Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Екібастұз қаласы Екібастұз ауылдық округі әкімінің м.а. 24.06.2024 № 1-05-4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабы 7-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Екібастұз қалалық аумақтық инспекциясы бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2024 жылғы 23 сәуірдегі № 1-10/62 ұсынысы негізінде, Екібастұз ауылдық округі әкімінің м.а. ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мүйізді ірі қара малының арасында бруцеллез ауруының анықталуына байланысты, Екібастұз қаласы Екібастұз ауылдық округінің Төртүй ауылындағы жеке тұлға Бейсен Сембинович Сембиннің, Естай көшесі, 14 үйдің ауласына карантин белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Екібастұз ауылдық округі әкімінің м.а. | С. Арынова |