Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы № 790 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің 90-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Тұжырымдамаларды, ұлттық жобаларды, доктриналарды (стратегияларды), кешенді жоспарларды әзірлеу, іске асыру, түзету және мониторингтеу тәртібі бекітілсін.
2. Стратегиялық талдау және даму департаменті:
1) осы бұйрықты мүдделі тұлғалардың назарына жеткізсін;
2) оны Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;
3) осы бұйрықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі |
Н. Байбазаров |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің 2024 жылғы 29 қазандағы № 260 бұйрығымен бекітілген |
Тұжырымдамаларды, ұлттық жобаларды, доктриналарды (стратегияларды), кешенді жоспарларды әзірлеу, іске асыру, түзету және мониторингтеу тәртібі
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Тұжырымдамаларды, ұлттық жобаларды, доктриналарды (стратегияларды), кешенді жоспарларды әзірлеу, іске асыру, түзету және мониторингтеу тәртібі (бұдан әрі – Тәртіп) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы № 790 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің (бұдан әрі – МЖЖ) 90-тармағына сәйкес әзірленді және тұжырымдамалар, ұлттық жобалар, доктриналар (стратегиялар), кешенді жоспарлар (бұдан әрі – құжаттар) әзірлеу, іске асыру, түзету және мониторинг жүргізу жөніндегі тәртібін айқындайды.
2. Осы Тәртіпте мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) әзірлеуші мемлекеттік орган – құжатты әзірлеуге жауапты мемлекеттік орган;
2) бірлесіп орындаушы орталық мемлекеттік органдар, жергілікті атқарушы органдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері, ведомстволық бағынысты және өз өкілеттіктері шегінде қойылған мақсаттарға, міндеттер мен нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізу олардың қызметтеріне байланысты болатын, құжатты әзірлеу және іске асыру бойынша ведомствоаралық өзара іс-қимыл жасасу үшін тартылатын өзге де ұйымдар;
3) жоспарлы кезең – тиісті құжат әзірленетін кезең;
4) көрсеткіштер – нысаналы индикаторлар мен нәтижелер көрсеткіштері;
5) күтілетін нәтиже – құжатты іске асыруды аяқтау мерзіміне қарай қол жеткізілетін белгілі бір саладағы/аядағы оң өзгерістерді сипаттайтын сапалық және/немесе сандық көрсеткіш;
6) мақсат – қол жеткізілуі тиісті құжаттың іске асырылуын қамтамасыз ететін жоспарлы кезеңнің соңына қарай белгілі бір саланың/аяның, тиісті аумақтың қалаулы болашақ жай-күйі;
7) міндет – мақсатқа жету үшін орындалатын, жағдайды талдаудың негізінде қалыптастырылатын және жоспарлы кезеңнің соңына қарай қызмет саласындағы негізгі өзгерістерді көруге мүмкіндік беретін негізгі шарттар;
8) нәтиже көрсеткіші – міндетті шешу деңгейін айқындауға мүмкіндік беретін санмен өлшенетін көрсеткіш;
9) түйінді индикатор – мақсатқа қол жеткізудегі ілгерілеу деңгейін немесе оның болмауын өлшеуге мүмкіндік беретін сандық мәні.
3. Әзірлеу процесі құжатқа бастама жасаудан, ағымдағы жағдайды талдаудан, пайым қалыптастырудан, басымдықтарды, мақсаттарды, нысаналы индикаторларды, міндеттер мен нәтижелер көрсеткіштерін, оларға қол жеткізу жолдарын, ресурстық қамтамасыз етілуін айқындаудан, сондай-ақ қарым-қатынас, оның ішінде оны заңнамада белгіленген тәртіппен жария талқылау, келісу, бекіту және жариялау кезінде, қалыптастырудан тұрады.
Мемлекеттік құпияларды немесе қол жеткізілуі шектеулі қызметтік ақпаратты қамтитын құжатты қоспағанда, Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 30 қыркүйектегі № 849 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24634 болып тіркелді) бекітілген Ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын орналастыру және жария талқылау қағидаларына сәйкес мүдделі ұйымдармен, тұлғалармен және мемлекеттік органдармен талқылау үшін ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылады және келіп түскен ұсыныстарды ескере отырып, пысықталады.
Кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын құжаттарды әзірлеу "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабының ережелері ескеріле отырып, жүзеге асырылады.
4. Іске асыру құжатта нысаналы индикаторлар және нәтижелер көрсеткіштері түрінде белгіленген, күтілетін нәтижелерге қол жеткізу процесі болып табылады.
5. Түзету бекітілген құжатқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу процесін білдіреді.
6. Мониторинг құжатта белгіленген шаралардың/іс-әрекеттердің орындалуын және берілген күтілетін нәтижелерге қол жеткізуді бақылау процесі ретінде құжаттың іске асырылу барысы туралы есепті және басқа ақпаратты жинауды, жүйелеуді, талдауды және жинақтауды қамтиды.
7. Тиісті құжатты әзірлеу қажеттігінің шарттары МЖЖ-ның 8-тарауының ережелерінде айқындалған.
8. Мыналар:
1) мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның ресми статистикалық ақпараты, әкімшілік деректер, мемлекеттік органдардың ведомстволық статистикалық бақылаулары;
2) халықаралық статистика, оның ішінде халықаралық рейтингтер, Біріккен Ұлттар Ұйымының Орнықты даму мақсаттарының нәтижелері;
3) мониторингтеудің қорытындылары, оның ішінде жобалау басқармасының жедел мониторингінің нәтижелері, МЖЖ құжаттарын, өзге де жоспарлау құжаттарын іске асыру туралы есептер мен қорытындылар, сондай-ақ заңнамада белгіленген тәртіппен жүргізілетін қоғамдық мониторингтің нәтижелері;
4) бюджеттердің атқарылуы туралы есептер;
5) әлеуметтік зерттеулер, сауалнамалар, тәуелсіз сарапшылардың қорытындылары;
6) басқа да көздер құжаттарды талдау, әзірлеу және мониторингтеу үшін ақпарат көздері болып табылады.
9. Саланың/аяның жағдайына талдау жүргізу кезінде әдістердің бірі ретінде SWOT-талдау пайдаланылады.
10. Құжаттарды іске асыруды қаржыландыру Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.
2-тарау. Тұжырымдамаларды әзірлеу, іске асыру, түзету және мониторингтеу тәртібі
11. Тұжырымдама нақты саланы/аяны (кемінде 5 жыл кезеңге) дамытудың жүйелі қайта құруларының, сондай-ақ оларды іске асыру жөніндегі негізгі қағидаттар мен тәсілдердің пайымын айқындайтын құжат болып табылады.
12. Тұжырымдаманың құрылымы мынадай:
1) паспорт (негізгі параметрлер);
2) ағымдағы ахуалды талдау;
3) халықаралық тәжірибеге шолу;
4) нақты саланың/аяның даму пайымы;
5) дамудың негізгі қағидаттары мен тәсілдері (міндеттер/бағыттар бойынша);
6) нысаналы индикаторлар және күтілетін нәтижелер;
7) тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспары (тұжырымдамаға қосымша) бөлімдерінен тұрады.
13. "Паспорт (негізгі параметрлер)" деген бөлімде мыналарды:
1) атауын;
2) әзірлеу үшін негіздемені (іске асыру үшін тұжырымдаманы әзірлеу қамтамасыз етілетін Қазақстан Республикасының Президенті, Президент Әкімшілігінің басшылығы, Премьер-Министр тапсырмасының деректемелері (нөмірі, күні, атауы, бар болса тармағы));
3) әзірлеуші мемлекеттік органды және бірлесіп орындаушы мемлекеттік органдарды көрсетуді;
4) іске асыру мерзімдерін қамтитын негізгі параметрлер жазылады.
14. "Ағымдағы ахуалды талдау" деген бөлімде саланың/аяның жай-күйінің ағымдағы жағдайын бағалау, сондай-ақ негізгі проблемалар, үрдістер сипатталады.
15. "Халықаралық тәжірибеге шолу" деген бөлімде Қазақстан жағдайларына бейімделуі мүмкін ұқсас мәселелерді шешу бойынша әлемдік практиканың позитивті тәжірибесін талдау көрсетіледі.
16. "Нақты саланы/аяны дамыту пайымы" деген бөлімде нақты саланың/аяны дамыту пайымы сипатталады.
17. "Дамудың негізгі қағидаттары мен тәсілдері (міндеттер/бағыттар бойынша)" деген бөлімде нақты саланы/аяны дамыту қағидаттары мен тәсілдері жазылады.
18. "Нысаналы индикаторлар және күтілетін нәтижелер" деген бөлімде тұжырымдаманы іске асыру нәтижесінде қол жеткізілетін тұжырымдаманың мақсаттарына қол жеткізуді және (немесе) белгілі бір саладағы/аядағы оң өзгерістерді сипаттайтын индикаторлар және (немесе) күтілетін нәтижелер көрсетіледі.
Бұл ретте күтілетін нәтижелер тұжырымдаманы іске асырудың аяқталу мерзіміне қарай сапалық және/немесе сандық мәнде тұжырымдалады.
19. Тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі іс-қимылдар жоспары (бұдан әрі – Іс-қимылдар жоспары) тұжырымдаманың ажырамас бөлігі болып табылады және көрсеткіштерге уақтылы және толыққанды қол жеткізу және күтілетін нәтижелерді алу үшін тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі іс-қимылдарды ұйымдастыру және үйлестіру мақсатында әзірленеді.
20. Іс-қимылдар жоспары жетекшілік ететін салада/аяда нысаналы индикаторларға және күтілетін нәтижелерге қол жеткізу үшін аса маңызды түйінді реформалардың/негізгі іс-шаралардың тізбесін, оларды аяқтау мерзімдерін, жауапты орындаушыларды, іске асырудың бүкіл кезеңіне қаржыландыру көлемі мен көздерін қамтиды.
Іс-қимылдар жоспарының іс-шаралары тұжырымдамада көрсетілген тәсілдермен байланыстырылады.
21. Тұжырымдамада пайдаланылған терминдер мен анықтамаларды нақтылау барысында олардың мағынасын түсіндіретін кіші бөлім көзделеді.
22. Үкіметтің құрылымына кіретін мемлекеттік органдар әзірлейтін тұжырымдамаларды Үкімет немесе мемлекеттік органның бірінші басшысы бекітеді.
23. Қазақстан Республикасының Президентіне есеп беретін мемлекеттік органдар әзірлейтін тұжырымдамаларды Қазақстан Республикасының Президенті немесе оның уәкілеттік беруімен Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу бойынша мемлекеттік органның бірінші басшысы бекітеді.
24. Президенттің тапсырмасы бойынша әзірленетін тұжырымдамаларды Қазақстан Республикасының Президенті немесе оның уәкілеттік беруімен Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
25. Тұжырымдаманы іске асыру Іс-қимылдар жоспарын орындау арқылы жүзеге асырылады.
26. Іс-қимылдар жоспарын тұжырымдаманы іске асыруға қатысатын мемлекеттік органдардың ұсыныстары негізінде осы Тәртіпке 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әзірлеуші мемлекеттік орган әзірлейді.
27. Іс-қимыл жоспарлары қосымша түрінде ресімделеді.
Үкіметтің құрылымына кіретін мемлекеттік органдар әзірлейтін және Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін тұжырымдамалар бойынша оларды іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарларын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
28. Тұжырымдаманың нысаналы индикаторларына қол жеткізуге жауапты әзірлеуші мемлекеттік орган мен бірлесіп орындаушылар өз бюджеттерінде тұжырымдамада қойылған мақсаттарға, міндеттерге, нысаналы индикаторлар мен нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін қажетті қаражатты көздейді.
29. Тұжырымдаманы іске асыру кезінде Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 31 шiлдедегi № 301/НҚ бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33199 болып тіркелген) Жобалық басқаруды жүзеге асыру қағидаларына және Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің 2022 жылғы 13 қаңтардағы № 2 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26582 болып тіркелген) Мемлекеттік органдарды жобалық басқарудың үлгілік регламентіне сәйкес (бұдан әрі – Жобалық басқаруды жүзеге асыру қағидалары және Үлгілік регламент) жобалық басқару тәсілі қолданылуы мүмкін.
30. Тұжырымдама мен іс-қимыл жоспарын тиімді және уақтылы іске асыру үшін әзірлеуші мемлекеттік орган мен бірлесіп орындаушылар жоспарлы кезең бойы өз өкілеттіктері шегінде мыналарды жүргізеді:
тәуекелдерді талдау – тұжырымдаманың іске асырылу барысына әсер ететін және жоспарланған мақсаттарға, нысаналы индикаторларға және нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізуге кедергі келтіретін ықтимал тәуекелдерді қадағалайды;
тәуекелдерді басқару – жоспарланған мақсаттарға, нысаналы индикаторларға және нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізбеу ықтималдығы күшейген немесе тәуекел басталған жағдайда қажетті іс-шараларды (оның ішінде бұрын жоспарланған) жүзеге асырады.
31. Тұжырымдаманы және оны іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарын түзету үшін Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі басшылығының, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің тапсырмалары негіз болып табылады.
32. Тұжырымдаманы іске асырудың соңғы жылында мақсаттарды, нысаналы индикаторларды, міндеттер мен нәтижелер көрсеткіштерін түзетуге жол берілмейді.
33. Тұжырымдаманы түзету тұжырымдаманы әзірлеу процесі үшін белгіленген талаптар ескеріле отырып, жүзеге асырылады.
34. Тұжырымдаманы мониторингтеу жылдың қорытындысы бойынша жылына бір рет әзірлеуші мемлекеттік орган мен бірлесіп орындаушылардың ақпараты негізінде қалыптастырылған тұжырымдаманы іске асыру туралы есеп түрінде жүргізіледі.
35. Бірлесіп орындаушылар өз құзыреті шегінде әзірлеуші мемлекеттік органға есепті жылдан кейінгі жылғы 1 сәуірге дейін тұжырымдаманың іске асырылу барысы туралы ақпаратты ұсынады.
36. Әзірлеуші мемлекеттік орган алынған ақпарат негізінде тұжырымдаманы іске асыру туралы есепті қалыптастырады және есепті жылдан кейінгі жылғы 1 мамырға дейінгі мерзімде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға жібереді және оны өзінің интернет- ресурсында (қол жеткізілуі шектеулі ақпаратты қоспағанда) орналастырады.
37. Тұжырымдаманы іске асыру туралы есепті бірлесіп орындаушылар және әзірлеуші мемлекеттік орган осы Тәртіпке 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырады.
38. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган есепті жылдан кейінгі жылғы 15 маусымға дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасы Үкіметінің аппаратына есепті жылы тұжырымдамаларды іске асырудың қорытындысы туралы жиынтық ақпаратты жібереді.
39. Тұжырымдамаларды мониторингтеу нәтижелерінің толықтығын, сапасын, дұрыстығын және уақтылы ұсынылуын іске асыруға жауапты әзірлеуші мемлекеттік органдар мен бірлесіп орындаушылар қамтамасыз етеді.
3-тарау. Ұлттық жобаларды әзірлеу, іске асыру, түзету және мониторингтеу тәртібі
40. Ұлттық жоба Қазақстан Республикасы Президентінің тікелей тапсырмасы бойынша ұлттық деңгейдегі аса маңызды міндеттерді шектеулі мерзімдерде шешу мақсатында әзірленеді және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
41. Ұлттық жобаның табысты іске асырылуы ұлттық жобаның негізгі мақсатына жоғары ықтималдықпен қол жеткізуге мүмкіндік беретін іс-шаралар кешенінен тұрады.
Әлеуетті ұлттық жобаның өзіне тән ерекшелігі нәтиженің ұлттық жобаның тиісті іс-шараларын іске асыруға жауапты мемлекеттік органдар тікелей қадағаламайтын факторларға төмен тәуелділігі болып табылады.
42. Ұлттық жоба мынадай өлшемшарттарға сәйкес келуі тиіс:
1) бөлуге жоспарланған жеткілікті ресурстарды ескере отырып, нақтылық немесе оның нақты және өлшенетін нәтиже алуға бағыттылығы: міндеттерді тұжырымдаудың анықтығы; қойылған міндеттерге қол жеткізуге арналған іс-шаралардың толықтығы; бағыттардың, міндеттер мен нәтижелер көрсеткіштерінің, сондай-ақ жобаны іске асырудың жоспар-кестесі іс-шараларының бұлыңғыр тұжырымдалуының болмауы; нақты іске асыру мерзімдерінің болуы;
2) белгіленген шектеулі мерзімде күтілетін нәтиже көрсеткішіне қол жеткізу немесе қол жеткізу мүмкіндігі: күтілетін нәтиже көрсеткішіне жоғары ықтималдылық дәрежесімен және қолда бар ресурстық базаның негізінде қол жеткізеді; нәтиже көрсеткіштері қойылған міндеттердің мазмұнымен және белгіленген мерзімдермен үйлестірілген;
3) ел ауқымындағы әлеуметтік-экономикалық әсердің маңыздылығы немесе қамтамасыз етілуі: халықтың өмір сүру сапасы мен қауіпсіздігі немесе бизнес жүргізу жағдайларының елеулі оң өзгерістерге қол жеткізіледі; нақты проблемалар шешіледі және/немесе жекелеген реформаларды іске асыру жүзеге асырылады; нәтижелер елдің барлық/көптеген өңірлеріне релевантты;
4) жауапкершілік пен мүмкіндіктердің арақатынасы: ұлттық жобаны іске асыруға жауапты лауазымды тұлғалардың дербес жауаптылығын бекіту; жобаны сәтті және уақтылы іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерді бекіту.
43. Ұлттық жобаны дайындау кезінде:
бағыттарды, міндеттерді және нәтижелер көрсеткіштерін МЖЖ құжаттарында қайталауға;
бағыттар, міндеттер және нәтижелер көрсеткіштері, сондай-ақ ұлттық жобаны іске асыру жоспар-кестесі іс-шараларының тұжырымдауларында бұлыңғырлыққа жол берілмейді.
44. Ұлттық жоба осы Тәртіпке 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әзірленеді және мынадай бөлімдерден тұрады:
1) паспорт;
2) ағымдағы жағдай;
3) мақсат, міндеттер және нәтижелер көрсеткіштері;
4) әлеуметтік-экономикалық әсер, игілік алушылар үшін пайдасы;
5) ресурстар;
6) жауапкершілік пен өкілеттіктерді бөлу.
45. Ұлттық жобаның "Паспорт" деген бөлімінде мыналарды қамтитын негізгі параметрлер баяндалады:
1) атауы;
2) әзірлеу үшін негіздеме;
3) ұлттық жобаны әзірлеу мақсаты;
4) іске асыру мерзімі;
5) күтілетін әлеуметтік-экономикалық әсері, игілік алушыларға пайдасы;
6) ұлттық жобаны іске асыру үшін қажетті қаржыландыру көлемі;
7) ұлттық жобаны әзірлеушінің атауы;
8) ұлттық жобаны іске асыруға жауапты мемлекеттік органдар мен ұйымдардың атауы;
9) ұлттық жобаның жетекшісі мен кураторы.
Ұлттық жобаның кураторын Жобалық басқаруды жүзеге асыру қағидаларына сәйкес Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі айқындайды.
46. "Ағымдағы жағдай" бөлімінде саланың/аяның ағымдағы жай-күйін талдау және оның даму үрдістері мен факторларын бағалау көрсетіледі, оны іске асыруға байланысты тәуекелдер және осы тәуекелдерге ден қою жөніндегі стратегиялар анықталады.
47. "Мақсат, міндеттер және нәтижелер көрсеткіштері" бөлімінде ұлттық жобаны әзірлеудің негізгі мақсаты және саланы/аяны, елді дамытуға неғұрлым жоғары әлеуметтік-экономикалық әсер ететін міндеттер мен салааралық/аяаралық сипаттағы проблемаларды шешу жолдары айқындалады.
48. "Әлеуметтік-экономикалық әсер, игілік алушыларға пайдасы" бөлімінде әлеуметтік және экономикалық әсер түрінде күтілетін нәтиже туралы ақпарат көрсетіледі.
Әлеуметтік әсер ұлттық жобаның игілік алушыларының күтулеріне сәйкес келетін әлеуметтік маңызы бар нәтиже болып табылады. Ұлттық жобаның күтілетін әлеуметтік әсері ұлттық жоба бағдарланған игілік алушылар санатына және осы ұлттық жобаның қанағаттандыруы болжанатын міндетке қарай айқындалады.
Экономикалық әсер - бастапқы және жаңа технологияларды енгізу, ұйымдастырушылық-экономикалық іс-шаралардың, оның ішінде ұсынылған мемлекеттік қолдау шаралары мен инвестициялар тарту нәтижесінде алынған қорытынды арасындағы экономикалық нәтижені немесе өсімді айқындайтын көрсеткіш.
49. "Қажетті ресурстар" бөлімінде ұлттық жобаны іске асыруға арналған ресурстардың (қаржылық, адами, ақпараттық және басқалар) қажетті көлемі және оларды қаржыландыру көздері айқындалады.
50. Ұлттық жобаны қаржыландыру көздері:
1) республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты;
2) мемлекеттік қарыздар;
3) мемлекет кепілдігімен тартылатын мемлекеттік емес қарыздар;
4) тікелей шетелдік және отандық инвестициялар;
5) халықаралық қаржы-экономикалық ұйымдардың немесе донор елдердің гранттары;
6) екінші деңгейдегі банктердің кредиттері;
7) ұйымдардың өз қаражаты;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа да көздер болып табылады.
Болжанып отырған қаржыландыру көлемі әлеуметтік-экономикалық даму болжамы, жоспарлы кезеңге арналған республикалық және жергілікті бюджеттердің параметрлері ескеріле отырып айқындалады.
51. "Жауапкершілік пен өкілеттіктерді бөлу" бөлімінде Үлгілік регламентке сәйкес ұлттық жобаның нәтижелер көрсеткіштері мен міндеттеріне қол жеткізбегені үшін дербес жауаптылық бекітіледі.
52. Ұлттық жобаға осы Тәртіпке 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұлттық жобаны іске асыру жоспар-кестесі қоса беріледі.
53. Ұлттық жобалық офис (бұдан әрі – Офис) мемлекеттік органдардың жобалық офистерімен бірлесіп, ұлттық жобаны іске асыру жоспар-кестесінің іс-шараларын нақтылауды және ұлттық жобаны іске асырудың төмен тұрған кезеңдерінде жеке жауаптылықты белгілеуді қамтамасыз етеді.
54. Ұлттық жобаның әзірленген жобасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес, оның ішінде кең талқылаумен және сарапшы қоғамдастықты тарта отырып (қол жеткізілуі шектеулі ақпаратты қоспағанда), келісу рәсімінен өтеді.
55. Қажет болған жағдайда әзірлеуші мемлекеттік орган қаржыландыру сомасын мақұлдау үшін ұлттық жобаның жобасын Республикалық бюджет комиссиясының отырысына шығаруды қамтамасыз етеді.
56. Ұлттық жобаның жобасы ұлттық жоба міндеттерінің негіздемесі бойынша қосымша ақпаратпен қоса оны мүдделі ұйымдармен, тұлғалармен және мемлекеттік органдармен талқылау үшін ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталына орналастырылады.
57. Ұлттық жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган ұлттық жобаға мемлекеттік игілік алушылардың санаттары (халық, бизнес, мемлекет), өлшем бірліктері, игілік алушылар үшін маңыздылығы, әлеуметтік және экономикалық әсерлер бойынша мәндер мен көрсеткіштер серпіні, өткен кезеңдермен салыстырулар көрсетіле отырып, нәтижелер көрсеткіштері мен әлеуметтік және экономикалық әсерлер бойынша көрсеткіштердің есептемелерін қоса береді.
58. Ұлттық жобаны іске асыру Жобалық басқаруды жүзеге асыру қағидалары мен Үлгілік регламентке сәйкес Офистің және тиісті мемлекеттік органдардың жобалық офистерінің қызметі шеңберінде ұлттық жобаны іске асыру жоспар-кестесін орындау жолымен жүзеге асырылады.
59. Ұлттық жобаның жобасын жалпы үйлестіруді, әзірлеу мен іске асырудың уақтылылығын ұлттық жобаның кураторы жүзеге асырады.
60. Ұлттық жобаның уақтылы және сапалы орындалуын бақылау жедел және жыл сайынғы мониторинг жүргізу арқылы жүзеге асырылады.
61. Ұлттық жобалардың іске асырылуын жедел мониторингтеу Үлгілік регламентте белгіленген талаптарға сәйкес Офис жүзеге асырады.
62. Ұлттық жобаны жедел мониторингтеуді жүргізу кезінде:
оны жүзеге асыру барысы анықталады;
ұлттық жобаны және онымен байланысты жобалау қызметін іске асыру процесін түзету жөніндегі іс-шаралар жүргізіледі (қажет болған жағдайда);
бекітілген жауапты тұлғалардың өзектілігі тексеріледі.
63. Жедел мониторингтеудің нәтижелерін Офис ай сайын қалыптастырады, сондай-ақ қажеттігіне қарай, бірақ кемінде жарты жылда бір рет кураторға ұсынылады.
64. Жылдың қорытындысы бойынша мониторинг жүргізу кезінде әзірлеуші мемлекеттік орган және бірлесіп орындаушылар ұлттық жобаның іске асырылуы туралы есеп қалыптастырады.
65. Ұлттық жобаны іске асыруға қатысатын бірлесіп орындаушылар өз құзыреті шегінде ұлттық жобаның іске асырылу барысы туралы ақпаратты әзірлеуші мемлекеттік органға есепті жылдан кейінгі жылғы 1 сәуірге дейін ұсынады.
66. Әзірлеуші мемлекеттік орган ұлттық жобаны іске асыру туралы есепті қалыптастырады және оны есепі кезеңнен кейінгі жылғы 1 мамырға дейін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға жібереді, сондай-ақ оны өзінің интернет-ресурсында (қол жеткізілуі шектеулі ақпаратты қоспағанда) орналастырады.
67. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган есепті жылдан кейінгі жылғы 15 маусымға дейінгі мерзімде әзірлеуші мемлекеттік органдардың есептерін қоса, есепті жылы Ұлттық жобаларды іске асырудың қорытындысы туралы жиынтық ақпаратты Үкімет аппаратына жолдайды.
68. Ұлттық жобаны іске асырудың соңғы жылы аяқталғаннан кейін ұлттық жобаның нәтижелер көрсеткіштеріне толық қол жеткізілген жағдайда, ұлттық жобаны әзірлеуші ұлттық жобаны іске асырудың аяқталғаны туралы қорытынды есеп дайындайды.
69. Қорытынды есеп ұлттық жоба қолданысының соңғы жылындағы іске асыру жөніндегі ақпаратты да, іске асыру туралы есептің талдамалық жазбасындағы ұлттық жоба қолданысының бүкіл кезеңі үшін жинақталған ақпаратты қамтиды.
70. Ұлттық жобаның іске асырылуы жөніндегі жыл сайынғы есеп осы Тәртіпке 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделеді.
71. Ұлттық жобаны түзетуге Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша жол беріледі және ұлттық жобаны әзірлеу процесі үшін белгіленген талаптар ескеріле отырып, жүзеге асырылады.
72. Ұлттық жоба түзетілген жағдайда "Паспорт" бөлімінде ұлттық жобаға түзетулер енгізілген құқықтық акт, сондай-ақ ұлттық жобаны іске асыру үшін бөлінген қаржыландыру көлемі қосымша көрсетіледі.
4-тарау. Доктринаны (стратегияны) әзірлеу, іске асыру, түзету және мониторингтеу тәртібі
73. Доктрина (стратегия) қауіпсіздік, сыртқы және ішкі саясат саласындағы, сондай-ақ ел дамуының қоғамдық маңызы бар мәселелері бойынша жалпыұлттық ұстанымдарды, ортақ көзқарастарды, мемлекеттік саясаттың стратегиялық бағытын тұжырымдау мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша әзірленеді.
74. Доктринаның (стратегияның) құрылымы мынадай бөлімдері қамтиды:
1) кіріспе;
2) ағымдағы ахуалды талдау;
3) негізгі ережелер: белгілі бір мәселе бойынша дамудың мақсаттары мен қағидаттары, пайымы мен тәсілдері;
4) қорытынды.
75. Доктрина (стратегия) жобасының мазмұны тұжырымдауда бұлыңғырсыз, қысқаша және анық баяндалуы тиіс.
76. Доктриналарды (стратегияны) әзірлеу кезінде қол жеткізілуі шектеулі ақпаратты қамтитын құжаттарды қоспағанда, ғылыми-зерттеу ұйымдары, ғалымдар, сарапшылар, түрлі білім салаларының мамандары тартылады.
77. "Кіріспе" бөлімінде доктринаны (стратегияны) әзірлеудің негіздемесі мен қажеттігі көрсетіледі, оның мәні ашылып жазылады.
78. "Ағымдағы ахуалды талдау" бөлімінде белгілі бір салалардағы қолданыстағы мемлекеттік саясаттың қалыптасқан көзқарастар жүйесін, қағидаттары мен бағыттарын талдау көрсетіледі.
79. "Негізгі ережелер" бөлімінде мемлекеттік саясатты жүргізудің мақсаттары, қағидаттары, бағыттары, тәсілдері мен нысандары айқындалады, сондай-ақ оларды таңдаудың негіздемесі келтіріледі.
Доктрина (стратегия) мақсаттарында белгілі бір мәселеде істердің түпкілікті қалаулы жағдайы көрсетіледі.
Доктрина (стратегия) қағидаттарында мемлекеттік саясаттың ұсынылып отырған бағдарын іске асырудың негіздері мен қағидалары белгіленеді.
Белгілі бір мәселе бойынша дамуды пайымдау осы мәселенің қағидаттарын, көзқарастарын білдіреді.
Белгілі бір мәселе бойынша даму тәсілдері алға қойылған мақсатқа қол жеткізу әдістерін, болжанатын (ықтимал) жолдарын білдіреді.
80. "Қорытынды" бөлімінде доктринаны (стратегияны) іске асыру нәтижесінде елдің және қоғамның дамуында күтілетін оң өзгерістер көрсетілген жалпы тұжырымдар қамтылады.
81. Доктринаның (стратегияның) жобасы әзірлеу сатысында мүдделі мемлекеттік органдармен келісіледі.
82. Доктринаның (стратегияның) жобасы, қол жеткізілуі шектеулі ақпаратты қоспағанда, оны мүдделі ұйымдармен, тұлғалармен және мемлекеттік органдармен талқылау үшін ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылады.
83. Мүдделі мемлекеттік органдармен келісілген доктринаның (стратегияның) жобасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының Президентіне бекітуге жіберіледі.
84. Доктриналарды (стратегияларды) іске асыру әзірлеуші мемлекеттік органдардың, бірлесіп орындаушылардың өз бюджеттерінде көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады.
85. Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша Үкімет тиісті орта мерзімді кезеңге арналған доктриналарды (стратегияларды) іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарларын әзірлеп, бекітуі мүмкін.
86. Доктринаға (стратегияға) өзгерістер мен толықтырулар енгізуді Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша әзірлеуші мемлекеттік орган оны әзірлеу үшін белгіленген талаптарды ескере отырып, жүзеге асырады.
5-тарау. Кешенді жоспарларды әзірлеу, іске асыру, түзету және мониторингтеу тәртібі
87. Кешенді жоспарлар Қазақстан Республикасы Президентінің немесе Премьер-Министрінің тапсырмасы бойынша маңызды салалық мәселелерді жедел шешу үшін 5 жылдан аспайтын мерзімге әзірленеді.
88. Кешенді жоспардың құрылымы кесте нысанында болады және мыналарды:
1) күтілетін нәтижелерді;
2) іс-шараларды (нақты іс-әрекеттер);
3) іс-шаралардың аяқталу нысанын;
4) іс-шаралардың орындалу мерзімдерін;
5) жауапты орындаушыларды;
6) қаржыландыру көлемін;
7) қаржыландыру көздерін қамтиды.
89. Кешенді жоспардың жобасын әзірлеу мынадай талаптар ескеріле отырып жүзеге асырылады:
1) мерзімі, қаржы ресурстары, аяқталу нысандары және Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларын іске асыруға бағытталған іс-шараларды (нақты іс-әрекеттерді) орындаушылар бойынша келісілген жүйені қамтиды;
2) шаралардың атаулылығын, оларды іске асыру мерзімдері мен дәйектілігін нақты айқындауды, орындаушылар қызметінің мақсаттарға қол жеткізуге қатаң бағдарлануын қамтамасыз етеді.
90. Кешенді жоспарлар, қажет болған жағдайда, негізгі міндеттерді, проблемаларды көрсете отырып, осы құжатты қабылдау қажеттігі туралы қысқаша ақпаратты көрсететін "Кіріспе" бөлімімен толықтырылады.
91. Кешенді жоспар кешенді жоспарды іске асыруға қатысатын мемлекеттік органдардың ұсыныстары негізінде осы Тәртіпке 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қалыптастырылады.
92. Кешенді жоспардың жобасы әзірлеу сатысында, қол жеткізілуі шектеулі ақпаратты қоспағанда, оны мүдделі ұйымдармен, тұлғалармен және мемлекеттік органдармен талқылау үшін ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылады.
93. Кешенді жоспардың жобасы әзірлеу сатысында мүдделі мемлекеттік органдармен келісіледі.
94. Келісілгеннен кейін кешенді жоспардың жобасын әзірлеуші мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізеді.
95. Кешенді жоспардың іске асырылуын кешенді жоспардың іс-шараларын орындауға жауапты мемлекеттік органдар, ведомстволық бағынысты ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері белгіленген мерзімде қамтамасыз етеді.
96. Кешенді жоспардың іске асырылуын мониторингтеуді әзірлеуші мемлекеттік орган ұсынатын кешенді жоспар іс-шараларының орындалу барысы туралы ақпараттың негізінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппараты жүзеге асырады.
97. Кешенді жоспардың орындалу барысы туралы жиынтық ақпаратты беру мерзімдері мен кезеңділігін Қазақстан Республикасының Үкіметі құқықтық актінің қаулы бөлігінде белгілейді.
98. Кешенді жоспарға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді (түзетуді) әзірлеуші мемлекеттік орган оны әзірлеу үшін белгіленген талаптарды ескере отырып, Қазақстан Республикасы Президентінің немесе Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің тапсырмасы бойынша жүзеге асырады.
Тұжырымдамаларды, ұлттық жобаларды, доктриналарды (стратегияларды), кешенді жоспарларды әзірлеу, іске асыру, мониторингтеу және түзету тәртібіне 1-қосымша |
|
Нысан |
Тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспары _____________________ (тұжырымдаманың атауы)
№ | Реформалардың /негізгі іс-шаралардың атауы | Аяқтау нысаны | Аяқталу мерзімі | Жауапты орындаушылар | Қаржыландыру көлемі | Қаржыландыру көздері |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1-бағыт | ||||||
1-нысаналы индикатор | ||||||
1 | Реформалар/негізгі іс-шаралар | |||||
… | ||||||
n | Реформалар/негізгі іс-шаралар | |||||
n-нысаналы индикаторы | ||||||
n+1 | Реформалар/негізгі іс-шаралар | |||||
… | ||||||
N | Реформалар/негізгі іс-шаралар | |||||
N-бағыт | ||||||
1-нысаналы индикатор | ||||||
… |
Ескертпе: Тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарлары осы Нысанға қосымшаға сәйкес Тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарын толтыру жөніндегі түсіндірмелерге сәйкес толтырылады.
Іс-қимыл жоспарын толтыру жөніндегі тұжырымдаманы іске асыру бойынша қосымша |
Тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарын толтыру бойынша түсіндірмелер
Тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспары былайша толтырылады:
1) "Тұжырымдаманың атауы" деген жол бойынша тұжырымдаманың толық атауы көрсетіледі;
2) "№" деген 1-бағанда тұжырымдаманың реформаларының/негізгі іс-шараларының реттік нөмірі көрсетіледі;
3) "Атауы" деген 2-бағанда міндеттер/бағыттар бөлінісіндегі реформалардың/негізгі іс-шаралардың атауы келтіріледі.
Нысаналы индикаторлар тұжырымдаманың "нысаналы индикаторлар және күтілетін нәтижелер" бөлімінің реттілігі негізге алына отырып жазылады. Нысаналы индикаторлардың мәндері жылдар бойынша көрсетіледі;
4) "Аяқтау нысаны" деген 3-бағанда реформаларды/негізгі іс-шараларды аяқтау нысаны көрсетіледі (реформаның/негізгі іс-шараның аяқталуын ашатын реформаның/негізгі іс-шараның сапалық сипаттамасы).
Егер көзделген реформалар/негізгі іс-шаралар бойынша аяқтау нысаны жоғары тұрған органдарға хабарлау болып табылған жағдайда, онда осы реформалардың/негізгі іс-шаралардың орындалу мерзімдері бір-біріне сәйкес келеді және жалпы іс-қимыл жоспары бойынша жоғары тұрған органдарға хабарлау жылына екі реттен аспайды;
5) "Орындау мерзімі" деген 4-бағанда реформаның/негізгі іс-шараның жоспарланған орындау мерзімдері көрсетіледі;
6) "Жауапты орындаушылар" деген 5-бағанда тұжырымдаманың нысаналы индикаторларына қол жеткізуге, жоспарланған реформалар мен негізгі іс-шараларды іске асыруға жауапты орталық мемлекеттік органдар, жергілікті атқарушы органдар, ведомстволық бағынысты ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері көрсетіледі.
7) "Қаржыландыру көлемі" деген 6-бағанда іс-шараларды қаржыландырудың жоспарланатын көлемі көрсетіледі;
8) "Қаржыландыру көзі" деген 7-бағанда осы іс-шараны қаржыландыру көзі көрсетіледі.
Тұжырымдамаларды, ұлттық жобаларды, доктриналарды (стратегияларды), кешенді жоспарларды әзірлеу, іске асыру, мониторингтеу және түзету тәртібіне 2-қосымша |
|
Нысан |
Тұжырымдаманы іске асыру туралы есеп ________________ (атауы)
Есепті кезең_ ________________________
_______________________________ бекітілген
Мемлекеттік орган ____________________
1-бөлім. Іс-шараларды іске асыру барысы туралы ақпарат
№ | Реформалардың /негізгі іс-шаралардың атауы | Аяқтау нысаны/өлшем бірлігі | Жауапты орындаушылар | Орындалуы туралы ақпарат | Бөлінген қаражаттың игерілуі | Түсініктемелер | ||
жоспар | факт | жоспар | факт | |||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
1-нысаналы индикатор | ||||||||
1 | Реформалар/негізгі іс-шаралар | |||||||
… | ||||||||
n | Реформалар/негізгі іс-шаралар | |||||||
n-нысаналы индикатор | ||||||||
n+1 | Реформалар/негізгі іс-шаралар | |||||||
… | ||||||||
N | Реформалар/негізгі іс-шаралар | |||||||
2-бөлім. Ішкі және сыртқы әсерді талдау
Ішкі және сыртқы әсер ету факторлары және олардың нысаналы индикаторларға/күтілетін нәтижелерге қол жеткізуге әсері | Қабылданған шаралар |
1 | 2 |
Ішкі факторлар: | |
….. | |
Сыртқы факторлар: | |
….. |
3-бөлім. Талдамалық жазба
Ескертпе: тұжырымдаманы іске асыру туралы есеп осы нысанға қосымшаға сәйкес тұжырымдаманы іске асыру туралы есепті толтыру жөніндегі түсіндірмелерге сәйкес толтырылады.
Тұжырымдаманың іске | |
асырылуы туралы | |
есеп нысанына | |
қосымша |
Тұжырымдаманы іске асыру туралы есепті толтыру бойынша түсіндірмелер
1. Тұжырымдаманы іске асыру туралы есеп былайша толтырылады:
1) "Есепті кезең" деген жолда қорытындылары бойынша есеп берілетін кезең көрсетіледі;
2) "Бекітілді" деген жол бойынша тұжырымдама бекітілген құжаттың нөмірі мен күні көрсетіледі;
3) "Мемлекеттік орган" деген жолда есепбін жасайтын және ұсынатын мемлекеттік органның атауы көрсетіледі.
2.1-бөлім. "Тұжырымдаманы іске асыру барысы туралы ақпарат"
1) "№" деген 1-бағанда реформаның/негізгі іс-шараның реттік нөмірі көрсетіледі;
2) "Атауы" деген 2-бағанда:
нысаналы индикатор деген жол бойынша тұжырымдаманың нысаналы индикаторларының атаулары көрсетіледі;
"Реформалар/негізгі іс-шаралар" деген жолда тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі іс-қимылдар жоспарына сәйкес келетін реформалар/негізгі іс-шаралар көрсетіледі
3) "Аяқтау нысаны/өлшем бірлігі" деген 3-бағанда реформаны/негізгі іс-шараны аяқтау нысаны немесе нысаналы индикаторлардың өлшем бірлігі көрсетіледі;
4) "Жауапты орындаушылар" деген 4-бағанда нысаналы индикаторларға қол жеткізуге және тұжырымдама реформасын/негізгі іс-шарасын орындауға жауапты мемлекеттік органдар мен бірлесіп орындаушылар көрсетіледі;
5) "Жоспар" деген 5-бағанда және "Факт" деген 6-бағанда: :
"Нысаналы индикатор" деген жолда тұжырымдамада бекітілген нысаналы индикаторлардың жоспарлы мәндері және көрсеткіштердің нақты қол жеткізілген мәндері көрсетіледі;
"реформалар/негізгі іс-шаралар" деген жолда көзделген іс-шаралардың жоспарлы және іс жүзінде қол жеткізілген мәндері көрсетіледі;
Мысалы, объектілер құрылысын немесе пайдалануға берілуі көзделген іс-шараларда тұжырымдамада бекітілген жоспарға сәйкес объектілер саны және іс жүзінде салынған/пайдалануға берілген объектілер саны көрсетіледі.
Сандық көрсеткіштер көзделеген іс-шаралар үшін бұл бағандар толтырылмайды.
6) негізгі "Бөлінген қаражаттың игерілуі" деген бағанның "жоспар" деген 7 және "факт" деген 8-бағандары тұжырымдамада іс-шараны іске асыру үшін көзделген жоспарланған және іс-жүзінде игерілген қаражатты көрсете отырып, "реформалар/негізгі іс-шаралар" деген жол бойынша толтырылады.
7) "Түсініктемелер" деген 9-бағанда:
"Нысаналы индикатор" деген жолда көрсеткіштердің нақты және жоспарлы мәндерінің сәйкес келмеу себептері туралы қысқаша ақпарат келтіріле отырып, "Орындалды", "Орындалмады" немесе "Ішінара орындалды" деп көрсетіледі;
3. "Ішкі және сыртқы әсерді талдау" 2-бөлімі:
1) "Ішкі және сыртқы әсер ету факторлары және олардың нысаналы индикаторларға қол жеткізуге әсері" деген 1-бағанда ішкі және сыртқы факторлар жеке және олардың көрсеткіштерге қол жеткізуге оң немесе теріс әсер етуі көрсетіледі;
2) "Қабылданған шаралар" деген 2-бағанда теріс салдарларды еңсеру және (немесе) сыртқы факторлардың көрсеткіштерге қол жеткізуге оң әсерін пайдалану жөнінде оларға қол жеткізуге жауапты мемлекеттік органның қабылдаған нақты шаралары туралы ақпарат келтіріледі.
4. Есепте талдамалық жазба қамтылған. Іске асыру туралы есептің талдамалық жазбасында мыналар қамтылған:
мәселені шешуге бағытталған құжаттың проблемалар мен міндеттердің шешілу дәрежесі туралы құжатты іске асырудың елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына әсері туралы ақпарат;
күтілетін нәтижелерге қол жеткізу барысы туралы ақпарат;
өңірдегі, елдегі әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси жағдайға орындалмаған іс-шаралардың әсері туралы ақпарат.
Тұжырымдамаларды, ұлттық жобаларды, доктриналарды (стратегияларды), кешенді жоспарларды әзірлеу, іске асыру, мониторингтеу және түзету тәртібіне 3-қосымша |
|
Нысан |
ҰЛТТЫҚ ЖОБА ______________________________________________ (атауы)
1. Паспорт
1. Атауы | |
2. Ұлттық жобаны әзірлеу мақсаты | |
3. Іске асыру мерзімі | |
4. Күтілетін әлеуметтік-экономикалық әсер, игілік алушыларға пайдасы | |
Күтілетін экономикалық әсер (сандық және сапалық көріністе) | |
Күтілетін әлеуметтік әсер (сапалық және/немесе сандық көріністе) | |
5. Ұлттық жобаны іске асыруға қажетті қаржыландыру көлемі | |
6. Ұлттық жобаны әзірлеушінің атауы | |
7. Ұлттық жобаны іске асыруға жауапты мемлекеттік органдар мен ұйымдардың атауы | |
8. Ұлттық жобаның жетекшісі және кураторы |
2. Ағымдағы жағдай
3. Мақсат, міндеттер мен нәтижелер көрсеткіштері
р/с | Міндеті, нәтиже көрсеткіштері | Өлшем бірлігі | Ақпарат көзі | Алдыңғы жыл фактісі | Ағымдағы жылғы бағалау | Нәтиже көрсеткіштері (жоспар), жылдар бойынша | ||||
202Y | 202Y | 202Y | 202Y | 202Y | ||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
Мақсат | ||||||||||
1-бағыт (қажет болған жағдайда): | ||||||||||
№1 міндет | ||||||||||
№1 көрсеткіш | ||||||||||
№ n көрсеткіш | ||||||||||
№ n міндет | ||||||||||
№1 көрсеткіш | ||||||||||
№ n көрсеткіш | ||||||||||
n бағыт (қажет болған жағдайда): | ||||||||||
№1 міндет | ||||||||||
№1 көрсеткіш | ||||||||||
№ n көрсеткіш | ||||||||||
№ n міндет | ||||||||||
№1 көрсеткіш | ||||||||||
№ n көрсеткіш |
4. Әлеуметтік-экономикалық әсер, игілік алушыларға пайдасы
р/с | Атауы | Өлшем бірлігі | Жылдар бойынша болжамды мәндер | ||||
20YY | 20YY | 20YY | 20YY | 20YY | |||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
Әлеуметтік әсер | |||||||
Экономикалық әсер | |||||||
оның ішінде: | |||||||
жұмыс орындарын құру | |||||||
тұрақты | |||||||
уақытша |
5. Ресурстар
р/с | Міндеттердің атауы | Қажетті қаражат (жылдар бойынша) мың тг | Барлық қаржыландыру | Қаржыландыру көзі | ||||||
Республикалық бюджет | Жергілікті бюджет | бюджеттен тыс қаражат | ||||||||
202Y | 202Y | 202Y | 202Y | 202Y | ||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
№1 міндет | ||||||||||
№ n міндет | ||||||||||
Барлығы, оның ішінде көздердің түрлері бойынша | ||||||||||
Республикалық бюджет | * | * | ||||||||
Жергілікті бюджет | * | * | ||||||||
Бюджеттен тыс қаражат | * | * |
6. Жауапкершілік пен өкілеттіктерді бөлу
р/с | Атауы | Жауапты (лауазымды тұлға) | Өкілеттіктер |
1 | 2 | 3 | 4 |
міндет | |||
нәтиже көрсеткіші |
Ескертпе: Ұлттық жобаны толтыру жөніндегі түсіндірме осы ұлттық жобаны ұсыну форматына қосымшада келтірілген.
Ұлттық жобалар ұсыну нысанына қосымша |
Ұлттық жобаны толтыру бойынша түсініктеме
1. Ұлттық жобаның "1. Паспорт" деген бөлімінде мыналарды қамтитын негізгі параметрлер баяндалады:
1) атауы;
2) ұлттық жобаны әзірлеу мақсаты;
3) іске асыру мерзімі;
4) күтілетін әлеуметтік-экономикалық әсері, игілік алушыларға пайдасы:
сандық мәнде күтілетін экономикалық әсері;
сандық және/немесе сапалық мәнде күтілетін әлеуметтік әсері;
5) ұлттық жобаны іске асыру үшін қажетті қаржыландыру көлемі. Ұлттық жобаны түзеткен жағдайда, аталған бағанда ұлттық жобаны іске асыруға бөлінген қаржыландыру көлемі қосымша көрсетіледі;
6) ұлттық жобаны әзірлеушінің атауы;
7) ұлттық жобаны іске асыруға жауапты мемлекеттік органдар мен ұйымдардың атауы;
8) ұлттық жобаның жетекшісі мен кураторы.
Ұлттық жобаның кураторын Жобалық басқаруды жүзеге асыру Қағидаларына сәйкес Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі айқындайды.
2. "2. Ағымдағы жағдай" мәтіндік нысанда саланың/саланың ағымдағы жай-күйін талдау және оның даму тенденциялары мен факторларын бағалау көрсетіледі, оны іске асыруға байланысты тәуекелдер және осы тәуекелдерге ден қою жөніндегі стратегиялар анықталады.
3. "3. Мақсаты, міндеттері және нәтижелер көрсеткіштері" деген бөлімде мақсаты, бағыттары мен міндеттері жолдары бойынша ұлттық жобада белгіленген проблемаларды шешуге және тиісті салада/аяда түйінді өзгерістерді қамтамасыз етуге бағытталған ұлттық жобаның мақсаты, бағыттары, міндеттері көрсетіледі.
Біртекті сипаттағы міндеттерді іске асыру жағдайында оларды бағыттар бойынша топтастыруға жол беріледі.
Міндеттерді анықтау мынадай өлшемшарттар:
1) өзіндік сипаты мен нақтылық (міндет тиісті сала/ая бойынша Стратегиялық көрсеткіштер картасының көрсеткіштеріне қол жеткізуді қамтамасыз етеді, бір мағыналы түсіндірмесі бар нақты тұжырымдардан тұрады);
2) өлшенгіштік (тексеру мүмкіндігі, нәтиженің өлшенгіштігінің сипаттамасы және қызмет нәтижелерінің нақты көрсеткіштерін айқындау);
3) қолжетімділік (ұлттық жобаны іске асыру кезеңінде қойылған міндеттерді орындау мүмкіндігі, олардың қалай және қандай жағдайда орындалатындығы, ресурстармен қамтамасыз етілуі туралы нақты түсініктің болуы);
4) уақыттың шектеулілігі (міндет белгіленген мерзімде шешіледі);
5) релеванттылығы (міндет жоғары тұрған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуге үлес қосады) ескеріле отырып, жүзеге асырылады.
Міндеттер жиынтығы мынадай қағидаттарға сәйкес келеді:
қажеттілік – қойылған міндеттерге қол жеткізу ұлттық жобаның табысты болуының қажетті шарты болып табылады;
жеткіліктілік – барлық міндеттерді шешу ұлттық жобаны іске асыру үшін жеткілікті шарт болып табылады.
4. Әрбір міндеттің іске асырылу мерзімі ұлттық жобаның жоспарланған кезеңінен аспайды.
3 және 4-бағандар бойынша одан әрі көрсеткіштерге нақты қол жеткізуді растайтын өлшем бірліктері мен дереккөздер көрсетіледі.
5. Әрбір міндетке оған қол жеткізу дәрежесін айқындау үшін нәтиже көрсеткіштерінің жиынтығы (аралық және түпкі мәндерімен) сәйкес келеді. Нәтиже көрсеткішінің сапалық жағы мемлекеттік басқарудың тиісті салаларындағы (аяларындағы) аяаралық /салааралық сипаттағы мәселелерді шешу деңгейін, ал сандық жағы – олардың өлшенетін, абсолютті немесе шамамен алынған мәнін көрсетеді.
Нәтиже көрсеткіштері мынадай өлшемшарттарға сәйкестігі тұрғысынан қаралады:
оларды жоспарлы кезеңдегі серпінде объективті бағалау және салыстыру мүмкіндігін беру;
барлық мүдделі тараптар үшін біркелкі түсінікті болу;
оларға қол жеткізуді бағалау үшін жеткілікті ақпараттық және техникалық ресурстардың болуы;
толық және барабар сипаттама беру;
қолжетімді және өлшемді болу;
мониторинг жүргізу және оларға қол жеткізуді бағалау үшін аралық мәндердің болуын қамтамасыз ету.
Ұлттық жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган негізгі өзгерістерді, анықталған проблемалардың шешімін сипаттайтын және міндеттерге қол жеткізуді бағалау үшін қажетті нәтиже көрсеткіштерін ғана таңдайды. Барлық келтірілген нәтижелер көрсеткіштері бойынша базалық (бастапқы) және жоспарланған мән (егер жоспарланған өзгерістер осындай нысанда тиімді көрсетілсе), сондай-ақ көрсеткіштің осы мәніне қол жеткізу үшін қажетті уақыт бойынша кезеңнің (жылдың) белгіленуі көрсетіледі.
5 және 6-бағандарда алдыңғы жылғы көрсеткіштер бойынша нақты деректер және жылдар бойынша серпінде жоспарлы кезеңге мәндерді белгілеу мақсатында ағымдағы жылға бағалау мәндері көрсетіледі.
7-11-бағандарда нәтиже көрсеткіштерінің жоспарлы мәндері көрсетіледі.
6. "4. Күтілетін әлеуметтік-экономикалық әсер, игілік алушыларға пайдасы" деген бөлімде:
1) игілік алушылардың өмір сүру сапасын арттыруға және қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған әлеуметтік әсер;
2) берілген мемлекеттік қолдау шараларынан және инвестициялар тартудан экономикалық әсер түріндегі күтілетін нәтиже туралы ақпарат көрсетіледі.
Әлеуметтік нәтиже ұлттық жобаның игілік алушыларының үмітіне сәйкес келетін әлеуметтік маңызы бар нәтиже болып табылады.
Ұлттық жобаның күтілетін әлеуметтік әсері игілік алушылардың санатын, ұлттық жобаның кімге бағдарланғандығын және осы ұлттық жоба қандай проблемалар мен міндеттерді қанағаттандыруды көздейтінін, яғни ұлттық жобаны іске асырғанға дейінгі істің жағдайын ұлттық жобаны іске асыру кезеңі немесе бүкіл мерзімі аяқталған жағдаймен салыстыруды негізге ала отырып айқындалады. Өмір сүру сапасын арттыру адами капиталдың сапасын және халықтың өмір сүру деңгейін арттыруды, оның ішінде халықтың табысын арттыруды, көрсетілетін қызметтер мен инфрақұрылымға қолжетімділікті кеңейтуді көздейді.
7. Экономикалық әсер – жаңа технологияларды, ұйымдастырушылық-экономикалық іс-шараларды енгізу нәтижесінде бастапқы және алынған қорытынды арасындағы экономикалық нәтижені немесе өсімді айқындайтын көрсеткіш.
Экономикалық әсер салық түсімдерінің ұлғаюын, тұрақты жаңа жұмыс орындарының құрылуын, тартылған инвестициялардың көлемін, тиісті салаға салымның өсуін, мемлекеттік шығыстардың азаюын және ұлттық жобаның экономикалық әсерін сипаттайтын көрсеткіштерді білдіреді.
8. Күтілетін әлеуметтік және экономикалық әсерді толтыру кезінде әрбір әсерді игілік алушылардың санаттары бойынша дұрыс көрсету қажет.
Әлеуметтік және экономикалық әсер сандық және/немесе сапалық тұрғыдан өлшенетін шамаларды білдіреді және ұлттық жобаны іске асыру нәтижесінде алынған оң өзгерістерді көрсетеді.
Әлеуметтік және экономикалық әсер қазіргі статистикалық ақпаратты, халықаралық индекстерді, әлеуметтанушылық зерттеулер нәтижелерін, әкімшілік деректерді және ресми деректерді есептеу әдістерін қолдана отырып айқындалады.
Көрсеткіштерді есептеудің ресми әдістері болмаған жағдайда әзірлеуші мемлекеттік орган есептеу әдістемесін бекітеді. Ұлттық жобаның жобасы келісілген жағдайда есептеу әдістемесі стратегиялық, мемлекеттік және бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органдардың сұрау салуы кезінде қосымша ақпарат түрінде енгізеді.
4-8-бағандарда ұлттық жобадан жалпы күтілетін әсерлердің мәндері жылдар бойынша серпінде көрсетіледі. Әсерді кейінге қалдыру түрінде, бірақ ұлттық жобаны іске асырудың соңғы жылынан кеш емес көрсетуге жол беріледі.
9. "5. Ресурстар" деген бөлімде ұлттық жобаны іске асыруға қаржы ресурстарына қажеттілік жазылады.
Ұлттық жобаның міндеттері бойынша талап етілетін қаржы ресурстарының болжамды көлемі осы бірлескен Тәртіпке 5-қосымшаға сәйкес қалыптастырылатын Ұлттық жобаны іске асыру кесте-жоспарының негізінде жалпы сомамен қалыптастырылады.
10. "6. Жауапкершілік пен өкілеттіктерді бөлу" 3-бағанда міндеттер мен нәтижелер көрсеткіштері бөлінісінде Тәртіпке сәйкес айқындалатын орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың, олардың орындалуына жауапты квазимемлекеттік сектор субъектілерінің лауазымды адамдары көрсетіледі.
4-бағанда өздеріне бекітілген нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізуі қажет және қол жеткізілуін қамтамасыз ететін жоғарыда аталған тұлғалардың негізгі өкілеттіктерінің шеңбері көрсетіледі.
Тұжырымдамаларды, ұлттық жобаларды, доктриналарды (стратегияларды), кешенді жоспарларды әзірлеу, іске асыру, мониторингтеу және түзету тәртібіне 4-қосымша |
|
Нысан |
Ұлттық жобаны іске асыру жоспар-кестесі
Атауы | Жауапты орындаушылар | Аяқтау мерзімі | Алдыңғы жылдың фактісі | 202Y | 202Y | 202Y | 202Y | 202Y | Қаржыландыру көзі | Источник финансирования | |||
Жылдық жоспар | Алд. жылғы фактіге % | РБ | ЖБ |
Бюджеттен тыс | |||||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 |
№1 міндет | |||||||||||||
№1 | |||||||||||||
A іс-шарасы | |||||||||||||
... | |||||||||||||
тұрақты жұмыс орындарын құру ** | |||||||||||||
уақытша жұмыс орындарын құру** | |||||||||||||
№2 міндет | |||||||||||||
№2 | |||||||||||||
B іс-шара | |||||||||||||
... | |||||||||||||
тұрақты жұмыс орындарын құру ** | |||||||||||||
уақытша жұмыс орындарын құру** | |||||||||||||
Барлығы, | * | * | * | * | |||||||||
оның ішінде | |||||||||||||
РБ | * | * | * | * | * | * | |||||||
ЖБ | * | * | * | * | * | * | |||||||
Бюджеттен тыс қаражат | * | * | * | * | * | * |
Ескерту: ұлттық жобаны іске асырудың жоспар-кестесін толтыру бойынша түсіндірме ұлттық жобаны іске асырудың жоспар-кестесінің осы формасының қосымшасында келтірілген.
*Толтырылмайды
**Жұмыс орындарын құруды көздейтін міндеттер бойынша міндетті түрде жылдар бойынша "Тұрақты және уақытша жұмыс орындарын құру" деген жолдар толтырылады.
Ұлттық жобаны іске асыру жоспар-кестесінің нысанына қосымша |
Ұлттық жобаны іске асыру жоспар-кестесін толтыру бойынша түсіндірмелер
Ұлттық жобаны іске асыру жоспары мынадай жолмен толтырылады:
1. "Міндет" деген жолда:
"Атауы" деген 1-бағанда ұлттық жобаның міндеттерінің атаулары көрсетіледі;
"Жауапты орындаушылар" деген 2-бағанда Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілетін Жобалық басқаруды жүзеге асыру қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес ұлттық жобаның әрбір міндетін шешуге дербес жауапкершілік бекітілген лауазымды адамдар көрсетіледі;
"Аяқтау мерзімі" деген 3-бағанда ұлттық жобаның міндетін іске асыру күні көрсетіледі;
5, 7-10-бағандарда жылдар бөлінісінде міндеттерді іске асыру үшін қаржыландырудың болжамды сомасы көрсетіледі;
6-бағанда өткен жылғы қаржыландырудың нақты сомасына қатысты міндеттерді қаржыландырудың болжамды сомасының серпіні көрсетіледі. Нақты мәндер болмаған жағдайда бұл баған толтырылмайды;
"Қаржыландыру көзі" деген 11-бағанда міндет нәтижелерінің көрсеткіштері бойынша қаржыландыру сомасы ретінде қалыптастырылатын, міндетті іске асыру үшін қаржыландырудың жалпы болжамды сомасы көрсетіледі;
12, 13 және 14-бағандарда қаржыландыру көздері бойынша қаржыландырудың жалпы болжамды сомалары көрсетіледі: республикалық бюджет, жергілікті бюджет және бюджеттен тыс қаражаттар;
2. "Көрсеткіш" деген жол бойынша:
"Атауы" деген 1-бағанда ұлттық жоба нәтижесі көрсеткішінің атауы көрсетіледі;
"Жауапты орындаушылар" деген 2-бағанда Қағидаларға сәйкес нәтиже көрсеткіші үшін дербес жауапкершілік бекітілген лауазымды тұлғалар көрсетіледі;
"Аяқтау мерзімі" деген 3-бағанда ұлттық жобаның көрсеткішіне қол жеткізу күні көрсетіледі;
"Алдыңғы жылдың фактісі" деген 4-бағанда жоспарлы кезеңнің өткен жылындағы нәтиже көрсеткішінің нақты мәні көрсетіледі;
5, 7-10-бағандар бойынша жылдар бойынша нәтиже көрсеткішінің жоспарлы мәндері көрсетіледі, 6-бағанда өткен жылдың нақты мәніне қатысты нәтиже көрсеткішінің жоспарлы мәнінің серпіні көрсетіледі.
"Қаржыландыру көзі" деген 11-бағанда нәтижеге қол жеткізу үшін қажетті іс-шаралар бойынша қаржыландыру сомасы ретінде қалыптастырылатын нәтиже көрсеткішін іске асыру үшін қаржыландырудың жалпы болжамды сомасы көрсетіледі;
12, 13 және 14-бағандарда қаржыландыру көздері бойынша қаржыландырудың болжамды сомалары көрсетіледі: республикалық бюджет және бюджеттен тыс қаражат;
3. "Іс-шара" деген жол бойынша:
ұлттық жобаның әрбір міндеті нәтижелерінің көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін қажетті біртекті белгілері бойынша топтастырылған іс-шаралар бөлінісінде:
"Атауы" деген 1-бағанда ұлттық жоба іс-шарасының атауы көрсетіледі;
"Жауапты орындаушылар" деген 2-бағанда заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген Жобалық басқаруды жүзеге асыру қағидаларына сәйкес іс-шара үшін дербес жауапкершілік бекітілген лауазымды адамдар көрсетіледі;
"Аяқтау мерзімі" деген 3-бағанда ұлттық жобаның әрбір іс-шарасының аяқталу күні көрсетіледі;
"Алдыңғы жылдың фактісі" деген 4-бағанда жоспарлы кезеңнің өткен жылы нақты жұмсалған қаражат сомасы көрсетіледі (бар болса);
5, 7 және 10-бағандар бойынша іс-шараның сандық өлшемі (км. жол) және жылдар бойынша осы іс-шараны қаржыландырудың болжамды сомасы (млн теңге) көрсетіледі;
6-баған толтырылмайды;
"Қаржыландыру көзі" деген 11-бағанда жылдар бойынша қаржыландыру көздері бөлінісінде жобаны іске асырудың барлық жылдары бойынша қаржыландыру сомасы ретінде қалыптастырылатын іс-шараны іске асыру үшін қаржыландырудың жалпы сомасы көрсетіледі;
12, 13 және 14-бағандарда қаржыландыру көздері бойынша қаржыландырудың болжамды сомалары көрсетіледі: республикалық, жергілікті бюджет және бюджеттен тыс қаражат;
жұмыс орындарын құруды көздейтін міндеттер бойынша іс-шаралар, "Атауы" деген жолдан кейін "Жұмыс орындарын құру: тұрақты және уақытша", жылдар бойынша" деген жолдар міндетті түрде толтырылады.
Тұжырымдамаларды, ұлттық жобаларды, доктриналарды (стратегияларды), кешенді жоспарларды әзірлеу, іске асыру, мониторингтеу және түзету тәртібіне 5-қосымша |
|
Нысан |
______________________________ мерзімге (іске асыру мерзімі)
ұлттық жобасын іске асыру бойынша ___________________________________
(ұлттық жобаның атауы)
жыл сайынғы есеп ________________ (әзірлеушінің атауы)
1. Нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізу бойынша
Міндеттердің, нәтижелер көрсеткіштерінің, жобалардың атауы | Жауапты орындаушылар | 202Y | Ескертпе | ||
Жоспар | Факт | Жоспарға % қатысы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
I. №n стратегиялық көрсеткіші | |||||
№1 міндет | * | * | * | ||
№1 көрсеткіш | |||||
A іс-шарасы | ** | ** | |||
№2 міндет | * | * | * | ||
№2 көрсеткіш | |||||
B жобасы | ** | ** | |||
… |
* толтырылмайды
** пайдаланған бюджет қаражатының жоспарлы және нақты сомалары
2. Әлеуметтік-экономикалық әсер
т/т | Әлеуметтік және / немесе экономикалық әсер атауы | Өлшем бірлігі | Жоспар | Факт | Ескерту |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
Әлеуметтік әсер | |||||
Экономикалық әсер | |||||
3. Мемлекеттік қолдау шараларын алушылар туралы ақпарат
Жыл | БСН \ ЖСН | Кәсіпорынның атауы / мемлекеттік шара алушы | Өңір | Кәсіпорынның өлшемі (ірі/орта/шағын/ЖК) | Сала | Қызмет түрі (ЭҚТЖ) | Қолдау шараларын алған күн | Қолдау шарасы | Қолдаудың нысаналы мақсаты | Қолдаудың жалпы сомасы, мың теңге |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
Базалық жыл | ||||||||||
n жыл |
Кестенің жалғасы
Құрылған жаңа жұмыс орындары | Кәсіпорынның кірісі, мың теңге | Төленген салық сомасы, мың теңге | Өнім шығару, мың теңге | Өнім экспорты, мың теңге | |||||
жоспар | факт | жоспар | факт | жоспар | факт | жоспар | факт | жоспар | факт |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 |
4. Қаражатты игеру
Қаржыландыру көзі |
Жоспар, |
Нақты, | Пайдаланылмау себебі |
1 | 2 | 3 | 4 |
1-міндет | |||
Республикалық бюджет | |||
Жергілікті бюджет | |||
Бюджеттен тыс қаражат | |||
…. | |||
n -міндет | |||
Республикалық бюджет | |||
Жергілікті бюджет | |||
Бюджеттен тыс қаражат | |||
Жиыны | |||
Республикалық бюджет | |||
Жергілікті бюджет | |||
Бюджеттен тыс қаражат |
5. Талдамалық жазба
Ұлттық жобаларды орындаушылардың есептілік нысанына қосымша |
Жыл сайынғы есепті толтыру бойынша түсіндірме
Ұлттық жобаны іске асыруы жөніндегі есепті, оның ішінде ұлттық жобаны бірлесіп орындаушылар былайша толтырады:
1. "1. Нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізу" деген 1-бөлім бойынша:
"Атауы" деген 1-бағанда ұлттық жоба міндеттерінің, нәтижелер көрсеткіштерінің және жобаларының атауы көрсетіледі;
"Жауапты орындаушылар" деген 2-бағанда Қағидаларға сәйкес міндеттерге, нәтижелер көрсеткіштеріне және ұлттық жобаның жобаларына қол жеткізу үшін жауапты лауазымды адамдар көрсетіледі;
"нәтиже көрсеткіштері" деген жолдар бойынша "жоспар" деген 3-бағанда есепті кезеңге (жыл үшін) нәтиже көрсеткішінің жоспарлы мәндері көрсетіледі;
4-бағанда "нәтиже көрсеткіштері" деген жолдар бойынша нәтиже көрсеткішінің бағалау (бір жыл ішінде қол жеткізуге жоспарланатын) және/немесе нақты мәндері, ал "жоба" деген жолдар бойынша игерілген бюджет қаражатының болжамды сомалары көрсетіледі;
"жоспарға қатысты %" деген 5-бағанда "нәтиже көрсеткіштері" деген жолдар бойынша жоспарлы мәндерге нақты мәндердің серпіні, ал "жоба" деген жолдар бойынша есепті кезең үшін жоспарлы мәндерге бюджет қаражатының нақты пайдаланылған сомаларының серпіні көрсетіледі;
"ескерту" деген 6-бағанда (қажет болған жағдайда) 2-5-бағандар бойынша жеке түсіндірмелер көрсетіледі.
2. "2. Әлеуметтік-экономикалық әсер" деген бөлім бойынша:
1) "Р/с №" деген 1-бағанда өтпелі реттік нөмірі көрсетіледі;
2) "Әлеуметтік-экономикалық әсердің атауы" деген 2-бағанда ұлттық жобаны іске асырудан алынған әлеуметтік әсер мен экономикалық әсер бөлінісінде сапалық және сандық мәндегі әсер көрсетіледі;
3) "Өлшем бірлігі" деген 3-бағанда күтілетін нәтиженің өлшем бірлігі көрсетіледі;
4) "Жоспар" деген 4-бағанда ұлттық жобаны іске асырудан күтілетін әсердің жоспарлы сандық немесе сапалық мәні көрсетіледі;
5) "Факт" деген 5-бағанда есепті кезеңде ұлттық жобаны іске асырудан алынған әсер сандық немесе сапалық мәнде көрсетіледі;
6) "Ескертпе" деген 6-бағанда күтілетін нәтижеге қол жеткізілмеген жағдайда, оған қол жеткізбеу себебі көрсетіледі.
3. "3. Мемлекеттік қолдау шараларын алушылар туралы ақпарат" деген бөлім бойынша:
қарсы міндеттемелер шеңберінде олардың ішінде мемлекеттік қолдау шаралары іске асырылған жағдайда, ұлттық жобаларды іске асыру туралы есепті қалыптастыру кезінде толтырылады.
1) "Жыл" деген 1-бағанда мемлекеттік қолдау шарасын алған жыл көрсетіледі;
2) "БСН/ЖСН" деген 2-бағанда заңды тұлға (филиал және өкілдік) үшін қалыптастырылатын және қызметін бірлескен кәсіпкерлік түрінде жүзеге асыратын жеке кәсіпкердің бірегей нөмірі немесе қызметін жеке кәсіпкерлік түрінде жүзеге асыратын жеке тұлға, оның ішінде дара кәсіпкер үшін қалыптастырылатын, мемлекеттік қолдау шараларын алушының бірегей нөмірі;
3) "Кәсіпорынның/мемлекеттік шараларды алушының атауы" деген 3-бағанда мемлекеттік қолдау шараларын алған кәсіпорындардың атауы және жеке тұлғалардың аты, әкесінің аты (бар болса), тегі көрсетіледі;
4) "Өңір" деген 4-бағанда облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың атауы көрсетіледі;
5) "Кәсіпорынның өлшемділігі (ірі/орта/шағын/ЖК)" деген 5-бағанда кәсіпорындар үшін Қазақстан Республикасы кәсіпорындарының өлшемділік сыныптауышына сәйкес жұмыспен қамтылғандар саны бойынша өлшемділік көрсетіледі, жеке тұлғалар бойынша "Жеке кәсіпкер" мәртебесі көрсетіледі";
6) "Сала" деген 6-бағанда кәсіпорынның және мемлекеттік қолдау шараларын алушы жеке тұлғаның қызметіне байланысты саланың атауы көрсетіледі;
7) "Қызмет түрі (ЭҚЖЖ)" деген 7-бағанда экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне сәйкес қызмет түрінің атауы көрсетіледі;
8) "Қолдау шараларын алған күн" деген 8-бағанда мемлекеттік қолдау шарасын алған күн көрсетіледі;
9) "Қолдау шарасы" деген 9-бағанда оны алушыға көрсетілген мемлекеттік қолдау шарасының атауы көрсетіледі (мысалы, субсидиялау, кепілдік беру және мемлекеттік қолдаудың басқа да шаралары);
10) "Қолдаудың нысаналы мақсаты" деген 10-бағанда мемлекеттік қолдау мақсатының сипаттамасы көрсетіледі (мысалы, мемлекеттік қолдау неге бағытталғаны - тұқым, ЖЖМ, техникалар және т. б. сатып алу);
11) "Қолдаудың жалпы сомасы, мың теңге" деген 11-бағанда мемлекеттік қолдау көрсетуге бағытталған бюджет қаражатының жалпы сомасы көрсетіледі;
12) "Жаңа жұмыс орындары құрылды" деген 12-бағанда мемлекеттік қолдау шараларын пайдалану нәтижесінде (мемлекеттік қолдау шараларын алу кезеңі (жылдар бойынша) бөлінісінде) құрылған жұмыс орындарының саны көрсетіледі;
13) "Кәсіпорынның кірістері, мың теңге" деген 14 және 15-бағандарда мемлекеттік қолдау шараларын пайдалану нәтижесінде алынған кірістердің сомасы (мемлекеттік қолдау шараларын алу кезеңі бөлінісінде (жылдар бойынша) көрсетіледі;
14) "Төленген салықтардың сомасы" деген 16 және 17-бағандарда мемлекеттік қолдау шараларын пайдалану нәтижесінде (мемлекеттік қолдау шараларын алу кезеңі бөлінісінде (жылдар бойынша) алынған кәсіпорындар мен дара кәсіпкердің кірістері бойынша бюджетке төленген салықтардың сомасы көрсетіледі;
15) "Өнім шығару, мың теңге" деген 18 және 19-бағандарда мемлекеттік қолдау шараларын пайдаланудың қорытындысы бойынша алынған шығарылған өнімнің көлемі көрсетіледі;
16) "Өнімнің экспорты, мың теңге" деген 20 және 21-бағандарда шығарылған өнімнің жалпы көлемінен экспортқа бағытталған өнімнің көлемі көрсетіледі.
Экспортты жүзеге асырмайтын кәсіпорындар мен дара кәсіпкерлер соңғы бағанды толтырмайды;
"Базалық жыл" деген жол бойынша мемлекеттік қолдау шарасын алудың бірінші жылы бойынша ақпарат көрсетіледі.
"n жыл" деген жолда мемлекеттік қолдау шарасын алудың кейінгі жылдары бөлінісінде ұқсас ақпарат көрсетіледі.
"Базалық жыл" және "n жыл" жолдары өткен жылғы ұлттық жобаны іске асыру туралы есепті қалыптастыру кезінде толтырылады. Келесі жылдары осы жолдар тек есепті кезең үшін толтырылады.
4. "Қаржы қаражатын игеру" деген 4-бөлім бойынша:
1) "Қаржыландыру көзі" деген 1-бағанда құжатты қаржыландыру көзі көрсетіледі;
2) "Жоспар, миллион теңге" деген 2-бағанда есепті жылға жоспарланған қаржы қаражатының сомасы миллион теңгемен көрсетіледі;
Егер бағдарламаны қаржыландыру көзі республикалық немесе жергілікті бюджеттің қаражаты болып табылса, осы бағанда түзетілген бюджеттің сомасы көрсетіледі;
3) "Факт, миллион теңге" деген 3-бағанда есепті жыл үшін қаржы қаражатын іс жүзінде игеру сомасы миллион теңгемен келтіріледі;
4) "Игерілмеу себептері" деген 4-бағанда қаржы қаражатын игермеу себептері көрсетіледі;
5) осы бөлімнің соңындағы "Жиыны" деген жолда есепті жылдың соңына бағдарламалық құжатты іске асыруға жоспарланған және игерілген қаржы қаражатының қаржыландыру көздері бөлінісінде жалпы сомасы көрсетіледі.
5. "5. Талдамалық жазба" деген бөлім мыналарды:
1) міндеттер нәтижелерінің жоспарланған және нақты қол жеткізілген көрсеткіштерін, сондай-ақ оларға қол жеткізбеу себептерін;
2) қаржыландыру көздері бойынша бөле отырып, есепті кезеңде бөлінген және игерілген қаражатты көрсете отырып, орындалған/жоспарланған іс-шаралар – орындалмаған/орындалған іс-шаралар (құжат іске асырылған кезден бастап бүкіл кезең ішінде), сондай-ақ (іс-шаралар орындалмаған жағдайда) олардың орындалмау себептері және ұлттық жобада айқындалған белгіленген міндеттер мен нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізуге ықпалы туралы түсініктемелер туралы ақпаратты;
3) базалық кезеңмен салыстырғанда серпінде игілік алушылардың қанағаттану деңгейі туралы ақпаратты (құжат іске асырылғанға дейінгі сәтте тиісті көрсеткіштердің мәні туралы ақпарат болған кезде, ол болмаған жағдайда – құжатты іске асырудың бірінші жылы базалық болып танылады);
4) жүргізілген бақылау іс-шаралары, мемлекеттік аудит, сараптамалық-талдамалық іс-шаралар туралы мәліметтер және бақылау іс-шаралары мен мемлекеттік аудиттің қорытындысы бойынша орындалған ұсынымдар туралы ақпаратты қамтиды.
Құжатты іске асыру бюджеттік инвестицияларды іске асырумен байланысты жағдайларда, ұлттық жобаны әзірлеуші іске асыру туралы есепте құжатты іске асыру жөніндегі іс-шаралардың орындалу дәрежесін айқындау жөніндегі көшпелі іс-шаралардың нәтижелері туралы мәліметтерді көрсетеді;
5) шешілуіне құжат бағытталған проблемалар мен міндеттердің шешілу дәрежесі туралы ақпаратты, сондай-ақ тұжырымдар мен ұсыныстарды, оның ішінде ұлттық жобаны түзету қажеттігіне, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына талап етілетін өзгерістерге және басқаларға қатысты ақпаратты көрсете отырып, құжаттың іске асырылу барысына жинақталған талдауды қамтиды.
Мемлекеттік қолдау шаралары болған кезде талдамалық есепте мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігін салалық бағалау нәтижелері туралы ақпарат, сондай-ақ ұлттық жобада мемлекеттік қолдау шаралары болған жағдайда әрбір мемлекеттік қолдау шарасынан алынған әлеуметтік-экономикалық әсер туралы ақпарат қосымша көрсетіледі.
Мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігін салалық бағалаудың нәтижелері туралы ақпаратта саланы/аяны құрылымдық талдаудың негізінде шығындар мен нәтижелерді сандық талдау және мемлекеттік қолдау шараларын алушыларды сүйемелдеу жөніндегі мемлекеттік қолдау шараларының операторлары қызметінің тиімділігін ескере отырып, әрбір мемлекеттік қолдау шарасы бөлінісінде бөлінген қаражаттың тиімділігі туралы ақпарат қамтылады.
Ұлттық жобаны бірлесіп орындаушылар есепті ұлттық жобаны іске асыру жоспар-кестесінде олар жауапты болып бекітілген жолдар бойынша ғана толтырады.
Тұжырымдамаларды, ұлттық жобаларды, доктриналарды (стратегияларды), кешенді жоспарларды әзірлеу, іске асыру, мониторингтеу және түзету тәртібіне | |
6-қосымша | |
Нысан |
Кешенді жоспар _______________________________________________ (саланың атауы)
№ п/п | Атауы | Аяқтау нысаны | Жауапты орындаушылар | Орындау мерзімі | Қаржыландыру көлемі | Қаржыландыру көздері |
Күтілетін нәтижелер: | ||||||
1) | ||||||
2) | ||||||
… | ||||||
n) | ||||||
Бағыттың атауы_______________________________________ | ||||||
1. | 1-іс-шара | |||||
2. | n іс-шарасы | |||||
3. | n іс-шарасы | |||||
Бағыттың атауы_______________________________________ | ||||||
4. | 1-іс-шара | |||||
5. | n іс-шарасы | |||||
6. | n іс-шарасы |
Ескертпе: Кешенді жоспардың нысаны осы нысанға қосымшаға сәйкес толтыру бойынша түсіндірмеге сәйкес толтырылады.
Кешенді жоспар нысанына қосымша |
Кешенді жоспарды толтыру бойынша түсіндірме
Кешенді жоспар былайша толтырылады:
1) "Күтілетін нәтижелер" деген жолда Кешенді жоспарды іске асыру нәтижесінде қол жеткізілетін оң өзгерістер сипатталатын күтілетін нәтижелер көрсетіледі.
2) "Атауы" деген жолдарда кешенді жоспардың негізгі бағыттары көрсетіледі.
Әрбір бағыт "Іс-шара" деген бағанда көрсетілетін іс-шараларға бөлінеді;
3) "Іс-шара" деген бағанда Кешенді жоспар іс-шараларының атауы көрсетіледі;
4) "Аяқтау нысаны" деген бағанда іс-шараларды аяқтау нысаны (іс-шараның аяқталуын білдіретін іс-шараның сапалық сипаттамасы ) көрсетіледі;
5) "Орындауға жауаптылар" деген бағанда міндеттер мен іс-шаралардың орындалуына жауапты орталық мемлекеттік органдар, жергілікті атқарушы органдар, ведомстволық бағынысты ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері көрсетіледі;
6) "Орындау мерзімі" деген бағанда іс-шараларды орындаудың жоспарланған мерзімдері көрсетіледі.
Егер көзделген іс-шаралар бойынша аяқтау нысаны жоғары тұрған органдарға хабарлау болып табылған жағдайда, онда осы іс-шаралардың орындалу мерзімі бір-бірімен байланыстырылады және Кешенді жоспар бойынша тұтастай алғанда жоғары тұрған органдарды хабардар етуі жылына екі реттен аспауға тиіс;
7) "Қаржыландыру көлемі" деген бағанда іс-шараларды қаржыландырудың жобаланатын көлемі (млн теңге) көрсетіледі.
8) "Қаржыландыру көздері" деген бағанда осы іс-шараны қаржыландыру көзі көрсетіледі.