Шахтинск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Шахтинск қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 22 тамыздағы №33/06 "Жер учаскесіне жария сервитут белгілеу туралы"" қаулысына өзгеріс енгізілсін, қаулының 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"1. "SilkNetCom" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне талшықты-оптикалық байланыс желісін жобалау және төсеу мақсатында Шахтинск қаласының аумағында, Долинка кенті мекенжайында орналасқан ауданы 0,3493 га жер учаскелеріне жария сервитут белгіленсін.".
2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Шахтинск қаласының әкімі | М. Кыдырганбеков |