"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, Қарасу ауданының төтенше жағдайдың алдын алу және оны жою жөніндегі комиссиясының 2024 жылғы 27 наурыздағы № 2 кезектен тыс отырысының хаттамасына сәйкес Қарасу ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қарасу ауданы әкімінің "Қарасу ауданының аумағында табиғи сипаттағы жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жариялау туралы" 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 3 шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. "Қарасу ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімге қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қостанай облысы бойынша "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына жіберу;
2) осы шешім Қарасу ауданы әкімдігінің интернет - ресурсында орналастырылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қарасу ауданы әкімінің міндетін атқарушы | Д. Турсунбаева |