Карантинды алып тастау және Екібастұз қаласы Екібастұз ауылдық округі әкімінің 2024 жылғы 25 сәуірдегі "Екібастұз қаласы Екібастұз ауылдық округі Төртүй ауылындағы жеке тұлға Бейсен Сембинович Сембин, Естай көшесі, 14 үйдің ауласына карантинды белгілеу туралы" № 1-05-2 шешімінің күші жойылсын

Жаңа

Павлодар облысы Екібастұз қаласы Екібастұз ауылдық округі әкімінің м.а. 2024 жылғы 24 маусымдағы № 1-05-4 шешімі

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабы 8-тармағына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 09 ақпандағы "Шектеу іс шаралары мен карантинді белгілеу немесе алып тастау қағидаларын бекіту туралы" №7-1/86 бұйрығына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Екібастұз қалалық аумақтық инспекциясы бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2024 жылғы 17 маусымдағы № 1-10/90 ұсынысы негізінде, Екібастұз ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ірі қара малдың арасында бруцуллез ауруын жою жөніндегі ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар кешенінің жүргізілуіне байланысты, азамат Бейсен Сембинович Сембиннің Екібастұз қаласы Екібастұз ауылдық округі Төртүй ауылы, Естай көшесі, 14-үй жеке ауласының аумағына белгіленген карантин алынып тасталсын.

      2. Екібастұз қаласы Екібастұз ауылдық округі әкімінің 2024 жылғы 25 сәуірдегі "Екібастұз қаласы Екібастұз ауылдық округі Төртүй ауылындағы жеке тұлға Бейсен Сембинович Сембин, Естай көшесі, 14 үйдің ауласына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" № 1-05-2 шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Екібастұз ауылдық округінің әкімінің м.а. С. Арынова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады