Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Азаматтық қорғау туралы" Заңының 48-бабына, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің м.а. 2023 жылғы 10 мамырдағы "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" № 240 бұйрығына сәйкес, Екібастұз қаласының төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі қалалық комиссиясы кезектен тыс отырысының 2024 жылғы 28 маусымдағы №8 хаттамасы негізінде, ШЕШТІМ:
1. "Energy Solutions Center" ЖШС-де орын алған авариялық жағдайға байланысты Екібастұз қаласында объектілік ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай режимі жариялансын.
2. Төтенше жағдайды жою басшысы болып "Energy Solutions Center" ЖШС-ның бас директоры Айдарбек Тансыкович Кыстаубаев тағайындалсын (келісім бойынша).
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Екібастұз қаласының әкімі | А. Бейсекин |