Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33 бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Азаматтық қорғау туралы" Заңына және Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы, 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Павлодар облысы Ақтоғай ауданы әкімдігінің жанындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссия отырысының 2024 жылдың 6 сәуірдегі № 5 хаттамасы негізінде, Ақтоғай ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Павлодар облысы Ақтоғай ауданы әкімінің "Павлодар облысы Ақтоғай ауданының Жалаулы ауылдық округінің Жалаулы ауылы аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы" 2024 жылдың 2 сәурдегі № 2р (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 195141 болып тіркелген) шешімінің күші жойылған деп танылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Қ. Арынов |