку и передачу общедоступных персональных данных и персональных данных ограниченного доступа, необходимых для оказания услуги "Предоставление ваучеров на товарный газ получателям государственной адресной социальной помощи и (или) жилищной помощи" в соответствии со статьей 8 Закона Республики Казахстан "О персональных данных и их защите".

      Настоящее согласие действует в период оказания указанной услуги. Отмечаем об отсутствии передачи персональных данных третьим лицам и трансграничной передачи.

      В случае возникновения вопросов можете обратиться в Call–центр по номеру 1414. Звонок бесплатный.".

      2. SMS-сообщение, ответ Потенциальному услугополучателю при отказе (Потенциальный услугополучатель набрал 3#2):

      "Вы отказались от получения услуги.".

      3. SMS-сообщение, ответ Потенциальному услугополучателю при согласии (Потенциальный услугополучатель набрал 3#1):

      "Ваше согласие на получение ваучера на товарный газ обработано положительно. Для получения ваучера Вам необходимо зарегистрироваться в приложении "Социальный кошелек" в мобильном приложении электронного правительства eGov mobile перейдя по ссылке https://egovmobile.page.link/socwallet.".