Теміртау қаласы әкімінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Теміртау қаласының әкімінің 2024 жылғы 21 мамырдағы № 6 шешімі

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес және "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар Министрлігі Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті Теміртау қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы" мемлекеттік мекемесінің 2024 жылғы 15 мамырдағы №3048 хаты негізінде, Теміртау қаласының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Теміртау қаласы әкімінің:

      - 2024 жылғы 15 қаңтардағы №1 "Теміртау каласында табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы";

      - 2024 жылғы 13 ақпандағы №2 "Теміртау қаласында табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы" шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      О. Таурбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады