"Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының 2020 жылғы 23 қазандағы № 9-нқ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының 2024 жылғы 14 қарашадағы № 84 бұйрығы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының 2020 жылғы 23 қазандағы № 9-нқ бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы туралы ережеде:

      13-тармақта:

      мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "3-1) әкімшілік деректердің сапасын айқындау;";

      14-тармақта:

      2) және 3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) респонденттерден бастапқы статистикалық деректерді өтеусіз негізде алу;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жариялауға қойылатын талаптарды сақтай отырып, бастапқы, әкімшілік және дербес деректерді қоса алғанда, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың дерекқорларына қолжетімділік алу;";

      13) тармақша алып тасталсын;

      14) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "14) респонденттерді бастапқы статистикалық деректерді электрондық түрде ұсынуға қажетті статистикалық нысандармен және (немесе) бағдарламалық қамтылыммен өтеусіз негізде қамтамасыз ету;";

      15) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "15) ресми статистикалық ақпаратты түзу және статистикалық тіркелімдерді жаңарту үшін әкімшілік деректерді, балама деректерді пайдалану;";

      18) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "18) қағаз жеткізгіштердегі және электрондық түрдегі бастапқы статистикалық деректердің, әкімшілік деректердің және балама деректердің белгіленген мерзімдерде сақталуын қамтамасыз ету;";

      мынадай мазмұндағы 18-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "18-1) бастапқы статистикалық немесе әкімшілік немесе балама деректерді қамтитын қағаз жеткізгіштерді электрондық жеткізгіштерге міндетті түрде көшіруді қамтамасыз ету;";

      19) және 20) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "19) статистикалық жұмыстар жоспарын орындау үшін респонденттердің бастапқы статистикалық деректерді ұсыну графигін, әкімшілік деректерді ұсыну графигін және ресми статистикалық ақпаратты тарату графигін бекіту;

      20) статистикалық жұмыстар жоспарында көзделген көлемде ресми статистикалық ақпаратты тарату графигіне сәйкес статистикалық жарияланымдарды қалыптастыруды және ресми статистикалық ақпаратты, сондай-ақ ұлттық санақ қорытындылары туралы ақпаратты таратуды қамтамасыз ету;";

      21), 22), 23) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "21) үй шаруашылықтарынан өтеулі және өтеусіз негізде олардың кірістері мен шығыстары туралы қажетті бастапқы статистикалық деректерді алу;

      22) статистикалық ақпаратты түзу кезінде бастапқы статистикалық деректердің анықтығын растау үшін респонденттерден қосымша ақпаратты талап ету;

      23) респонденттердің бастапқы статистикалық деректерді бұрмалауы анықталған кезде респонденттерден бастапқы статистикалық деректерді қамтитын статистикалық нысандарға түзетулер енгізуді талап ету;";

      мынадай мазмұндағы 26-1), 26-2), 26-3), 26-4) тармақшалармен толықтырылсын:

      "26-1) ұлттық анықтамалық ақпараттың құрылымын, мазмұнын және олардың өзгерістерін келісу;

      26-2) ұлттық тіркелімдерді қалыптастыруды және өзгертуді келісу;

      26-3) техникалық-экономикалық ақпараттың ұлттық сыныптауыштарын келісу;

      26-4) ұлттық анықтамалық ақпараттың элементтерін келісу;";

      42-3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "42-3) тексеру нәтижелеріне қоса тіркеу үшін әкімшілік деректерді, сондай-ақ қағаз және электрондық жеткізгіштердегі құжаттарды (мәліметтерді) не олардың көшірмелерін алу және қажет болған кезде оларды қашықтан бақылау жүргізуде пайдалану;";

      42-5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "42-5) әкімшілік дереккөздерге қатысты мемлекеттік бақылауды жүргізу кезінде аудио-, фото- және бейнетүсiрiлiмді жүзеге асыру;";

      42-6), 42-8) және 42-10) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "42-6) әкімшілік дереккөздің "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 12-1-бабында көзделген міндеттемелерді орындаудан бас тарту фактілерін бейнетүсірілімге тіркеп белгілеу;

      42-8) Заңның 12-1-бабында белгіленген тәртіп негізінде және оған қатаң сәйкестікте қашықтан бақылау және тексерулер жүргізу;

      42-10) тексерулер жүргізу кезінде әкімшілік дереккөз басшысының немесе басшысы міндетін атқарушы адамның қатысуына, тексерулер нысанасына қатысты мәселелер бойынша түсіндірмелер беруіне кедергі жасамау;";

      46-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "46-1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін қоспағанда, мемлекеттік статистика органдарына жататын мемлекеттік органдардан мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган қалыптастыратын ресми статистикалық ақпаратты түзу үшін қажетті бастапқы статистикалық және әкімшілік деректерді өтеусіз негізде алу;";

      46-2), 46-4) және 46-5) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "46-2) сұрау салу негізінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен сыртқы сектор статистикасын қалыптастыру мақсатында жиналатын бастапқы статистикалық деректерді иесіздендірілген түрде өтеусіз негізде алу;

      46-4) мемлекеттік статистика органдарына жататын мемлекеттік органдар мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне сұрау салуы негізінде иесіздендірілген бастапқы статистикалық деректерді үшінші тұлғаларға берусіз тек статистикалық мақсаттарда пайдалану үшін ұсыну;

      46-5) ақпараттық жүйеде техникалық ақаулардың пайда болғаны, сондай-ақ респонденттердің бастапқы статистикалық деректерді ұсыну мерзімін ұзарту және оны техникалық ақаулар жойылғаннан кейін келесі жұмыс күніне ауыстыру туралы хабарламаны ресми интернет-ресурста орналастыру;";

      мынадай мазмұндағы 46-7) тармақшамен толықтырылсын:

      "46-7) әкімшілік дереккөздерге жатпайтын балама деректердің меншік иелерімен немесе иеленушілерімен балама деректерді ұсыну туралы келісімдер жасасу;";

      15-тармақта:

      мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "3-1) ведомстволық статистикалық байқауларды жүргізу үшін статистикалық нысандарды және оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды келісу;";

      4) тармақша алып тасталсын;

      7) және 8) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) статистикалық жұмыстар жоспары бекітілетін жылдың 1 шілдесіне дейінгі мерзімде мемлекеттік органдардың және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ұсыныстарын ескере отырып, сондай-ақ статистикалық қызметті талдау қорытындылары негізінде күнтізбелік үш жылға арналған статистикалық жұмыстар жоспарын, респонденттердің бастапқы статистикалық деректерді ұсыну графигін, әкімшілік деректерді ұсыну графигін және ресми статистикалық ақпаратты тарату графигін қалыптастыруды қамтамасыз ету;

      8) статистикалық жұмыстар жоспарын бекіту;";

      10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "10) бастапқы статистикалық деректерді және (немесе) алынған әкімшілік деректерді және (немесе) балама деректерді қорыту және талдау, техникалық тапсырмаларды әзірлеу және талдамалық ақпаратты қалыптастыру, сондай-ақ ресми статистикалық ақпаратты және (немесе) статистикалық ақпаратты тарату;";

      11) және 12) тармақшалар алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 13-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "13-1) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын ұлттық тіркелімдер тізбесін келісу;";

      15) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "15) мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;";

      21), 23) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "21) ұлттық анықтамалық ақпараттың элементтерін әзірлеу және бекіту тәртібін әзірлеу және бекіту;

      23) статистикалық байқаулар жүргізу кезінде бекітілген статистикалық нысандар бойынша анық бастапқы статистикалық деректерді ұсыну тәртібін әзірлеу және бекіту";

      26) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "26) әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды келісу;";

      мынадай мазмұндағы 26-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "26-1) ғылыми әдістер мен тәсілдер негізінде көрсеткіштерді есептеу әдістемелерін келісу;";

      29) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "29) мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган ресми дереккөздерден алған деректерді мониторингтеу, талдау және салыстыру;";

      33) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "33) дерекқорды ғылыми және ғылыми-техникалық қызметте Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісу бойынша сәйкестендірілмеген түрінде пайдалану үшін ұсыну тәртібін әзірлеу және бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 39-1) және 39-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "39-1) ресми статистикалық ақпаратты тарату графигінде көзделмеген және оны әзірлеуге қосымша шығындарды талап ететін статистикалық ақпаратты өтеулі негізде ұсыну тәртібін әзірлеу және бекіту;

      39-2) ресми статистикалық ақпаратты тарату графигінде көзделмеген және оны әзірлеуге қосымша шығындарды талап ететін талдамалық ақпаратты өтеулі негізде ұсыну тәртібін әзірлеу және бекіту;";

      51) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "51) ресми статистикалық ақпаратты тарату графигінде көзделмеген және респонденттердің бастапқы статистикалық деректерді ұсыну графигіне сәйкес респонденттер ұсынатын бастапқы статистикалық деректер негізінде әзірленген статистикалық ақпаратты өтеусіз негізде ұсыну қағидаларын бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 51-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "51-1) мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органға ұсынылатын деректер өнімінің меншік иесін немесе иеленушісін деректер өнімдерін берушілер тізіліміне енгізу тәртібін әзірлеу және бекіту;";

      52) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "52) үй шаруашылықтарынан олардың кірістері мен шығыстары туралы қажетті бастапқы статистикалық деректерді өтеулі және өтеусіз негізде алу қағидаларын бекіту;";

      61) және 62) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "61) ақпараттық-статистикалық жүйелерді, дерекқорларды және олардың тұғырнамаларын, статистикалық тіркелімдерді, мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның интернет-ресурстарын қалыптастыруды, қолдап отыруды және жаңартып отыруды қамтамасыз ету;

      62) ресми статистикалық ақпаратты тарату графигінде көзделмеген статистикалық және талдамалық ақпаратты қалыптастыруды қамтамасыз ету;";

      75) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "75) қағаз жеткізгіштердегі және электрондық түрдегі бастапқы статистикалық деректердің, әкімшілік деректердің белгіленген мерзімдерде сақталуын қамтамасыз ету;";

      мынадай мазмұндағы 75-6) және 75-7) тармақшалармен толықтырылсын:

      "75-6) деректерді басқару жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп, деректерді басқару жөніндегі талаптарды әзірлеу;

      75-7) Заңның 8-бабы 4-тармағына сәйкес құпия болып табылмайтын мәліметтерді ұсыну;".

      2. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттігінің төрағасы
Ж. Шаймарданов

О внесении изменений и дополнений в приказ Председателя Агентства по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан от 23 октября 2020 года № 9-нқ "Об утверждении Положения о Бюро национальной статистики Агентства по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан"

Приказ Председателя Агентства по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан от 14 ноября 2024 года № 84

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. В приказ Председателя Агентства по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан от 23 октября 2020 года № 9-нқ "Об утверждении Положения о Бюро национальной статистики Агентства по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан" внести следующие изменения и дополнения:

      в Положении о Бюро национальной статистики Агентства по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан, утвержденном указанным приказом:

      в пункте 13:

      дополнить подпунктом 3-1) следующего содержания:

      "3-1) определение качества административных данных;";

      в пункте 14:

      в подпункты 2) и 3) внесены изменения на казахском языке, текст на русском языке не меняется;

      подпункт 13) исключить;

      в подпункт 14) внесено изменение на казахском языке, текст на русском языке не меняется;

      подпункт 15) изложить в следующей редакции:

      "15) использовать административные данные, альтернативные данные для производства официальной статистической информации и актуализации статистических регистров;";

      подпункт 18) изложить в следующей редакции:

      "18) обеспечивать хранение первичных статистических данных, административных данных и альтернативных данных на бумажных носителях и в электронном виде в установленные сроки;";

      дополнить подпунктом 18-1) следующего содержания:

      "18-1) обеспечивать обязательный перевод бумажных носителей, содержащих первичные статистические или административные, или альтернативные данные на электронные носители;";

      подпункты 19) и 20) изложить в следующей редакции:

      "19) во исполнение плана статистических работ утверждать график представления респондентами первичных статистических данных, график представления административных данных и график распространения официальной статистической информации;

      20) в соответствии с графиком распространения официальной статистической информации в объемах, предусмотренных планом статистических работ, обеспечивать формирование статистических публикаций и распространение официальной статистической информации, а также информации об итогах национальной переписи;";

      в подпункты 21), 22), 23) внесены изменения на казахском языке, текст на русском языке не меняется;

      дополнить подпунктами 26-1), 26-2), 26-3), 26-4) следующего содержания:

      "26-1) согласовывать структуру, содержание национальной справочной информации и их изменения;

      26-2) согласовывать формирование и изменение национальных регистров;

      26-3) согласовывать национальные классификаторы технико-экономической информации;

      26-4) согласовывать элементы национальной справочной информации;";

      подпункт 42-3) изложить в следующей редакции:

      "42-3) получать административные данные, а также документы (сведения) на бумажных и электронных носителях либо их копии для приобщения к результатам проверок и при необходимости использовать их в проведении дистанционного контроля;";

      подпункт 42-5) изложить в следующей редакции:

      "42-5) осуществлять аудио-, фото- и видеосъемку при проведении государственного контроля в отношении административных источников;";

      в подпункты 42-6), 42-8) и 42-10) внесены изменения на казахском языке, текст на русском языке не меняется;

      подпункт 46-1) изложить в следующей редакции:

      "46-1) получать на безвозмездной основе от государственных органов, относящихся к органам государственной статистики, за исключением Национального Банка Республики Казахстан, первичные статистические и административные данные, необходимые для производства официальной статистической информации, формируемой уполномоченным органом в области государственной статистики;";

      в подпункт 46-2), 46-4) и 46-5) внесены изменения на казахском языке, текст на русском языке не меняется;

      дополнить подпунктом 46-7) следующего содержания:

      "46-7) заключать соглашения с собственниками или владельцами альтернативных данных, не относящимся к административным источникам, о предоставлении альтернативных данных;";

      в пункте 15:

      дополнить подпунктом 3-1) следующего содержания:

      "3-1) согласование статистических форм для проведения ведомственных статистических наблюдений и инструкции по их заполнению;";

      подпункт 4) исключить;

      подпункты 7) и 8) изложить в следующей редакции:

      "7) обеспечение формирования плана статистических работ, графика представления респондентами первичных статистических данных, графика представления административных данных и графика распространения официальной статистической информации, на три календарных года с учетом предложений государственных органов и Национального Банка Республики Казахстан, а также на основании итогов анализа статистической деятельности в срок до 1 июля года утверждения плана статистических работ;

      8) утверждение плана статистических работ;";

      подпункт 10) изложить в следующей редакции:

      "10) обобщение и анализ первичных статистических данных и (или) полученных административных данных и (или) альтернативных данных, разработка технических заданий и формирование аналитической информации, а также распространение официальной статистической информации и (или) статистической информации;";

      подпункты 11) и 12) исключить;

      дополнить подпунктом 13-1) следующего содержания:

      "13-1) согласование перечня национальных регистров, определяемого уполномоченным органом в сфере информатизации;";

      подпункт 15) изложить в следующей редакции:

      "15) осуществление государственного контроля в области государственной статистики;";

      подпункт 21) изложить в следующей редакции:

      "21) разработка и утверждение порядка разработки и утверждения элементов национальной справочной информации;";

      в подпункты 23) внесены изменения на казахском языке, текст на русском языке не меняется;

      подпункт 26) изложить в следующей редакции:

      "26) согласование форм, предназначенных для сбора административных данных;";

      дополнить подпунктом 26-1) следующего содержания:

      "26-1) согласование методик расчета показателей на основе научных методов и подходов;";

      подпункт 29) изложить в следующей редакции:

      "29) мониторинг, анализ и сопоставление данных, полученных уполномоченным органом в области государственной статистики из официальных источников;";

      подпункт 33) изложить в следующей редакции:

      "33) разработка и утверждение порядка представления баз данных в деидентифицированном виде для использования в научной и научно-технической деятельности по согласованию с Комитетом национальной безопасности Республики Казахстан;";

      дополнить подпунктами 39-1) и 39-2) следующего содержания:

      "39-1) разработка и утверждение порядка предоставления на возмездной основе статистической информации, не предусмотренной графиком распространения официальной статистической информации и требующей дополнительных затрат на ее разработку;

      39-2) разработка и утверждение порядка предоставления на возмездной основе аналитической информации, не предусмотренной графиком распространения официальной статистической информации и требующей дополнительных затрат на ее разработку;";

      в подпункт 51) внесено изменение на казахском языке, текст на русском языке не меняется;

      дополнить подпунктом 51-1) следующего содержания:

      "51-1) разработка и утверждение порядка включения собственника или владельца продукта данных, представляемого в уполномоченный орган в области государственной статистики, в реестр поставщиков продуктов данных;";

      в подпункт 52) внесено изменение в текст на казахском языке, текст на русском языке не меняется;

      подпункты 61) и 62) изложить в следующей редакции:

      "61) обеспечение формирования, сопровождения и актуализации информационно-статистических систем, баз данных и их платформ, статистических регистров, интернет-ресурсов уполномоченного органа в области государственной статистики;

      62) обеспечение формирования статистической и аналитической информации, не предусмотренной графиком распространения официальной статистической информации;";

      в подпункт 75) внесено изменение на казахском языке, текст на русском языке;

      дополнить подпунктами 75-6) и 75-7) следующего содержания:

      "75-6) разработка требований по управлению данными совместно с уполномоченным органом по управлению данными;

      75-7) предоставление сведений, не являющихся конфиденциальными, в соответствии с пунктом 4 статьи 8 Закона;".

      2. Бюро национальной статистики Агентства по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) направление настоящего приказа на казахском и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Институт законодательства и правовой информации Республики Казахстан" Министерства юстиции Республики Казахстан для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Агентства по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего Заместителя председателя Агентства по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие со дня его подписания.

      Председатель Агентства по стратегическому
планированию и реформам Республики Казахстан
Ж. Шаймарданов