Мәслихаттың 2024 жылғы 21 ақпандағы № 75 "Амангелді ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауыл, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне 2024 жылы әлеуметтік қолдау көрсету туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Амангелді ауданы мәслихатының 2024 жылғы 30 желтоқсандағы № 123 шешімі

      Амангелді аудандық мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мәслихаттың "Амангелді ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауыл, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне 2024 жылы әлеуметтік қолдау көрсету туралы" 2024 жылғы 21 ақпандағы № 75 шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:

      "Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабы 8-тармағына, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 56-бабының 12-тармағына, "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9946 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес Амангелді аудандық мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2024 жылғы 05 тамыздан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.

      Амангелді аудандық мәслихатының төрағасы Н. Әлмағамбетов

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Амангелді ауданы әкімдігінің

      экономика және бюджеттік жоспарлау

      бөлімі" коммуналдық мемлекеттік

      мекемесінің басшысы

      _____________________ М.С. Сакетов

      "30" желтоқсан 2024 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады