Жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Теміртау қаласының әкімінің 2023 жылғы 28 шілдедегі № 4 шешімі. Күші жойылды - Қарағанды облысы Теміртау қаласының әкімінің 2024 жылғы 11 наурыздағы № 3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Теміртау қаласының әкімінің 11.03.2024 № 3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Азаматтық қорғау туралы" Заңының 48-бабына, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі министрінің міндетін атқарушы 2023 жылғы 10 мамырдағы № 240 "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" бұйрығына сәйкес, ШЕШТІМ:

      1. Қарағанды облысы Теміртау қаласының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.

      2. Техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жою басшысы болып Теміртау қаласы әкімінің орынбасары Ринат Қуатұлы Қыдырбеков тағайындалсын және табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жоюға бағытталған іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2023 жылғы 21 шілдеден бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

      О. Таурбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады