Жаңаөзен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2019 жылдың 10 қазандағы №675 "Жаңаөзен қаласы әкімдігінің "ӨЗЕНИНВЕСТ" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының Жарғысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Жаңаөзен қаласы әкімдігінің "ӨЗЕНИНВЕСТ" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны (Ш. Шарапатдинов) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен Жарғысына енгізілген өзгерісті тіркеу органында мемлекеттік тіркеуден өтуін қамтамасыз етсін:
осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар алынсын.
3.Осы қаулының орындалысын бақылау қала әкімінің орынбасары Б.Шалабаевқа жүктелсін.
4.Осы қаулы тіркеу органдарына мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі | Ж. Қайнарбаев |
Жаңаөзен қаласы әкімдігінің | |
2024 жылы 10 қазандағы | |
№ 482 қаулысына қосымша | |
Жаңаөзен қаласы әкімдігінің | |
2019 жылғы 10 қазандағы | |
№ 675 қаулысына қосымша |
1.Жалпы ережелер
1. Жаңаөзен қаласының әкімдігінің "ӨЗЕНИНВЕСТ" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын түрінде құрылған заңды тұлға болып табылады.
2. Кәсіпорын Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2000 жылы 8 ақпан №177 қаулысына сәйкес құрылды.
3. Кәсіпорынның құрылтайшысы Жаңаөзен қаласының әкімдігі болып табылады.
4. Кәсіпорынның мүлкіне қатысты субъектінің құқығын мемлекеттік коммуналдық меншік құқығын Жаңаөзен қаласының әкімдігі(бұдан әр құрылтайшы) жүзеге асырады.
5. Кәсіпорынды басқаруды жүзеге асыратын орган "Жаңаөзен қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық" Мемлекеттік мекемесі – (бұдан әрі-тиісті саланың уәкілетті орган) болып тыбылады.
6. Кәсіпорынның атауы:
мемлекеттік тілде: Жаңаөзен қаласының әкімдігінің "ӨЗЕНИНВЕСТ" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.
орыс тілінде: Государственное коммунальное предприятие на прав хозяйственного ведения "ОЗЕНИНВЕСТ" акимата города Жанаозен.
7. Кәсіпорынның орналасқан жері:130200, Қазақстан Республикасы, Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, Мұнайлы шағын ауданы,Сарбөпее Қуанғали көшесі, құрылыс
2. Кәсіпорынның заңды мәртебесі
8. Кәсіпорын мемлекеттік тіркеуден өткен кезден бастап құрылған болып есептеледі және заңды тұлға құқығына ие болады.
9. Кәсіпорынның дербес теңгерімі, заңнамаға сейкес банктерде шоттары, бланкілері, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген және Кәсіпорынның атауы жазылған мөрі болады.
10. Кәсіпорын Жаңаөзен қаласының әкімдігінің келісімімен басқа заңды тұлға құра алады, сондай-ақ оның құрылтайшысы қатысушысы бола алады.
11. Кәсіпорын жасасатын және Қазақстан Республикасының заң актілерін сйкес міндетті мемлекеттік және де өзгеде тіркелуге жататын азаматтық құқықтық мәмілелер, егер Қазақстан Республикасының заң актілерінде өзгеше белгіленбесе, тіркелген сәттен бастап жасасқан болып есептеледі.
12. Кәсіпорын өз атына мүліктік және мүліктік емес құқықтарды иеленуге міндеттер артуға, сотта талапкер және жауапкер болуға құқылы.
3. Кәсіпорын қызметінің нысанасы мен мақсаты
13. Кәсіпорын қызметінің нысанасы Жаңаөзен қаласы және оған іргелес орналасқан елді мекен тұрғындарын коммуналдық қызметпен қамтамасыз ету.
14. Кәсіпорын қызметінің мақсаты:
- халықты, өміршендік нысандарды тұрақты және үздіксіз коммуналдық өнімдермен қамтамасыз ету;
- коммуналдық өнімдер және қызмет түрлерін төлемақы жүйесін жаңарту жолымен, төлемдерді толықтай қайтарылуын ұйымдастыру жұмысын қамтамасыз ету;
- суды жинау, өңдеу және бөлу;
- су бұру (кәріз) жүйелерінің желілері мен құрылыстарын пайдалану;
- ассенизаторлық қызмет;
- сумен жабдықтау, жылыту және ауаны баптау жүйелерін монтаждау (газ, су және жылу шығынын есептеу аспаптарын орнату)
- техникалық сынақтар мен талдауларды жүзеге асыратын өзге де мекемелердің қызметі;
- жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын (жол учаскелерін) салуды, реконструкциялауды, жөндеуді, ақылы қозғалысты және күтіп-ұстауды ұйымдастыру жөніндегі қызмет;
-демалыс пен ойын-сауықты ұйымдастыру жөніндегі қызметтің өзге де түрлері;
-сумен жабдықтау және су құбыры жүйелері үшін құбыр және кәріз;
-магистральдық және өзге де құбырларды, оның ішінде су құбырларын пайдалану;
-құбырды қолданыстағы магистральдық және өзге де құбырларға қосу (қосу) жөніндегі қызмет;
-техникалық сынақтар мен талдаулар.
- автоматизация және жаңа технология енгізу арқылы, инженерлік жүйесі пайдалануын және сенімділігін арттыру.
15. Кәсіпорынның осы Жарғыда бекітілген өз қызметінің нысанасы мен мақсаттарына сай келмейтін қызметті жүзеге асыруға, сондай-ақ мәмілелер жасауға құқығы жоқ.
16. Кәсіпорынның Қазақстан Республикасының заңдарында немесе құрылтай құжаттарында белгілі бір шек қойылған қызмет мақсаттарына қайшы не оны директорының жарғылық құзыретін бұза отырып жасаған мәмілесі тиісті саланы уәкілетті органның немесе құрылтайшының не прокурордың талап-арызы бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкін.
17. Директордың Кәсіпорынның жарғыдан тыс қызметті жүзеге асыруға бағытталған іс-әрекеттері еңбек міндеттерін бұзу болып табылады және тәртіпті және материалдық шараларын қолдану әкеп соғады.
4. Кәсіпорынды басқару
18. Кәсіпорынға қатысты құрылтайшы мынадай функцияларды орындайды
- кәсіпорынды құру, қайта ұйымдастыру және тарату туралы шешім қабылдайды;
- кәсіпорынның Жарғысын бекітеді, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;
- кәсіпорынның даму жоспарының орындалуын бақылау және талдауды жүзеге асырады;
- кәсіпорынға коммуналдық мүлікті бекітеді;
- кәсіпорынның мүлкін пайдалану туралы, оның ішінде оны кепілге, жалға алуға, өтеусіз пайдалануға және сенімгерлікпен басқаруға беру туралы шешіп қабылдайды;
- кәсіпорын мүлкінің пайдаланылуына және сақталуына бақылауды қамтамасыз етеді;
- кәсіпорын мүлкінің есепке алынуын ұйымдастырады, оның тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді;
- өзіне осы Жарғыда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасында жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады;
19. Тиісті саланың уәкілетті органы:
1) кәсіпорын қызметінің басым бағыттарын және бюджеттен қаржыландыратын жұмыстарының (көрсететін қызметтерінің) міндетті көлемдерін айқындайды;
2) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тәртіппен директордың тағайындайды және оны аттестаттаудан өткізеді;
3) кәсіпорынды басқаруды жүзеге асырады;
4) кәсіпорынның жылдық қаржылық есептілігін бекітеді;
5) таза табыстың белгіленген бөлігін Кәсіпорынның бюджетке толық және уақытылы аударылуына бақылауды жүзеге асырады;
6) кәсіпорын директорының ұсынысы бойынша оның орынбасары (орынбасарларын) қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
7) кәсіпорынның еңбекақы төлеу қорының мөлшерін жыл сайын белгілейді;
8) кәсіпорын директорының, оның орынбасарының (орынбасарларының және бас (аға) есепшінің лауазымдық айлық ақылар мөлшерін, оларға сыйлықақы беру және өзге сыйақы жүйесін белгілейді;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасымен оның құзыретін жатқызылған өзге де мәселелерді шешеді.
20. Заңды тұлға ретінде Кәсіпорынның органы оның директоры болып табылады.
21. Кәсіпорынның директорымен еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес тиісті саланың уәкілетті органымен еңбек шартын жасасуы арқылы рәсімделеді.
22. Еңбек шартында Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде белгіленген талаптардан бөлек, Кәсіпорын директоры таза табыстың белгіленген бөлігін уақытылы бюджетке аудармағаны үшін жауапкершілігі айқындалады.
23. Кәсіпорын директоры қаржы-шаруашылық қызметіне және Кәсіпорын мүлкінің сақталуы үшін жеке жауаптылықта болады.
24. Кәсіпорын директоры дара басшылық принципі бойынша әрекет етеді және Кәсіпорын қызметінің барлық мәселелерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында және осы Жарғыда айқындалатын өз құзыретіне сәйкес дербес шешеді.
25. Директор:
Кәсіпорынның атынан сенімхатсыз әрекет етеді, барлық органдарда оның мүддесін білдіреді;
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгілен шектерде, Кәсіпорынның мүлкіне билік етеді; шарттар жасасады және өзге де мәмілелер жасайды, сенімхаттар береді; банк шорттарын ашады;
Кәсіпорынның барлық қызметкерлер үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес Кәсіпорын қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және олармен еңбек шартын бұзады, егер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында және осы Жарғыда өзгеше көзделмесе, көтермелеу шараларын қолданады және оларды жазалайды;
еңбекақы төлеу нысандарын, штат кестесін, Кәсіпорын қызметкерлерін (өзінің орынбасарлары мен бас (аға) есепшіні қоспағанда) лауазымдық айлы ақылары мөлшерін, сыйлық ақы беру және өзге де сыйақы жүйесін белгіленген
еңбекке ақы төлеу қорының шегінде бекітеді;
тиісті саланың уәкілетті органына өзінің орынбасарларын қызмет тағайындауға және қызметтенбосатуға кандидатура ұсынады;
өз орынбасарларының және Кәсіпорынның басқа да басшы қызметкерлерінің құзіретін белгілейді;
Кәсіпорындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмыс дербес жауапты;
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
5. Кәсіпорынның мүлкі
26. Кәсіпорын мүлкін құны оның дербес баланысында көрсетілген Кәсіпорынның барлық активтерін құрайды.
27. Кәсіпорынның мүлкі бөлінбейтін мүлік болып табылады және салымдар (жарғылық капиталдағы қатысу үлестері,пайлар) бойынша, оның ішінде Кәсіпорынның қызметкерлері қызметкерлері арасында бөлінбейді.
28. Кәсіпорынның мүлкі:
оған меншік иесі берген мүлкі;
өз қызметі нәтижесінде ие болған мүлік (ақшалай табыстары қоса алғанда);
Қазақстан Республикасының заңнамасында тиым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптасады.
29. Кәсіпорынның жүргізуінде тек оның жарғылық мақсаттарымен көзделген қызметін қамтамасыз ету үшін оған қажетті, не осы қызметтін өнімі болып табылатын мүлкі болуы мүмкін.
30. Егер осы Жарғыда өзгеше көзделмесе немесе осы заттық құқықтың табиғатына қайшы келмесе, шаруашылық жүргізу құқығына ие болу және оны тоқтату Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде меншік құқығына және де өзге де заттық құқығына ие болу және оны тоқтату үшін көзделген талаптармен және тәртіппен жүзеге асырылады.
31. Шаруашылық жүргізудегі мүлікті пайдаланудан алынған жемістер, өнім мен табыстар, сондай-ақ шарттар немесе өзге де негіздер бойынша Кәсіпорын сатып алынған мүлік Қазақстан Республикасының заңнамасында меншік құқығына ие болу үшін белгілен Кәсіпорынның шаруашылық жүргізуіне түседі:
32. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасымен немесе меншік иесінің шешімімен өзгеше көзделмесе, меншік иесі бұрын құрылып қойған Кәсіпорынға бекітіп беру туралы шешім қабылдаған мүлікке шаруашылық жүргізуқұқығы осы Кәсіпорында мүлік оның баланысына бекітіп берілген кезде пайда болады.
33. Кәсіпорынның негізгі құралдарға жататын мүлікті сатып алу-сату, айырбастау, сыйға тарту шарттары негізінде иеліктен шығаруға құқығы жоқ.
34. Кәсіпорын өзіне шаруашылық жүргізу құқығында бекітіліп берілген, негізгі құралдарға жатпайтын жылжымалы мүлікке дербес билік етеді.
6. Кәсіпорын қызметін қаржыландыру
35. Кәсіпорынның қызметі даму жоспарына сәйкес өз табысы және Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында айқындалған тәртіппен алынған бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылады.
36. Кәсіпорын таза табыстың бір бөлігін жергілікті бюджетке аударуды корпоративтік табыс салығы бойынша декларация таптыру үшін белгілен мерзімнен кейін он жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізеді.
37. Кәсіпорын өзі өндірген өнімді дербес өткізеді.
38. Бюджеттен қаржыландырылатын жұмыстардың (көрсетілген қызметтердің) көлемі шеңберінде өндірілетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын тиісті саланың уәкілетті органмен келісім бойынша Кәсіпорын белгілейді.
39. Кәсіпорын өндіретін және өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағалары "Табиғат монополиялар және реттелетін нарықтар туралы", "Бәсекелестік туралы" Қазақстан Республикасы заңдарының және табиғи монополиялар субъектілерінің баға белгілеуін реттейін Қазақстан Республикасының өзге де заңдарының талаптары ескеріле отырып белгіленеді.
7. Кәсіпорынның жарғылық капиталы
40. Кәсіпорынның жарғылық капиталының мөлшері 9 792 454 144 (тоғыз миллиард жеті жүз тоқсан екі мың төрт жүз елу төрт мың бір жүз қырық төрт) теңге құрайды.
Жарғылық капиталды меншік иесі (құрылтайшы) Кәсіпорынның мемлекеттік тіркеуі кезіне толық қалыптастыруы тиіс.
8. Есепке алу және Кәсіпорынның есептілігі
41. Кәсіпорынның бухгалтерлік есебін жүргізу және қаржылық есептілігін жасау Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есептіліктің халықаралық стандарттарына сәйкес тиісті саланың саясатқа сәйкес жүзеге асырылады.
42. Кәсіпорынның жылдық қаржылық есептілігі мыналардан қамтиды: бухгалтерлік баланс, пайда мен зияндар туралы есеп, ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп, капиталдағы өзгерістер туралы есеп, түсіндірме жазба.
9. Кәсіпорынның жауапкершілігі
43. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын өзінің міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлікпен жауап береді.
44. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын мемлекеттің міндеттемелері бойынша жауаптылықта болмайды.
45. Мемлекет құрылтайшының, мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның немесе тиісті саланың уәкілетті органының іс-әрекеттерінен туындаған банкроттық, ал коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарға қатысты жергілікті атқарушы органның іс-әрекеттерінен туындаған банкроттық жағдайларын қоспаганда, шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның міндеттемелері бойынша жауап бермейді. Бұл жағдайларда мемлекет шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның қаражаты кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру үшін жеткіліксіз болған кезде оның міндеттемелері бойынша жауап береді.
46. Қазақстан Республикасының заңдарында шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның міндеттемелері бойынша мемлекет жауапкершілігінің өзге де жағдайлары белгіленуі мүмкін.
10. Еңбек ұжымымен өзара қарым-қатынас
47. Кәсіпорын әкімшілігі мен еңбек ұжымы арасындағы өзара қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және ұжымдық шартқа сәйкес белгіленеді.
48. Кәсіпорынның жұмыс режимі ішкі еңбек тәртіп ережелерімен белгіленеді және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.
11. Кәсіпорын қызметкерлеріне еңбек ақы төлеу
49. Кәсіпорынның еңбекақы төлеу қорының мөлшерін жыл сайын тиісті саланың уәкілетті органы белгілейді.
50. Еңбекақы төлеу нысандарын, штат кестесін, лауазымдық айлық ақылар мөлшерін, сыйлықақы беру және өзге де сыйақы жүйесін белгіленген еңбекке ақы төлеу қорының шегінде Кәсіпорын дербес айқындайды.
51. Кәсіпорын директорының, оның орынбасарларының, бас (аға) бухгалтерінің лауазымдық айлық ақыларының мөлшерін, оларға сыйлықақы беру және өзге де сыйақы тиісті саланың уәкілетті органы белгілейді.
12. Кәсіпорынды қайта ұйымдастыру және тарату
52. Кәсіпорынды қайта ұйымдастыру және тарату Жаңаөзен қаласының әкімдігінің қаулысы бойынша жүргізіледі. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексімен көзделген басқа да негіздер бойынша тартылуы мүмкін.
53. Кәсіпорынды тарату туралы шешімқабылдаған орган тарату комиссиясын тағайындайды, тіркеуші органға тарату үдерісінің басталғаны туралы хабарлайды, баспасөзде ақпарат жариялайды және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес таратуды тәртібі мен анықтайды.
54. Таратылған Кәсіпорынның кредиторларының талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған мүлкінқұрылтайшы қайта бөледі.
55. Таратылған Кәсіпорынның мүлкін өткізу нәтижесінде алынған қаажатты қоса алғанда, осы Кәсіпорынның кредиторлардың талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған ақшасы жергілікті бюджет кірісінің есебіне жатқызылады.
13. Жарғыға өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі
56. Кәсіпорынның Жарғысына барлық өзгерістер мен толықтырулар Жаңаөзен қаласының әкімдігінің қаулысымен енгізіледі.
57. Кәсіпорын Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайда, бұл туралы бір ай мерзімде тіркеуші органға хабарлайды.