БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының аумақтық бөлімшелері туралы ережелерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы басшысының 2022 жылғы 19 тамыздағы № 102 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19 және 20-қосымшаларда:
мынадай мазмұндағы 9-1), 9-2), 9-3), 9-4), 9-5), 9-6), 9-7), 9-8), 9-9), 9-10), 9-11), 9-12), 9-13) және 9-14) тармақшалармен толықтырылсын:
"9-1) ) әкімшілік дереккөздерге қатысты мемлекеттік бақылауды жүргізуге деректерді бақылаушыларды, сондай-ақ мемлекеттік органдардың және олардың ведомстволық бағынысты ұйымдарының өзге де мамандарын, консультанттарын және сарапшыларын тарту;
9-2) рұқсаттамалық және объектішілік режимнің белгіленген талаптарын сақтай отырып, әкімшілік дереккөздің аумағына және үй-жайларына кедергісіз кіру;
9-3) тексеру нәтижелеріне қоса тіркеу үшін қағаз және электрондық жеткізгіштердегі құжаттарды (мәліметтерді) не олардың көшірмелерін алуға және қажет болған кезде оларды қашықтан бақылау жүргізуде пайдалану;
9-4) Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар және заңмен қорғалатын өзге де құпиялар туралы заңнамасында көзделген талаптарды сақтай отырып, тексерудің нысанасына сәйкес автоматтандырылған дерекқорларға (ақпараттық жүйелерге) қолжетімділікті алу;
9-5) әкімшілік дереккөздерге қатысты мемлекеттік бақылауды жүргізу кезінде аудио-, фото- және бейнетүсiрiлiмді жүзеге асыру;
9-6) "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 12-1-бабында көзделген әкімшілік дереккөздің міндеттемелерін орындаудан бас тарту фактілерін бейнетүсірілімге тіркеп-белгілеу;
9-7) Қазақстан Республикасының заңнамасын, әкімшілік дереккөздердің құқықтары мен заңды мүдделерін сақтау;
9-8) Заңның 12-1-бабымен белгіленген тәртіп негізінде және оған қатаң сәйкестікте қашықтан бақылау және тексерулер жүргізу;
9-9) тексерулер жүргізу кезеңінде әкімшілік дереккөздің белгіленген жұмыс режиміне кедергі жасамау;
9-10) тексерулер жүргізу кезінде әкімшілік дереккөз басшысының немесе басшысы міндетін атқарушы адамның қатысуына кедергі жасамау, тексерулер нысанасына қатысты мәселелер бойынша түсіндірмелер беру;
9-11) әкімшілік дереккөзге тексерудің нысанасына жататын қажетті ақпаратты беру;
9-12) әкімшілік дереккөзге тексеру нәтижелері туралы қорытындыны немесе қашықтан бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы қорытындыны табыс ету;
9-13) қашықтан бақылау және тексеру жүргізу нәтижесінде алынған құжаттар мен мәліметтердің сақталуын және құпиялылығын қамтамасыз ету;
9-14) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес берілген Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптардың бұзылуының алдын алу, анықтау және жолын кесу жөніндегі өкілеттіктерді уақтылы және толық көлемде орындау;";
10) тармақша алып тасталсын;
12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"12) респонденттерден және үй шаруашылықтарынан қағаз жеткізгіштерде алынған бастапқы статистикалық деректерді тиісті ақпараттық жүйеге енгізуді жүзеге асыру;";
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"7) мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік бақылауды респонденттерге қатысты респонденттерге бармай, әкімшілік дереккөздерге қатысты қашықтан бақылау, мерзімдік және жоспардан тыс тексеру нысанында жүзеге асыру;";
мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:
"7-1) әкімшілік дереккөздерге қатысты мерзімдік тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларына енгізу үшін әкімшілік дереккөздердің жартыжылдық тізімдерін қалыптастыру;".
2. Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Заң департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының Интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының аумақтық бөлімшелері осы бұйрықтан туындайтын қажетті шараларды белгіленген мерзімдерде қабылдасын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының басшысы |
М. Тұрлыбаев |