"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес, Қарағанды қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қарағанды қаласының аумағында жолаушылар мен багажды қалалық қатынаста автомобильмен тұрақты тасымалдауға сараланатын тарифті белгілеу туралы" Қарағанды қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 19 қыркүйектегі №45/01 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №29733 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының 1-тармағының 1-тармақшасы жаңа редакцияда баяндалсын:
"1) Интернет желісі және ұялы байланыс құрылғыларын қоса алғанда, электрондық төлеу жүйесі арқылы жол ақысын қолма-қол ақшасыз төлеу кезінде - 100 (жүз) теңге.";
көрсетілген қаулының 1-тармағының 2-тармақшасы жаңа редакцияда баяндалсын:
"2) жол ақысын қолма-қол төлеу кезінде - 200 (екі жүз) теңге.".
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарағанды қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қарағанды қаласының әкімінің м.а. | К.Камзин |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қарағанды қалалық
мәслихаты