"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Қарқаралы ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қарқаралы ауданы әкімінің 2024 жылғы 22 қарашадағы № 4 "Жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 203028 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледi.
Қарқаралы ауданы әкімінің м.а | Б. Токмурзин |