"Қарқаралы ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының әкімдігінің 2024 жылғы 30 қыркүйектегі № 292 қаулысы

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі №590 "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" Қаулысына, "Тұрғын үй инспекциясы туралы үлгілік ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 241 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10571 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Қарқаралы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес "Қарқаралы ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.

      2. Қарқаралы ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 12 мамырдағы № 118 "Қарқаралы ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы қаулының күші жойылсын.

      3. "Қарқаралы ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын барлық қажетті шараларды қабылдасын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарқаралы ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қарқаралы ауданының әкімі Ә.Арғынов

  Қарқаралы ауданы әкімдігінің
2024 жылғы "30" қыркүйектегі
№ 292 қаулысымен бекітілді

"Қарқаралы ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ЕРЕЖЕСІ

1. Жалпы ережелер

      1. "Қарқаралы ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі – Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының тұрғын үй қатынастары саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын іске асыратын және тұрғын үй қорын басқару саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органы болып табылады.

      2. "Қарқаралы ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі актілеріне, жоғары тұрған мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. "Қарқаралы ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідей бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Азаматтық және Бюджеттік кодекстеріне сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

      4. "Қарқаралы ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық - құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      5. "Қарқаралы ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      6. "Қарқаралы ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша "Қарқаралы ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарында және Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік және Азаматтық кодекстерінде көзделген басқа да актілерімен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.

      7. "Қарқаралы ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 Үкімет қаулысымен бекітілген министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың аумақтық органдары мен оларға ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің санын ескере отырып олардың штат санының лимиттеріне сәйкес бекітіледі.

      8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 100800, Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Қарқаралы қаласы, Ә.Бөкейханов көшесі, 55 құрылыс.

      9. Мемлекеттік мекеменің толық атауы: мемлекеттік тілінде - "Қарқаралы ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі, орыс тілінде - государственное учреждение "Отдел жилищной инспекции Каркаралинского района".

      10. Осы ереже "Қарқаралы ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекеменің құрылтай құжаты болып табылады.

      11. "Қарқаралы ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерінен, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі бюджетінен (сметасынан) жүзеге асырылады.

      12. "Қарқаралы ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін жүзеге асыру кезінде осындай қызметтен тұскен қаражат Қарқаралы ауданының бюджетінің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік мекеменің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      13. Миссиясы:

      1) ауданның тұрғын үй қорын басқару, жеңілдік санатындағы азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету.

      14. Міндеттері:

      1) "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, тұрғын үйге мұқтаж деп танылған азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету;

      2) кондоминиум қатысушыларының ортақ мүлкін тексеру арқылы тұрғын үй қоры саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.

      3) тұрғын үй қорын басқару, газ және газбен жабдықтау саласында мемлекеттік бақылау;

      4) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында қауіпті техникалық құрылғыларды қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуын мемлекеттік қадағалау

      15. Функциялары:

      1) ауданның мемлекеттік тұрғын үй қорына түгендеу бойынша іс-шаралар ұйымдастыру және жүргізу;

      2) тұрғын үй жағдайын жақсартуды талап ететін азаматтардың есебі жағдайын талдау және сәйкес ұсыныстарды аудан әкіміне қарауға ұсыну;

      3) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға азаматтарды кезекке қою;

      4) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға азаматтардың бөлек тізімдерін жүргізу;

      5) иесіз тастанды пәтерлерді сот тәртібімен Қарқаралы ауданының коммуналдық меншігіне беру;

      6) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге құқығынан айырылған тұлғаларды сот тәртібімен растау;

      7) мемлекеттік тұрғын үй қорынан заңсыз тұрып жатқан азаматтарды шығару;

      8) өз құзыреті аясында ақпараттық жүйелерді қолдану арқылы электрондық қызметтерді пайдалану заңнамасына сәйкес қолдану.

      9) кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін техникалық тексеруді ұйымдастыру;

      10) кондоминиумның ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізудің тізбесін, кезеңдерін және кезектілігін айқындау;

      11) тұрғын үй көмегінің қатысуымен қаржыландырылатын кондоминиум объектісін басқару органдарына ұсынылған кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізуге арналған шығыстар сметасын келісу;

      12) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлері бойынша орындалған жұмыстарды қабылдау жөніндегі комиссияларға қатысу;

      13) кондоминиум объектілеріне техникалық паспорттар мең жерге орналастыру құжаттары дайындау;

      14) әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау және хаттамаларды жасау;

      15) Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 42-бабында қарастырылған жағдайда кондоминиум объектілерін басқару органының функцияларын жүзеге асыратын қызмет көрсететін ұйымды айқындау;

      16) кондоминиум объектісінің үй-жайларының (пәтерлерінің) меншік иелері өтініш жасаған кезде кондоминиум объектісін басқару жөніндегі есептің бар-жоғына тексеру жүргізу.

      17) елді мекендердің шекаралары шегінде тұрғын үй қорын басқару, газ және газбен жабдықтау салаларындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде бақылау субъектілеріне қатысты мемлекеттiк бақылау, сондай-ақ елді мекендердің шекаралары шегінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде қадағалау субъектілеріне қатысты қауіпті техникалық құрылғыларды қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуына мемлекеттік қадағалау.

      16. Құқықтары мен міндеттері:

      1) облыс, аудан әкімі аппаратында және мекемелерде өткізілетін отырыстарға, кеңестерге, іс-шараларға қатысу;

      2) кәсіпорындар, ұйымдар және мекемелерден өзіне жүктелген міндеттерді орындауға қажетті ақпараттар, құжаттар және басқа да материалдарды сұрату және алу;

      3) мемлекеттік және мемлекеттік емес органдар және ұйымдармен қызметтік хат алмасу;

      4) аудан аумағында орналасқан ұйымдар, мекемелер және кәсіпорындардың басшыларын проблемалық мәселелерді шешуге қатыстыру;

      5) "Қарқаралы ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша белгіленген тәртіпте мәжілістерді шақыру;

      6) "Қарқаралы ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жанында комиссиялар, кеңес беру және қоғамдық кеңестер, сараптамалық топтарды белгіленген тәртіпте құру;

      7) "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, азаматтарды кезекке қою және тұрғын үй ауданын ұсынуға қажетті мәліметтер мен құжаттарды талап ету;

      8) "Қарқаралы ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзыреті аясында қабылдауға болжамданған нормативтік - құқықтық актілерді әзірлеу және жетілдіруді жоспарлау;

      9) "Қарқаралы ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қарауына жатқызылған салада бюджетті қалыптастыру және іске асыру, әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларды әзірлеу және орындау жөніндегі қызметті жүзеге асыру;

      10) мемлекеттік сатып алу және қызмет көрсету шарттарын орындау, соның ішінде бөлінген бюджеттік қаражатты игеру үшін тұрақты бақылау және мониторингті қамтамасыз ету;

      11) шарттық жұмыстарды тұрақты іске асыру;

      12) өзінің құзыреті аясында қадағалау органдарының нормативтік-құқықтық актілерін қарастыру, бұзушылықты болдырмау және құқықтық актілер ұсыныстарына сәйкес жауаптарды дайындау;

      13) облыс әкімінің, аудан әкімінің және облыс және аудан әкімдігінің тапсырмаларын орындау және тиісінше орындамағаны үшін жауапты болу;

      14) өз құзыреті аясында мемлекеттік мүлікті басқару бойынша мемлекеттік саясатты іске асыру;

      15) талап етуші және жауап беруші ретінде талап өтініштер беру және соттарда қатысу;

      16) Қазақстан Республикасының тұрғын үй қатынастары, азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар, азаматтық құқықтық қатынастар саласында қатысты заңнамасын бұзу жөніндегі жағдайлар анықталған кезде ордерлерді, шарттарды, құқық белгілейтін құжаттарды ресімдеуді және беруді тоқтату;

      17) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға азаматтардан құжат қабылдау;

      18) мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдалануды және қолдануды бақылау;

      19) мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді беру үшін азаматтардың тұрғын үй жайларын тексеру;

      20) бос тұрған, иесіз пәтерлерді тексеріс өткізу бойынша анықтау;

      21) тұрғын үй беру туралы, қызметтік, жатақханалардан пәтерлер шығару туралы, қызметтік тұрғын үйге теңестірілген қызметтік тұрғын үй беру туралы аудан әкімдігі қаулыларының жобаларын дайындау және әкімдік отырысына енгізу;

      22) тексеру жүргізу кезінде қызметтік куәлігін көрсеткен кезде тексерілетін объектіге баруға;

      23) тексеру жүргізу кезінде кез келген ақпаратты сұратуға, тексеру нысанасына қатысты құжаттардың түпнұсқаларымен танысу;

      24) Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 43-бабына сәйкес уәкілетті орган бекітетін біліктілік талаптарына сәйкес үй-жайлар (пәтерлер) иелерінің жалпы жиналысына кооператив басқармасының төрағасы лауазымына кандидатура ұсыну;

      25) заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасын және басқа да нормативтік құқықтық актілерін бұзуға кінәлі тұлғаларды жауапкершілікке тарту туралы мәселе қарастыру;

      26) 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексіне сәйкес тексеріс жүргізу;

      27) тексеру жүргізу кезеңінде тексерілетін объектінің белгіленген жұмыс режиміне кедергі келтірмеу;

      28) тексеру жүргізу нәтижесінде алынған құжаттар мен мәліметтердің сақталуын қамтамасыз ету;

      29) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау ережелерін бұзу туралы актілер жасау;

      30) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау ережелерінің бұзушылықтарын жою бойынша орындалу үшін міндетті нұсқамалар енгізу;

      31) тұрғын үйлерді, кондоминиум объектісіне іргелес аумақты күтіп-ұстау сапасын бақылау және коммуналдық қызметтер көрсету жөніндегі нормативтік және әдістемелік құжаттарды дайындауға қатысу, сондай-ақ бақылаудағы объектілердің иелеріне, тұрғын үйлер мен үй маңындағы аумақтарды пайдалануды жүзеге асыратын кәсіпорындарға, ұйымдарға немесе азаматтарға консультациялық көмек көрсету;

      32) конструкциялардың нормативтік беріктігіне және инженерлік жүйелердің тұрақты жұмыс істеуіне қауіп төндіретін немесе адамдардың тұру қауіпсіздігіне қатер төндіретін тұрғын үйлердің өзге де зақымдануына әкеп соғатын субъектілер тарапынан ықтимал бұзушылықтардың жолын кесу жөніндегі шараларды жүзеге асыру;

      33) қауіпті техникалық құрылғыларды, атап айтқанда 0,07 мегаПаскальдан астам қысыммен және (немесе) 115 Цельсий градустан астам судың қайнау температурасы кезінде (жылумен жабдықтау ұйымдары) жұмыс істейтін бу және су жылыту қазандықтарын, 0,07 мегаПаскальдан астам қысыммен жұмыс істейтін ыдыстарды, жүк көтергіш механизмдерді, эскалаторларды, аспалы жолдарды, фуникулерлерді, әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріндегі лифтілерді, траволаторларды, мүмкіндіктері шектеулі адамдарға (мүгедектерге) арналған көтергіштерді қауіпсіз пайдалануға мемлекеттік қадағалауды.

      34) әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің қауіпті техникалық құрылғыларын есепке қоюды және есептен шығаруды.

      35) "Қарқаралы ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша азаматтарды қабылдауды, келіп түскен ұсыныстарды, өтініштерді, азаматтардың өтініштерін қарауды ұйымдастырады;

      36) "Қарқаралы ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Қарқаралы ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесін құрудың мәні мен мақсатына сәйкес келмейтін қызметпен айналысуға құқығы жоқ;

      37) "Қарқаралы ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі, Қазақстан Республикасының қолданыстағы тұрғын үй қатынастары, азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар, азаматтық құқықтық қатынастар саласында заңнамасымен жүктелген басқа да құқықтарды жүзеге асыру.

      17. Елді мекендердің шекаралары шегінде тұрғын үй қорын басқару, газ және газбен жабдықтау саласындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде мемлекеттік бақылауды, сондай елді мекендердің шекаралары шегінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде қауіпті техникалық құрылғыларды қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуын мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыру кезінде жергілікті атқарушы органның интернет-ресурсында:

      1) мемлекеттік бақылау және мемлекеттік қадағалау объектілері мен субъектілері туралы;

      2) тексеру кестелері және олардың нәтижелері туралы;

      3) анықталған кемшіліктер туралы, сондай-ақ әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде қауіпті техникалық құрылғыларды қауіпсіз пайдалану талаптарын сақтау туралы жасалған актілер мен шығарылған нұсқамалар туралы;

      4) елді мекеннің шегінде құрылған жай серіктестіктердің тізілімін қалыптастыру және жүргізу туралы ақпаратты орналастыру жолымен өз қызметінің ашықтығын қамтамасыз етеді.

      18. "Қарқаралы ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өзіне жүктелген өкілеттіктерге сәйкес мемлекеттік бақылаудың мынадай функцияларын жүзеге асырады:

      1) кондоминиум объектісінде және кондоминиум объектісіне іргелес аумақтарда үй-жайлар (пәтерлер) меншік иелерінің ортақ мүлкін пайдалану, күтіп-ұстау, пайдалану және жөндеу тәртібінің сақталуын;

      2) тұрғын үйлерде үйге ортақ жылу, энергия, газ және су ресурстарын есептеу аспаптарының болуын;

      3) кондоминиум объектісіндегі үй-жайлар иелерінің ортақ мүлкінің және оның инженерлік жабдықтарының техникалық жай-күйіне, қолданыстағы нормативтік-техникалық және жобалық құжаттарға сәйкес оны күтіп-ұстау және жөндеу жөніндегі жұмыстардың уақтылы орындалуын;

      4) тұрғын үйді маусымдық пайдалануға дайындау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруын;

      5) анықталған бұзушылықтарды жою бойынша қабылданған шешімдер мен нұсқамалардың орындалуын;

      6) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлері бойынша орындалған жұмыстардың сапасын.

3. Мемлекеттік мекеменің қызметін ұйымдастыру

      19. "Қарқаралы ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

      20. "Қарқаралы ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

      21. "Қарқаралы ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:

      1) "Қарқаралы ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің атынан сенімхатсыз әрекет етеді;

      2) барлық ұйымдарда "Қарқаралы ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүддесін қорғайды;

      3) заңнамамен бекітілген шекте мүлікке билік жүргізеді:

      4) шарттар жасайды;

      5) сенімхаттар береді;

      6) барлық қызметкерлерге міндетті бұйрықтар шығарады және тапсырмалар береді;

      7) "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет туралы", "Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі" Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес "Қарқаралы ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмыскерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      8) "Қарқаралы ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне тәртіптік жазалау және ынталандыру шараларын қолданады;

      9) "Қарқаралы ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің қызметтік міндеттемелерін бекітеді;

      10) "Қарқаралы ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің функционалдық міндеттерін бекітеді;

      "Қарқаралы ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігін, ол жұмыс орнында болмаған кезде, Қарқаралы ауданы әкімінің бұйрығында көрсетілген қызметкер атқарады.

4. Мемлекеттік мекеменің мүлкі

      22. "Қарқаралы ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңында қарастырылған жағдайда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      23. "Қарқаралы ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік есебінен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңымең тыйым салынбаған, "Қарқаралы ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің балансына көрсетілетін өз қызметінің салдарынан алынған мүліктер (ақшалай қаражатты қосқанда) өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      24. "Қарқаралы ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      25. Егер "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңында өзгеше белгіленбесе "Қарқаралы ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің атына бекітілген мүліктен өз еркімен немесе басқа әдіспен, қаржыландыру жоспары бойынша берілген, қаражатқа сатып алынған мүлікті өз бетімен беруге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік мекеменің қайта ұйымдастыру және қысқарту

      26. "Қарқаралы ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және қысқарту, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексімен, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен, "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгілік ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы №410 Жарлығымен жүзеге асырылады.

Об утверждении Положения государственного учреждения "Отдел жилищной инспекции Каркаралинского района"

Постановление акимата Каркаралинского района Карагандинской области от 30 сентября 2024 года № 292

      В соответствии с Законом Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Постановлением Правительства Республики Казахстан от 1 сентября 2021 года №590 "О некоторых вопросах организации деятельности государственных органов и их структурных подразделений", Приказом Министра национальной экономики Республики Казахстан от 20 марта 2015 года № 241 "Об утверждении Типового положения о жилищной инспекции" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 10571), акимат Каркаралинского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить Положение государственного учреждения "Отдел жилищной инспекции Каркаралинского района" согласно приложения.

      2. Признать утратившим силу постановление акимата Каркаралинского района от 12 мая 2023 года № 118 Об утверждении Положения государственного учреждения "Отдел жилищной инспекции Каркаралинского района".

      3. Государственному учреждению "Отдел жилищной инспекции Каркаралинского района" в установленном законодательством Республики Казахстан порядке принять все необходимые меры, вытекающие из настоящего постановления.

      4. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя акима Каркаралинского района.

      5. Настоящее постановление вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Аким Каркаралинского района Ә.Арғынов

  Утверждено постановлением
акимата Каркаралинского района
от "30" сентября 2024 года № 292

ПОЛОЖЕНИЕ государственного учреждения "Отдел жилищной инспекции Каркаралинского района"

1. Общие положения

      1. Государственное учреждение "Отдел жилищной инспекции Каркаралинского района" является государственным органом реализующее основные направления государственной политики в сфере жилищных отношений и осуществляющим руководство в сфере управления жилым фондом Каркаралинского района Карагандинской области.

      2. Государственное учреждение "Отдел жилищной инспекции Каркаралинского района" осуществляет свою деятельность в соответствии с Конституцией и законами Республики Казахстан, актами Президента и Правительства Республики Казахстан, нормативными правовыми актами вышестоящих государственных органов, а также настоящим Положением.

      3. Государственное учреждение "Отдел жилищной инспекции Каркаралинского района" является юридическим лицом в организационно-правовой форме государственного учреждения, имеет печати и штампы со своим наименованием на государственном языке, бланки установленного образца, в соответствии с Гражданским и Бюджетными кодексами Республики Казахстан счета в органах казначейства.

      4. Государственное учреждение "Отдел жилищной инспекции Каркаралинского района" вступает в гражданско-правовые отношения от собственного имени.

      5. Государственное учреждение "Отдел жилищной инспекции Каркаралинского района" вправе выступать стороной гражданско-правовых отношений от имени государства, если оно уполномочено на это в соответствии с Гражданским кодексом Республики Казахстан.

      6. Государственное учреждение "Отдел жилищной инспекции Каркаралинского района" по вопросам своей компетенции принимает решения, оформляемые приказами руководителя государственного учреждения "Отдел жилищной инспекции Каркаралинского района" и другими актами, предусмотренных Административным процедурно-процессуальным и Гражданским кодексами Республики Казахстан.

      7. Структура и лимит штатной численности государственного учреждения "Отдел жилищной инспекции Каркаралинского района" утверждаются в соответствии с лимитами штатной численности министерств и иных центральных исполнительных органов с учетом численности их территориальных органов и подведомственных им государственных учреждений утвержденных постановлением Правительства Республики Казахстан от 15 апреля 2008 года № 339.

      8. Местонахождение юридического лица: 100800 Республика Казахстан, Карагандинская область, Каркаралинский район, город Каркаралинск, улица А.Бокейханова, строение 55.

      9. Полное наименование государственного органа: на государственном языке - "Қарқаралы ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі, на русском языке - государственное учреждение "Отдел жилищной инспекции Каркаралинского района".

      10. Настоящее Положение является учредительным документом государственного учреждения "Отдел жилищной инспекции Каркаралинского района".

      11. Финансирование деятельности государственного учреждения "Отдел жилищной инспекции Каркаралинского района" осуществляется из республиканского и местных бюджетов, бюджета (сметы расходов) Национального Банка Республики Казахстан.

      12. При осуществлении деятельности государственного учреждения "Отдел жилищной инспекции Каркаралинского района" приносящую доходы, то средства, полученные от такой деятельности, направляются в доход бюджета Каркаралинского района.

2. Миссия, основные задачи, функции, права и обязанности государственного учреждения

      13. Миссия:

      1) управление жилым фондом района, обеспечение жильем льготной категории граждан.

      14. Задачи:

      1) обеспечение жильем граждан, признанных нуждающимися в жилище, согласно Закона Республики Казахстан "О жилищных отношениях";

      2) осуществляет государственный контроль в области жилищного фонда посредством проверки общего имущества участников кондоминиума.

      3) государственный контроль в сферах управления жилищным фондом, газа и газоснабжения;

      4) государственный надзор в области промышленной безопасности за соблюдением требований безопасной эксплуатации опасных технических устройств.

      15. Функции:

      1) проведение и организация мероприятий по инвентаризации государственного жилищного фонда района;

      2) анализ состояния учета граждан, нуждающихся в улучшении жилищных условий и внесение соответствующих предложений на рассмотрение акиму района;

      3) постановка в очередь граждан на получение жилища из государственного жилищного фонда;

      4) ведение раздельных списков очередности граждан на получение жилья из государственного жилищного фонда;

      5) перевод бесхозяйного брошенного жилья в судебном порядке в коммунальную собственность Каркаралинского района;

      6) признание в судебном порядке лиц, утративших право на жилище в государственном жилищном фонде;

      7) выселение незаконно проживающих граждан из государственного жилищного фонда;

      8) в пределах своей компетенции оказание электронных услуг с применением информационных систем;

      9) организация технического обследования общего имущества объектов кондоминиума;

      10) определение перечня, периодов и очередности проведения отдельных видов капитального ремонта общего имущества кондоминиума;

      11) согласование сметы расходов на проведение отдельных видов капитального ремонта общего имущества объекта кондоминиума, предоставленной органам управления объекта кондоминиума, финансируемой с участием жилищной помощи;

      12) принятие участия в комиссиях по приемке выполненных работ по отдельным видам капитального ремонта общего имущества объекта кондоминиума;

      13) изготовление технических паспортов и землеустроительных документов на объекты кондоминиумов;

      14) составление протоколов и рассмотрение дел об административных правонарушениях;

      15) определение обслуживающей организации, которая осуществляет функции органа управления объектов кондоминиума в случае, предусмотренным статьей 42 Закона Республики от 16 апреля 1997 года "О жилищных отношениях";

      16) проведение проверки наличия отчета по управлению объектом кондоминиума при обращении собственников помещений (квартир) объекта кондоминиума.

      17) государственный контроль в отношении субъектов контроля в пределах границ населенных пунктов на объектах социальной инфраструктуры в сферах управления жилищным фондом, газа и газоснабжения, а также государственный надзор в отношении субъектов надзора в пределах границ населенных пунктов на объектах социальной инфраструктуры в области промышленной безопасности за соблюдением требований безопасной эксплуатации опасных технических устройств.

      16. Права и обязанности:

      1) участвовать на заседаниях, совещаниях, мероприятиях, проводимых в аппарате акимов области, района и учреждениях;

      2) запрашивать и получать от предприятий, организаций и учреждений информацию, документы и иные материалы, необходимые для выполнения возложенных функций;

      3) вести служебную переписку с государственными и негосударственными органами и организациями;

      4) привлекать руководителей организаций, учреждений и предприятий, расположенных на территории района, к участию в проработке проблемных вопросов;

      5) созывать в установленном порядке совещания по вопросам, входящим в компетенцию государственного учреждения "Отдел жилищной инспекции Каркаралинского района";

      6) создавать в установленном порядке при государственном учреждении "Отдел жилищной инспекции Каркаралинского района" комиссии, консультативные и общественные советы, экспертные группы;

      7) истребовать от граждан сведения и документы, необходимые для постановки на учет и предоставления жилой площади, согласно Закона Республики Казахстан "О жилищных отношениях";

      8) планировать подготовку и разработку нормативных правовых актов, предполагаемых к принятию, в соответствии с компетенцией государственного учреждения "Отдел жилищной инспекции Каркаралинского района";

      9) осуществлять деятельность по формированию и реализации бюджета, разработке и исполнению социально-экономических программ в сфере, отнесенной к ведению государственного учреждения "Отдел жилищной инспекции Каркаралинского района";

      10) обеспечивать постоянный контроль и мониторинг за исполнением договоров государственных закупок работ и услуг, в том числе за освоением выделяемых бюджетных средств;

      11) совершенствовать договорную работу;

      12) в пределах компетенции рассматривать акты надзорных органов, вносить соответствующие предложения по устранению и недопущению нарушений, осуществлять подготовку соответствующих ответов, предложений и проектов правовых и нормативных правовых актов;

      13) исполнять и нести ответственность за ненадлежащее исполнение поручений акима области, акима района и акимата области и района;

      14) осуществлять реализацию государственной политики по управлению государственным имуществом в пределах своей компетенции;

      15) предъявлять иски и выступать в судах в качестве истца и ответчика;

      16) приостанавливать оформление и выдачу ордеров, договоров, правоустанавливающих документов при выяснении обстоятельств, указывающих на нарушение действующего законодательства Республики Казахстан в области жилищных отношений, гражданской обороны и чрезвычайных ситуации, гражданских правоотношений;

      17) осуществлять прием документов от граждан на получение жилья из государственного жилищного фонда;

      18) контролировать использование и эксплуатацию жилища из государственного жилищного фонда;

      19) проверять жилищные условия граждан для предоставления жилищ из государственного жилищного фонда;

      20) выявлять путем проверок пустующие, бесхозные квартиры;

      21) подготавливать и вносить на заседание акимата проектов постановлений акимата района о предоставлении жилья, о выводе квартир из числа служебных, общежитий, о предоставлении служебного жилья, приравненного к служебному;

      22) при предъявлении служебного удостоверения посещать проверяемый объект во время проведения проверки;

      23) при проведении проверки запрашивать любую информацию, знакомится с оригиналами документов, относящимся к предмету проверки;

      24) рекомендовать общему собранию собственников помещений (квартир) кандидатуру на должность председателя правления кооператива соответствующую квалификационным требованиям, утверждаемым уполномоченным органом согласно статьи 43 Закона Республики Казахстан от 16 апреля 1997 года "О жилищных отношениях";

      25) в установленном Кодексом Республики Казахстан "Об административных правонарушениях" порядке, ставить вопрос о привлечении к ответственности лиц, виновных в нарушении жилищного законодательства и других нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      26) проводить проверки в соответствии с Предпринимательским Кодексом Республики Казахстан от 29 октября 2015 года № 375-V;

      27) не препятствовать установленному режиму работы проверяемого объекта в период проведения проверки;

      28) обеспечивать сохранность полученных документов и сведений, полученных в результате проведения проверки;

      29) составлять акты о нарушениях правил содержания общего имущества объекта кондоминиума;

      30) вносить обязательные для исполнения предписания по устранению нарушений правил содержания общего имущества объекта кондоминиума;

      31) принимать участие в подготовке нормативных и методических документов по контролю качества содержания жилых домов, территории, прилегающей к объекту кондоминиума, и предоставлению коммунальных услуг, а также оказывать консультационную помощь владельцам подконтрольных объектов, предприятиям, организациям или гражданам, осуществляющим эксплуатацию жилых домов и придомовых территорий;

      32) осуществляет меры по пресечению возможных нарушений со стороны субъектов, создающих угрозу нормативной прочности конструкций и устойчивому функционированию инженерных систем или ведущих к иным повреждениям жилых зданий, предоставляющим угрозу безопасности проживания людей;

      33) осуществляет государственный надзор за безопасной эксплуатацией опасных технических устройств, а именно, паровых и водогрейных котлов, работающие под давлением более 0,07 мегаПаскаля и (или) при температуре нагрева воды более 115 градусов Цельсия (организации теплоснабжения), сосуды, работающие под давлением более 0,07 мегаПаскаля, грузоподъемные механизмы, эскалаторы, канатные дороги, фуникулеры, лифты, траволаторы, подъемники для лиц с ограниченными возможностями (инвалидов) на объектах социальной инфраструктуры;

      34) осуществляет постановку на учет и снятие с учета опасных технических устройств объектов социальной инфраструктуры;

      35) организует прием граждан, рассмотрение поступающих предложений, заявлений, обращений граждан, по вопросам, относящимся к компетенции государственного учреждения "Отдел жилищной инспекции Каркаралинского района";

      36) Государственное учреждение "Отдел жилищной инспекции Каркаралинского района" не вправе заниматься деятельностью, не отвечающей предмету и цели создания государственного учреждения "Отдел жилищной инспекции Каркаралинского района";

      37) осуществлять иные права, возложенные на государственное учреждение "Отдел жилищной инспекции Каркаралинского района" действующим законодательством Республики Казахстан в области жилищных отношений, гражданской обороны и чрезвычайных ситуации, гражданских правоотношений.

      17. При осуществлении государственного контроля в пределах границ населенных пунктов на объектах социальной инфраструктуры в сферах управления жилищным фондом, газа и газоснабжения, а также государственного надзора в отношении субъектов надзора в пределах границ населенных пунктов на объектах социальной инфраструктуры в области промышленной безопасности за соблюдением требований безопасной эксплуатации опасных технических устройств обеспечивает прозрачность своей деятельности путем размещения на интернет ресурсе местного исполнительного органа:

      1) информацию об объектах и субъектах государственного контроля и государственного надзора;

      2) о графиках проверок и их результатах;

      3) о выявленных недостатках, а также о составленных актах и вынесенных предписаниях о соблюдении требований безопасной эксплуатации опасных технических устройств на объектах социальной инфраструктуры;

      4) формирование и введение реестра образованных простых товариществ в пределах населенного пункта.

      18. Государственное учреждение "Отдел жилищной инспекции Каркаралинского района" в соответствии с возложенными на нее полномочиями осуществляет следующие функции государственного контроля за:

      1) соблюдением порядка использования, содержания, эксплуатации и ремонта общего имущества собственников помещений (квартир) в объекте кондоминиума и территорий, прилегающей к объекту кондоминиума;

      2) наличием в жилых домах общедомовых приборов учета тепло, энерго, газо и водоресурсов;

      3) техническим состоянием общего имущества собственников помещений в объекте кондоминиума и его инженерного оборудования, своевременным выполнением работ по его содержанию и ремонту в соответствии с действующими нормативно-техническими и проектными документами;

      4) осуществлением мероприятий по подготовке жилого дома к сезонной эксплуатации;

      5) выполнением принятых решений и предписаний по устранению выявленных нарушений;

      6) качеством работ, выполненных по отдельным видам капитального ремонта общего имущества объекта кондоминиума.

3. Организация деятельности государственного учреждения

      19. Руководство государственного учреждения "Отдел жилищной инспекции Каркаралинского района" осуществляется первым руководителем, который несет персональную ответственность за выполнение возложенных задач и осуществление им своих функций.

      20. Первый руководитель государственного учреждения "Отдел жилищной инспекции Каркаралинского района" назначается на должность и освобождается от должности акимом Каркаралинского района Карагандинской области.

      21. Полномочия первого руководителя государственного учреждения "Отдел жилищной инспекции Каркаралинского района":

      1) без доверенности действует от имени государственного учреждения "Отдел жилищной инспекции Каркаралинского района";

      2) представляет интересы государственного учреждения "Отдел жилищной инспекции Каркаралинского района" во всех организациях;

      3) в случаях и в пределах установленных Законом Республики Казахстан "О государственном имуществе" распоряжается имуществом;

      4) заключает договоры;

      5) выдает доверенности;

      6) издает приказы и дает указания, обязательные для всех работников государственного учреждения "Отдел жилищной инспекции Каркаралинского района";

      7) назначает на должность и освобождает от должности работников государственного учреждения "Отдел жилищной инспекции Каркаралинского района" в соответствии с законом Республики Казахстан "О государственной службе в Республике Казахстан", "Трудовым кодексом Республики Казахстан";

      8) принимает меры поощрения и налагает дисциплинарные взыскания на сотрудников государственного учреждения "Отдел жилищной инспекции Каркаралинского района";

      9) определяет обязанности сотрудников государственного учреждения "Отдел жилищной инспекции Каркаралинского района";

      10) утверждает функциональные обязанности работников государственного учреждения "Отдел жилищной инспекции Каркаралинского района";

      Исполнение полномочий первого руководителя государственного учреждения "Отдел жилищной инспекции Каркаралинского района" в период его отсутствия осуществляется лицом, указанным в приказе акима Каркаралинского района.

4. Имущество государственного учреждения

      22. Государственное учреждение "Отдел жилищной инспекции Каркаралинского района" может иметь на праве оперативного управления обособленное имущество в случаях, предусмотренных Законом Республики Казахстан "О государственном имуществе".

      23. Имущество государственного учреждения "Отдел жилищной инспекции Каркаралинского района" формируется за счет имущества, переданного ему собственником, а также имущества (включая денежные доходы), приобретенного в результате собственной деятельности и иных источников, не запрещенных Законом Республики Казахстан "О государственном имуществе", стоимость которых отражается в балансе государственного учреждения "Отдел жилищной инспекции Каркаралинского района".

      24. Имущество, закрепленное за государственным учреждением "Отдел жилищной инспекции Каркаралинского района", относится к коммунальной собственности.

      25. Государственное учреждение "Отдел жилищной инспекции Каркаралинского района" не вправе самостоятельно отчуждать или иным способом распоряжаться закрепленным за ним имуществом и имуществом, приобретенным за счет средств, выданных ему по плану финансирования, если иное не установлено Законом Республики Казахстан "О государственном имуществе".

5. Реорганизация и упразднение государственного учреждения

      26. Реорганизация и упразднение государственного учреждения "Отдел жилищной инспекции Каркаралинского района" осуществляются в соответствии с Гражданским кодексом Республики Казахстан, Законом Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Указом Президента Республики Казахстан от 29 октября 2012 года №410 "Об утверждении Типового положения государственного органа Республики Казахстан".