Қарақия ауданы әкімінің 2015 жылғы 14 тамыздағы № 61 "Сайлау учаскелерін құру туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Қарақия ауданы әкімінің 2024 жылғы 13 маусымдағы № 22 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2024 жылғы 21 маусымда № 4716-12 болып тіркелді

      Қарақия ауданы әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Сайлау учаскелерін құру туралы" Қарақия ауданы әкімінің 2015 жылғы 14 тамыздағы № 61 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2813 болып тіркелген) келесідей өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімге қосымшада:

      № 151 сайлау учаскесі жаңа редакцияда жазылсын:

      "№ 151 сайлау учаскесі

      Орталығы: Жетібай ауылы, Маңғыстау облысының білім басқармасының Қарақия ауданы бойынша білім бөлімінің "Зердебай Бекарыстанұлы атындағы № 3 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты, телефон/факс: 8/72937/ 26-7-51.

      Шекарасы: Жетібай ауылының, Жаңақұрылыс шағын ауданының № 1-36 үйлері, Геофизика, Ш.Ыбырайымұлы, 2-ауыл шағын аудандарының барлық үйлері, Аэропорт шағын ауданының № 1-199 үйлері.".

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Қарақия ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қарақия ауданының әкімі С. Төретаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қарақия аудандық аумақтық

      сайлау комиссиясы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады