Қарқаралы ауданы Темірші ауылдық округінің Татан ауылының аумағында белгіленген шектеу іс-шараларын алып тастау туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының Темірші ауылдық округінің әкімінің 2024 жылғы 13 қыркүйектегі № 4 шешімі

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 10-1 бабының 8)-тармақшасына сәйкес, Қарқаралы ауданының Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2024 жылғы 12 қыркүйектегі №15-4-1/446 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:

      1. Қарқаралы ауданы, Темірші ауылдық округі, Татан ауылының аумағында белгіленген бруцеллез ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық-санитариялық іс-шаралардың жүргізілуіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары алынып тасталсын.

      2. Қарқаралы ауданы, Темірші ауылдық округі әкімінің 2024 жылғы 23 мамырдағы №3 "Қарқаралы ауданы, Темірші ауылдық округі, Татан ауылының аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімі жойылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Темірші ауылдық округінің әкімі Ж.Рахымбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады