"Қарқаралы ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының әкімдігінің 2023 жылғы 12 мамырдағы № 118 қаулысы. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының әкімдігінің 2024 жылғы 30 қыркүйектегі № 292 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының әкімдігінің 30.09.2024 № 292 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі №590 "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" Қаулысына сәйкес, Қарқаралы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес "Қарқаралы ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.

      2. Қарқаралы ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 28 наурыздағы №91 "Қарқаралы ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы қаулысы жойылсын.

      3. "Қарқаралы ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын барлық қажетті шараларды қабылдасын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарқаралы ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Е.Құсайын

  Қарқаралы ауданының әкімдігінің
2023 жылғы "12" мамырындағы
№ 118 қаулысымен бекітілді

"Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ЕРЕЖЕСІ

1. Жалпы ережелер

      1. "Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі – Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының тұрғын үй қатынастары саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын іске асыратын және тұрғын үй қорын басқару саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органы болып табылады.

      2. "Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі актілеріне және өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. "Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідей бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

      4. "Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық - құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      5. "Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      6. "Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарында және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілерімен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.

      7. "Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

      8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 100800, Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Қарқаралы қаласы, Ә.Бөкейханов көшесі, 55 құрылыс.

      9. Мемлекеттік мекеменің толық атауы: мемлекеттік тілінде - "Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі, орыс тілінде - государственное учреждение "Отдел жилищной инспекции Каркаралинского района Карагандинской области".

      10. Осы ереже "Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекеменің құрылтай құжаты болып табылады.

      11. "Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерінен, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі бюджетінен (сметасынан) жүзеге асырылады.

      12. "Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік мекеменің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      13. Миссиясы:

      1) ауданның тұрғын үй қорын басқару, жеңілдік санатындағы азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету.

      14. Міндеттері:

      1) азаматтардың жекелеген санаттарын тұрғын үймен қамтамасыз ету;

      2) жекешелендіру шарттарын жасау;

      3) кондоминиум қатысушыларының ортақ мүлкін тексеру арқылы тұрғын үй қоры саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.

      4) тұрғын үй қорын басқару, газ және газбен жабдықтау саласында мемлекеттік бақылау;

      5) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында қауіпті техникалық құрылғыларды қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуын мемлекеттік қадағалау

      15. Функциялары:

      1) ауданның мемлекеттік тұрғын үй қорын жедел басқару;

      2) ауданның мемлекеттік тұрғын үй қорын сақтау;

      3) ауданның мемлекеттік тұрғын үй қорына түгендеу бойынша іс-шаралар ұйымдастыру және жүргізу;

      4) белгіленген тәртіпте тұрғын үй жайды алу үшін жалдау шартын жасау және беру, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алу үшін жекешелендіру, жалдау шартын ордерлердің түпнұсқасын беру;

      5) тұрғын үй жағдайын жақсартуды талап ететін азаматтардың есебі жағдайын талдау және сәйкес ұсыныстарды аудан әкіміне қарауға ұсыну;

      6) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға азаматтарды кезекке қою;

      7) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға азаматтардың бөлек тізімдерін жүргізу;

      8) иесіз тастанды пәтерлерді сот тәртібімен Қарқаралы ауданының коммуналдық меншігіне беру;

      9) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге құқығынан айырылған тұлғаларды сот тәртібімен растау;

      10) мемлекеттік тұрғын үй қорынан заңсыз тұрып жатқан азаматтарды шығару;

      11) өз құзыреті аясында ақпараттық жүйелерді қолдану арқылы электрондық қызметтерді пайдалану заңнамасына сәйкес қолдану.

      12) кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін техникалық тексеруді ұйымдастыру;

      13) кондоминиумның ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізудің тізбесін, кезеңдерін және кезектілігін айқындау;

      14) тұрғын үй көмегінің қатысуымен қаржыландырылатын кондоминиум объектісін басқару органдарына ұсынылған кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізуге арналған шығыстар сметасын келісу;

      15) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлері бойынша орындалған жұмыстарды қабылдау жөніндегі комиссияларға қатысу;

      16) авариялық және ескі үйлерді бұзу;

      17) кондоминиум объектілеріне техникалық паспорттар мең жерге орналастыру құжаттары дайындау;

      18) әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау және хаттамаларды жасау;

      19) Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 42-бабында қарастырылған жағдайда кондоминиум объектілерін басқару органының функцияларын жүзеге асыратын қызмет көрсететін ұйымды айқындау;

      20) кондоминиум объектісінің үй-жайларының (пәтерлерінің) меншік иелері өтініш жасаған кезде кондоминиум объектісін басқару жөніндегі есептің бар-жоғына тексеру жүргізу.

      21) елді мекендердің шекаралары шегінде тұрғын үй қорын басқару, газ және газбен жабдықтау салаларындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде бақылау субъектілеріне қатысты мемлекеттiк бақылау, сондай-ақ елді мекендердің шекаралары шегінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде қадағалау субъектілеріне қатысты қауіпті техникалық құрылғыларды қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуына мемлекеттік қадағалау.

      16. Құқықтары мен міндеттері:

      1) облыс, аудан әкімі аппаратында және мекемелерде өткізілетін отырыстарға, кеңестерге, іс-шараларға қатысу;

      2) кәсіпорындар, ұйымдар және мекемелерден өзіне жүктелген міндеттерді орындауға қажетті ақпараттар, құжаттар және басқа да материалдарды сұрату және алу;

      3) мемлекеттік және мемлекеттік емес органдар және ұйымдармен қызметтік хат алмасу;

      4) аудан аумағында орналасқан ұйымдар, мекемелер және кәсіпорындардың басшыларын проблемалық мәселелерді шешуге қатыстыру;

      5) "Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша белгіленген тәртіпте мәжілістерді шақыру;

      6) "Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жанында комиссиялар, кеңес беру және қоғамдық кеңестер, сараптамалық топтарды белгіленген тәртіпте құру;

      7) қолданыстағы заңнама аясында азаматтарды кезекке қою және тұрғын үй ауданын ұсынуға қажетті мәліметтер мен құжаттарды талап ету;

      8) "Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзыреті аясында заңнамаға сәйкес қабылдауға болжамданған нормативтік - құқықтық актілерді әзірлеу және жетілдіруді жоспарлау;

      9) ауданның тұрғын үй қорын сақтау және қорғау бойынша іс-шаралар жүргізу;

      10) "Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қарауына жатқызылған салада бюджетті қалыптастыру және іске асыру, әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларды әзірлеу және орындау жөніндегі қызметті жүзеге асыру;

      11) мемлекеттік сатып алу және қызмет көрсету шарттарын орындау, соның ішінде бөлінген бюджеттік қаражатты игеру үшін тұрақты бақылау және мониторингті қамтамасыз ету;

      12) шарттық жұмыстарды тұрақты іске асыру;

      13) өзінің құзыреті аясында қадағалау органдарының нормативтік-құқықтық актілерін қарастыру, бұзушылықты болдырмау және құқықтық актілер ұсыныстарына сәйкес жауаптарды дайындау;

      14) облыс әкімінің, аудан әкімінің және облыс және аудан әкімдігінің тапсырмаларын орындау және тиісінше орындамағаны үшін жауапты болу;

      15) өз құзыреті аясында мемлекеттік мүлікті басқару бойынша мемлекеттік саясатты іске асыру;

      16) талап етуші және жауап беруші ретінде талап өтініштер беру және соттарда қатысу;

      17) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын бұзу жөніндегі жағдайлар анықталған кезде ордерлерді, шарттарды, құқық белгілейтін құжаттарды ресімдеуді және беруді тоқтату;

      18) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға азаматтардан құжат қабылдау;

      19) ауданның тұрғын үй қорын күтіп ұстау және қорғау бойынша шаралар жүргізу;

      20) азаматтармен тұрғын жайларды жекешелендіруге шарттар жасау;

      21) мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдалануды және қолдануды бақылау;

      22) мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді беру үшін азаматтардың тұрғын үй жайларын тексеру;

      23) бос тұрған, иесіз пәтерлерді тексеріс өткізу бойынша анықтау;

      24) мемлекеттік тұрғын үй қорын жекешелендіру, аудан бойынша жекешелендірілген тұрғын үйдің есебін жүргізу, жекешелендіру шарттарының және ордерлердің телнұсқаларын беру;

      25) тұрғын үй беру туралы, қызметтік, жатақханалардан пәтерлер шығару туралы, қызметтік тұрғын үйге теңестірілген қызметтік тұрғын үй беру туралы аудан әкімдігі қаулыларының жобаларын дайындау және әкімдік отырысына енгізу;

      26) тексеру жүргізу кезінде қызметтік куәлігін көрсеткен кезде тексерілетін объектіге баруға;

      27) тексеру жүргізу кезінде кез келген ақпаратты сұратуға, тексеру нысанасына қатысты құжаттардың түпнұсқаларымен танысу;

      28) Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 43-бабына сәйкес уәкілетті орган бекітетін біліктілік талаптарына сәйкес үй-жайлар (пәтерлер) иелерінің жалпы жиналысына кооператив басқармасының төрағасы лауазымына кандидатура ұсыну;

      29) заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасын және басқа да нормативтік құқықтық актілерін бұзуға кінәлі тұлғаларды жауапкершілікке тарту туралы мәселе қарастыру;

      30) 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексіне сәйкес тексеріс жүргізу;

      31) тексеру жүргізу кезеңінде тексерілетін объектінің белгіленген жұмыс режиміне кедергі келтірмеу;

      32) тексеру жүргізу нәтижесінде алынған құжаттар мен мәліметтердің сақталуын қамтамасыз ету;

      33) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау ережелерін бұзу туралы актілер жасау;

      34) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау ережелерінің бұзушылықтарын жою бойынша орындалу үшін міндетті нұсқамалар енгізу;

      35) тұрғын үйлерді, кондоминиум объектісіне іргелес аумақты күтіп-ұстау сапасын бақылау және коммуналдық қызметтер көрсету жөніндегі нормативтік және әдістемелік құжаттарды дайындауға қатысу, сондай-ақ бақылаудағы объектілердің иелеріне, тұрғын үйлер мен үй маңындағы аумақтарды пайдалануды жүзеге асыратын кәсіпорындарға, ұйымдарға немесе азаматтарға консультациялық көмек көрсету;

      36) конструкциялардың нормативтік беріктігіне және инженерлік жүйелердің тұрақты жұмыс істеуіне қауіп төндіретін немесе адамдардың тұру қауіпсіздігіне қатер төндіретін тұрғын үйлердің өзге де зақымдануына әкеп соғатын субъектілер тарапынан ықтимал бұзушылықтардың жолын кесу жөніндегі шараларды жүзеге асыру;

      37) қауіпті техникалық құрылғыларды, атап айтқанда 0,07 мегаПаскальдан астам қысыммен және (немесе) 115 Цельсий градустан астам судың қайнау температурасы кезінде (жылумен жабдықтау ұйымдары) жұмыс істейтін бу және су жылыту қазандықтарын, 0,07 мегаПаскальдан астам қысыммен жұмыс істейтін ыдыстарды, жүк көтергіш механизмдерді, эскалаторларды, аспалы жолдарды, фуникулерлерді, әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріндегі лифтілерді, траволаторларды, мүмкіндіктері шектеулі адамдарға (мүгедектерге) арналған көтергіштерді қауіпсіз пайдалануға мемлекеттік қадағалауды.

      38) әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің қауіпті техникалық құрылғыларын есепке қоюды және есептен шығаруды.

      17. Елді мекендердің шекаралары шегінде тұрғын үй қорын басқару, газ және газбен жабдықтау саласындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде мемлекеттік бақылауды, сондай елді мекендердің шекаралары шегінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде қауіпті техникалық құрылғыларды қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуын мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыру кезінде жергілікті атқарушы органның интернет-ресурсында:

      1) мемлекеттік бақылау және мемлекеттік қадағалау объектілері мен субъектілері туралы;

      2) тексеру кестелері және олардың нәтижелері туралы;

      3) анықталған кемшіліктер туралы, сондай-ақ әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде қауіпті техникалық құрылғыларды қауіпсіз пайдалану талаптарын сақтау туралы жасалған актілер мен шығарылған нұсқамалар туралы;

      4) елді мекеннің шегінде құрылған жай серіктестіктердің тізілімін қалыптастыру және жүргізу туралы ақпаратты орналастыру жолымен өз қызметінің ашықтығын қамтамасыз етеді.

      37) "Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша азаматтарды қабылдауды, келіп түскен ұсыныстарды, өтініштерді, азаматтардың өтініштерін қарауды ұйымдастырады;

      38) "Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Қарағанды облысының Қарқаралы ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесін құрудың мәні мен мақсатына сәйкес келмейтін қызметпен айналысуға құқығы жоқ;

      39) "Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен жүктелген басқа да құқықтарды жүзеге асыру.

      17. "Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өзіне жүктелген өкілеттіктерге сәйкес мемлекеттік бақылаудың мынадай функцияларын жүзеге асырады:

      1) кондоминиум объектісінде және кондоминиум объектісіне іргелес аумақтарда үй-жайлар (пәтерлер) меншік иелерінің ортақ мүлкін пайдалану, күтіп-ұстау, пайдалану және жөндеу тәртібінің сақталуын;

      2) тұрғын үйлерде үйге ортақ жылу, энергия, газ және су ресурстарын есептеу аспаптарының болуын;

      3) кондоминиум объектісіндегі үй-жайлар иелерінің ортақ мүлкінің және оның инженерлік жабдықтарының техникалық жай-күйіне, қолданыстағы нормативтік-техникалық және жобалық құжаттарға сәйкес оны күтіп-ұстау және жөндеу жөніндегі жұмыстардың уақтылы орындалуын;

      4) тұрғын үйді маусымдық пайдалануға дайындау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруын;

      5) анықталған бұзушылықтарды жою бойынша қабылданған шешімдер мен нұсқамалардың орындалуын;

      6) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлері бойынша орындалған жұмыстардың сапасын.

3. Мемлекеттік мекеменің қызметін ұйымдастыру

      18. "Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

      19. "Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

      20. "Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:

      1) "Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің атынан сенімхатсыз әрекет етеді;

      2) барлық ұйымдарда "Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүддесін қорғайды;

      3) заңнамамен бекітілген шекте мүлікке билік жүргізеді:

      4) шарттар жасайды;

      5) сенімхаттар береді;

      6) барлық қызметкерлерге міндетті бұйрықтар шығарады және тапсырмалар береді;

      7) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес "Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмыскерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      8) "Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне тәртіптік жазалау және ынталандыру шараларын қолданады;

      9) "Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің қызметтік міндеттемелерін бекітеді;

      10) "Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің функционалдық міндеттерін бекітеді;

      11) оған заңнамамен, осы Ережемен және уәкілетті органмен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

      "Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігін, ол жұмыс орнында болмаған кезде қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

4. Мемлекеттік мекеменің мүлкі

      21. "Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамамен қарастырылған жағдайда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      22. "Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік есебінен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған, "Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің балансына көрсетілетін өз қызметінің салдарынан алынған мүліктер (ақшалай қаражатты қосқанда) өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      23. "Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      24. Егер заңнамада өзгеше белгіленбесе "Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің атына бекітілген мүліктен өз еркімен немесе басқа әдіспен, қаржыландыру жоспары бойынша берілген, қаражатқа сатып алынған мүлікті өз бетімен беруге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік мекеменің қайта ұйымдастыру және қысқарту

      25. "Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және қысқарту Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады