Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Азаматтық қорғау туралы" Заңының 48-бабына және 50-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің м.а. 2023 жылғы 10 мамырдағы № 240 бұйрығына "Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" қаулысына сәйкес, Қарқаралы ауданының әкімі ШЕШТІМ:
1. Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Жаңатоған ауылдық округінің Жаңатоған ауылында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
2. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жою басшысы болып Қарқаралы ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасары тағайындалсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2024 жылғы 02 қарашадан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
Қарқаралы ауданының әкімі | Ә. Арғынов |