Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес және "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар Министрлігі Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті Теміртау қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы" мемлекеттік мекемесінің 2024 жылғы 07 наурыздағы № 471 хаты негізінде, Теміртау қаласының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Теміртау қаласы әкімінің келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
- 2023 жылғы 28 шілдедегі № 4 "Жергілікті масштабтағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы";
- 2023 жылғы 21 қарашадағы № 5 "Теміртау қаласында табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы".
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
О. Таурбеков |