Павлодар қаласының және Павлодар қаласы елді мекендерінің аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы

Павлодар облысы Павлодар қаласы әкімінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 18 қарашадағы № 9 шешімі

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Азаматтық қорғау туралы" Заңының 48-бабына және 50-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 10 мамырдағы "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" № 240 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32469 болып тіркелген) сәйкес, Павлодар қаласының төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссиясының кезектен тыс отырысының 2024 жылғы 18 қарашадағы № 7 хаттамасы негізінде Павлодар қаласы әкімінің міндетін атқарушы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Павлодар қаласының, Павлодар қаласы Атамекен кентінің, Жетекші, Павлодар ауылдарының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.

      2. Жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жою басшысы болып Павлодар қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасары тағайындалсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Павлодар қаласы әкімінің міндетін атқарушы А. Аманов

Об объявлении чрезвычайной ситуации природного характера местного масштаба на территории города Павлодара и населенных пунктов города Павлодара

Решение исполняющего обязанности акима города Павлодара Павлодарской области от 18 ноября 2024 года № 9

      В соответствии с подпунктом 13) пункта 1 статьи 33 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", статьей 48 и подпунктом 2) пункта 2 статьи 50 Закона Республики Казахстан "О гражданской защите", приказом исполняющего обязанности Министра по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан от 10 мая 2023 года № 240 "Об установлении классификации чрезвычайных ситуаций природного и техногенного характера" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 32469), на основании протокола внеочередного заседания комиссии по предупреждению и ликвидации чрезвычайных ситуаций города Павлодара от 18 ноября 2024 года № 7 исполняющий обязанности акима города Павлодара РЕШИЛ:

      1. Объявить чрезвычайную ситуацию природного характера местного масштаба на территории города Павлодара, поселка Атамекен, сел Жетекши, Павлодарское города Павлодара.

      2. Руководителем ликвидации чрезвычайной ситуации природного характера местного масштаба назначить курирующего заместителя акима города Павлодара.

      3. Контроль за исполнением настоящего решения оставляю за собой.

      4. Настоящее решение вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Исполняющий обязанности акима города Павлодара А. Аманов