Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Теміртау қаласының әкімінің 21.05.2024 № 6 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33 бабының 1-тармағы 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Азаматтық қорғау туралы" Заңының 48-бабына және 50 бабының 2 тармағы 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі министрінің міндетін атқарушы 2023 жылғы 10 мамырдағы "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" №240 бұйрығына сәйкес, ШЕШТІМ:
1. Қарағанды облысының Теміртау қаласында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
2. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жою басшысы болып Теміртау қаласы әкімінің орынбасары Ринат Куатулы Кыдырбеков тағайындалсын.
3. Теміртау қаласы әкімінің орынбасары - төтенше жағдайды жою басшысы Ринат Куатулы Кыдырбеков осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды жүргізсін.
4. Осы шешімнің орындалысын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2024 жылғы 10 қантардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.
О. Таурбеков |