"Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабы 8-тармағына, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 56-бабының 12-тармағына, "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9946 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес Амангелді аудандық мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Қостанай облысы Амангелді ауданы мәслихатының 30.12.2024 № 123 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 05.08.2024 бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады).1. Амангелді ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауыл, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне 2024 жылы көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшiн әлеуметтік қолдау көрсетілсін.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Амангелді аудандық мәслихатының төрағасы | Қ. Кеделбаев |
КЕЛІСІЛДІ:
"Амангелді ауданы әкімдігінің
экономика және бюджеттік жоспарлау
бөлімі" коммуналдық мемлекеттік
мекемесінің басшысы
____________________ М.С. Сакетов
"21" ақпан 2024 жыл