Қарқаралы ауданы, Темірші ауылдық округі, Татан ауылының аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының Темірші ауылдық округінің әкімінің 2024 жылғы 23 мамырдағы № 3 шешімі. Жойылды - Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының Темірші ауылдық округінің әкімінің 2024 жылғы 13 қыркүйектегі № 4 шешімімен

      Ескерту. Жойылды - Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының Темірші ауылдық округінің әкімінің 13.09.2024 № 4 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-1 бабының 7 тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қарқаралы аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық- санитариялық инспекторының 2024 жылғы 22 мамырдағы №15-4-1/264 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:

      1. Ірі қара малдар арасынан бруцеллез ауруы анықталуына байланысты, Қарқаралы ауданы, Темірші ауылдық округі, Татан ауылының аумағында шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Темірші ауылдық округінің әкімі Ж.Рахымбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады