Қарағанды қаласының аумағында жолаушылар мен багажды қалалық қатынаста автомобильмен тұрақты тасымалдауға сараланатын тарифті белгілеу туралы

Жаңартылған

Қарағанды қаласының әкімдігінің 2022 жылғы 19 қыркүйектегі № 45/01 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 21 қыркүйекте № 29733 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасының "Автомобиль көлігі туралы" Заңының 19-бабына сәйкес, Қарағанды қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қарағанды қаласының аумағында жолаушылар мен багажды қалалық қатынаста автомобильмен тұрақты тасымалдауға келесі мөлшерде сараланатын тариф белгіленсін:

      1) Интернет желісі және ұялы байланыс құрылғыларын қоса алғанда, электрондық төлеу жүйесі арқылы жол ақысын қолма-қол ақшасыз төлеу кезінде - 100 (жүз) теңге.

      2) жол ақысын қолма-қол төлеу кезінде - 200 (екі жүз) теңге.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - Қарағанды қаласының әкімдігінің 19.04.2024 № 19/02 қаулысымен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарағанды қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қарағанды қаласының әкімі Е. Булекпаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қарағанды қалалық

      мәслихаты

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады