Қарақия ауданы әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Сайлау учаскелерін құру туралы" Қарақия ауданы әкімінің 2015 жылғы 14 тамыздағы № 61 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2813 болып тіркелген) келесідей өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімге қосымшада:
№ 151 сайлау учаскесі жаңа редакцияда жазылсын:
"№ 151 сайлау учаскесі
Орталығы: Жетібай ауылы, Маңғыстау облысының білім басқармасының Қарақия ауданы бойынша білім бөлімінің "Зердебай Бекарыстанұлы атындағы № 3 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты, телефон/факс: 8/72937/ 26-7-51.
Шекарасы: Жетібай ауылының, Жаңақұрылыс шағын ауданының № 1-36 үйлері, Геофизика, Ш.Ыбырайымұлы, 2-ауыл шағын аудандарының барлық үйлері, Аэропорт шағын ауданының № 1-199 үйлері.".
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Қарақия ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қарақия ауданының әкімі | С. Төретаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қарақия аудандық аумақтық
сайлау комиссиясы