Қарасу ауданының аумағында табиғи сипаттағы жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жариялау туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Қарасу ауданы әкімінің 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 3 шешімі. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарасу ауданы әкімінің 2024 жылғы 28 наурыздағы № 1 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарасу ауданы әкімінің 28.03.2024 № 1 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 33 - бабы 1 - тармағының 13) тармақшасына, "Aзаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 48 - бабына және 50 - бабы 2 - тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 10 мамырдағы "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың жіктемесін белгілеу туралы" № 240 бұйрығына сәйкес, Қарасу ауданының төтенше жағдайдың алдын алу және жою жөніндегі комиссиясының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 8 кезектен тыс отырысының хаттамаларын ШЕШТІ:

      1. Қарасу ауданының аумағында табиғи сипаттағы жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жариялансын.

      2. Аудан аумағында табиғи сипаттағы жергілікті ауқымдағы төтенше жағдайды жоюға бағытталған іс - шаралар өткізілсін.

      3. Қарасу ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасары Турсунбаева Динара Канапияновна табиғи сипаттағы жергілікті ауқымдағы төтенше жағдайды жою жөніндегі басшы болып тағайындалсын.

      4. "Қарасу ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімге қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қостанай облысы бойынша "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына жіберу;

      2) осы шешім Қарасу ауданы әкімдігінің интернет - ресурсында орналастырылсын.

      5. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      6. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қарасу ауданының әкімі В. Радченко

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады