Ескерту. Жойылды - Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының Темірші ауылдық округінің әкімінің 13.09.2024 № 4 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
"Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-1 бабының 7 тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қарқаралы аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық- санитариялық инспекторының 2024 жылғы 22 мамырдағы №15-4-1/264 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:
1. Ірі қара малдар арасынан бруцеллез ауруы анықталуына байланысты, Қарқаралы ауданы, Темірші ауылдық округі, Татан ауылының аумағында шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Темірші ауылдық округінің әкімі | Ж.Рахымбеков |