Мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 2024 жылғы 29 тамыздағы № 1 бұйрығы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.09.2024 ж. бастап қолданысқа енгізіледі

      "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 23-1 бабының 3-тармағына, Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Төрағасының 2020 жылғы 23 қазандағы № 9-нқ бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы туралы ереженің 15-тармағының 40) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Қаржы және құжаттамалық қамтамасыз ету департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы басшысының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2024 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросының басшысы
М. Турлубаев

      "Келісілді"

      Қазақстан Республикасының

      Бәсекелестікті қорғау

      және дамыту агенттігі

  Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросының
басшысы
2024 жылғы 29 тамыздағы
№ 1 бұйрығына
қосымша

Мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағалары

Көрсетілетін қызметтің атауы

Өлшем бірлігі

ҚҚС-ны қоспағандағы баға, теңге

Республикалық деңгей

Өңірлік деңгей

1

2

3

4

5

1

Жалпы мемлекеттік статистикалық байқаулар және ұлттық санақтар кезінде алынған, аумақтық статистика органдары мен респонденттер ұсынған алғашқы статистикалық деректерді жинау, өңдеу және оларды электрондық түрде сақтау

адам/сағат

1 447

787

2

Ақпараттық-статистикалық жүйелерді, дерекқорларды және олардың тұғырнамаларын, статистика тіркелімдерін, уәкілетті органның интернет-ресурсын қалыптастыру және өзектілендіру

адам/сағат

3 564

-

3

Уәкілетті органның ақпараттық-статистикалық жүйелерін, статистика тіркелімдерін сүйемелдеу

адам/сағат

3 859

-

4

Уәкілетті органның дерекқорларын және ақпараттық-статистикалық жүйелерінің тұғырнамаларын, интернет-ресурсын сүйемелдеу және өзектілендіру

адам/сағат

3 808

763

5

Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген статистикалық ақпаратты қалыптастыру

адам/сағат

1 376

      Ескертпе:

      Бағаларды бөлу қызметтердің көлеміне, сипаты мен мазмұнына қарай республикалық деңгейге - "Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Ақпараттық-есептеу орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының (бұлан әрі – "АЕО" РМК) Орталық аппараты, Алматы қаласындағы "АЕО" РМК-ның филиалы көрсететін қызметтерге және өңірлік деңгейде - 14 облыс, Астана және Алматы қалалары бойынша "АЕО" РМК-ның филиалдары көрсететін қызметтерге жүргізіледі.

      "Ақпараттық-статистикалық жүйелерді, дерекқорларды және олардың тұғырнамаларын, статистика тіркелімдерін, уәкілетті органның интернет-ресурсын қалыптастыру және өзектілендіру" және "Уәкілетті органның ақпараттық-статистикалық жүйелерін, статистика тіркелімдерін сүйемелдеу" қызметтерін Орталық аппарат және Алматы қаласындағы "АЕО" РМК-ның филиалы көрсетеді.

Об утверждении цен на товары (работы, услуги), производимые и (или) реализуемые субъектом государственной монополии в области государственной статистики

Приказ Руководителя Бюро национальной статистики Агентства по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан от 29 августа 2024 года № 1

      Примечание ИЗПИ!
Вводится в действие c 01.09.2024.

      В соответствии с пунктом 3 статьи 23-1 Закона Республики Казахстан "О государственной статистике", с подпунктом 40) пункта 15 Положения о Бюро национальной статистики Агентства по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан, утвержденного приказом Председателя Агентства по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан от 23 октября 2020 года № 9-нқ, ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить цены на товары (работы, услуги), производимые и (или) реализуемые субъектом государственной монополии в области государственной статистики согласно приложению к настоящему приказу.

      2. Департаменту финансов и документационного обеспечения Бюро национальной статистики Агентства по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) направление настоящего приказа в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Институт законодательства и правовой информации Республики Казахстан" для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Бюро национальной статистики Агентства по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего заместителя руководителя Бюро национальной статистики Агентства по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие c 1 сентября 2024 года и подлежит официальному опубликованию.

      Руководитель Бюро национальной статистики
Агентства по стратегическому планированию и
реформам Республики Казахстан
М. Турлубаев

      "Согласован"
Агентство по защите
и развитию конкуренции
Республики Казахстан

  Приложение к приказу
Руководитель Бюро
национальной статистики
Агентства по стратегическому
планированию и реформам
Республики Казахстан
от 29 августа 2024 года № 1

Цены на товары (работы, услуги), производимые и (или) реализуемые субъектом государственной монополии в области государственной статистики

№ п/п

Наименование услуги

Единица измерения

Цена без учета НДС, тенге

Республиканский уровень

Региональный уровень

1

2

3

4

5

1

Сбор, обработка первичных статистических данных, представленных территориальными органами статистики и респондентами, полученных при общегосударственных статистических наблюдениях и национальных переписях, и их хранение в электронном виде

человеко/час

1 447

787

2

Формирование и актуализация информационно-статистических систем, баз данных и их платформ, регистров статистики, интернет-ресурса уполномоченного органа

человеко/час

3 564

-

3

Сопровождение информационно-статистических систем, регистров статистики уполномоченного органа

человеко/час

3 859

-

4

Сопровождение и актуализация платформ баз данных и информационно-статистических систем, интернет-ресурса уполномоченного органа

человеко/час

3 808

763

5

Формирование статистической информации, не предусмотренной графиком распространения официальной статистической информации

человеко/час

1 376

      Примечание:

      Разделение цен произведено в зависимости от объема, характера и содержания услуг на республиканский уровень - услуги, оказываемые Центральным аппаратом Республиканского государственного предприятия на праве хозяйственного ведения "Информационно-вычислительный центр Бюро национальной статистики Агентства по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан" (далее – РГП "ИВЦ"), филиалом РГП "ИВЦ" в городе Алматы, и региональный уровень - услуги, оказываемые филиалами РГП "ИВЦ" по 14 областям, по городам Астана и Алматы.

      Услуги "Формирование и актуализация информационно-статистических систем, баз данных и их платформ, регистров статистики, интернет-ресурса уполномоченного органа" и "Сопровождение информационно-статистических систем, регистров статистики уполномоченного органа" оказывает Центральный аппарат и филиал РГП "ИВЦ" в городе Алматы.