Шахтинск қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 22 тамыздағы № 33/06 "Жер учаскесіне жария сервитут белгілеу туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Шахтинск қаласының әкімдігінің 2024 жылғы 7 қазандағы № 41/04 қаулысы

      Шахтинск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Шахтинск қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 22 тамыздағы №33/06 "Жер учаскесіне жария сервитут белгілеу туралы"" қаулысына өзгеріс енгізілсін, қаулының 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. "SilkNetCom" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне талшықты-оптикалық байланыс желісін жобалау және төсеу мақсатында Шахтинск қаласының аумағында, Долинка кенті мекенжайында орналасқан ауданы 0,3493 га жер учаскелеріне жария сервитут белгіленсін.".

      2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Шахтинск қаласының әкімі М. Кыдырганбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады