Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Шет ауданының әкімінің 02.09.2024 № 07 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, "Азаматтық қорғау туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 10 мамырдағы №240 "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" бұйрығына және "Казгидромет" ШЖҚ РМК Қарағанды және Ұлытау облыстары бойынша" филиалының 2024 жылғы 29 мамырдағы №27-03-10/685 хатына сәйкес, ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қарағанды облысы Шет ауданына қарасты Ақой ауылдық округінің аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
2. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жою басшысы болып Шет ауданы әкімінің орынбасары Карсембаев Даурен Құралұлы тағайындалсын және осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2024 жылғы 29 мамырынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.
М.Мұхтаров |